Агроэкология негізіне кіріспе


ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ



бет17/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Агроэкология лек. (1)

ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Тыңайтқыштар деп құрамында мәдени өсімдіктерге қажетті қоректік элементтері бар минералды,органикалық және биологиялық заттарды айтады. Оларды минералды, органикалық және бактериялы деп бөледі.

Минералды тыңайтқыштар. Минералды тыңайтқыштарда қоректік заттар минералдық тұздар түрінде болады. Фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар химия өнеркәсібінде табиғи қазбаларды өңдеу арқылы алынады, ал азотты тыңайтқыштардың өңделуі негізінен ауа азотының сутегімен әрекеттесуінен аммиактың түзілуіне негізделген.

Барлық минералды тыңайтқыштиарды шартты түрде тікелей және жанама әсер етушілер деп бөледі. Алғашқысында қоректік заттар болады, ал кейінгісі топырақтың қасиетін өзгертіп, өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсартады, /әк, ғаныш/.сонымен бірге тікелей әсер ететін тыңайтқыштар, мысалы, аммиак селитрасы, суперфосфат жанам әсер етеді: топырақты қышқылдандырады, ал фосфорит ұны топырақты бейтараптандырады. Әк, ғаныш топырақ реакциясын өзгертумен қатар өсімдікті маңызды қоректік элемент – кальциймен қамтамасыз етеді.

Химилық құрамы бойынша тыңайтқыштар қарапайым /бір ғана қоректік элементі бар/ және кешенді /2-3 элементі бар/болады.

Азотты тыңайтқыштар.азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты тыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті болып бөлінеді.

Нитратты тыңайтқыштарда азот нитратты түрде болады. Негізгі өкілдері натрий және кальций селитралары. Натрий селитрасында 16%азот бар.



Фосфорлы тыңайтқыштар. Бұлар үш топқа бөлінеді: фосфоры суда ерігіш түрде болатын тыңайтқыштар (жай және қос суперфосфат), фосфоры суда ерімейтін және әлсіз қышқылдарда нашар еритін тыңайтқыштар (преципитат, томасшлак, фторсыз және т.б.). фосфор аталған тыңайтқыштарда өсімдікке сіңімді түрде болады.

Суперфосфат жай және қос болады.Жай суперфосфатта 14-20%, ал қосында 42-49% фосфор бар. Негізінен түйіршікті суперфосфат шығарылады.



Калийлі тыңайтқыштары тұзда (силвинит, каинит) және суда еритін жоғары концентратты (хлорлв калий және 40% калий тұзы) түрде шығарылады. Бір бөлігі (15%-дейін) кешенді тыңайтқыш түрінде шығарылады.

Кешенді тыңайтқыштар. Қоректік заттардың бірнешеуі (2 немесе 3) болады. Оларды үш т опқа бөледі: араластырылған немесе қоспа (тыңайтқыштар механикалық жолымен араласқан), күрделі (бір қосылыста бірнеше қоректік заттары бар), құрама (түйіршіктерде 2-3 қоректік заттар бар). Бұлардан басқа сұйықтық және суспензияланған қойыртпаланған тасымалдау,, сақтау, қолдану шығынын азайтады.

Араластырылған (қоспа) тыңайтқыштар. Араластырылған тыңайтқыштардың мыңызы ауылшаруашылық дақылдарын қарқынды технологиямен өсіргенде арта түседі. Қоспаны сақтаған кезде физикалық қасиеттері (кесектеліп қалуы, дымқылдануы нашарлайтындықтан, оларды топыраққа енгізілер алдында дайындайды.

Күрделі тыңайтқыштарға аммофос, диаммофос, калий селитрасы және т.б. жатады.



Құрама тыңайтқыштар. Бұлардан кең тарағанға нитрофоска, нитрофос, нитроаммофоска және т.б. жатады.

Нитрофоскада үш қоректік элемент (азот, фосфор, калий) бар,

Нитрофоста екі элемент-азот пен фосфор 20%-дан болады.

Нитроаммосфада 17,5% азот, 52% -дан фосфор мен калий бар.



Органикалық тыңайтқыштар Көң- барлық қоректік заттар, оның ішінде микроэлементтер де бар, негізгі және ең тиімді органикалық тыңайтқыштар. Оны жүйелі түрде енгізгенде топырақтың физикалық-химиялық (сіңіру сыйымдылығы артады, қышқылдығы төмендейді, ауысу катиондарының құрамы жақсарады және т.б.)және биологиялық қасиеттері жақсарады.

Көң садрасында орташа есеппен 0,25% азот, 0,5% калий, 0,01% фосфор болады. Ірі қара малдан қорада тұрған кезде 2т дейін садра жиналады.

Құс саңғыры-бағалы, тез әсер ететін тыңайтқыш. Макроэлементермен бірге де (марганец, кобальт, мыс) болады. Негізгі тыңайтқыш ретінде отамалы дақылдар плантациясына енгізеді.

Әктес және гипс енгізу.Қышқыл топырақта әктас енгізу. Өсімдіктің әр түріне өсуі және дамуы үшін топырақ ортасының ең қолайлы, топырақтың реакциясы бейтарап, 7-ден кем болса, қышқыл, ал 7-ден жоғары болса, кебірлік тән болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет