Агроэкология негіздері пәнінің негізгі міндеттерінің бірі –аграрлық колледж студенттеріне ауыл шаруашылығы дақылдарын қарқынды өсіру технологияларын жасап, өндірісте қолдануды үйрету болып табылады, ал ол мынадай элементтерден (агрошаралардан) тұрады: дақылдың ауыспалы егістегі орны, топырақ өңдеу жүйесі, тыңайтқыш қолдану, тұқымды себуге (отырғызуға) дайындау, себу жұмыстары (мерзімі, мөлшері, тәсілі, тұқымның топыраққа сіңіру тереңдігі), егістікті күтіп-баптау және жинау.
Агроэкология – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатымен адам үнемі реттеп отыратын жасанды (тұрақсыз жүйе. Табиғи биоценоздардан .агроэкология – тірі организмдердің әр түрлілігі күрт төмендеген түрлер жасанды сұрыптау арқылы ретте-луімен ерекшеленеді. Бұлардың табиғи экожүйемен салыстырғанда биол. өнімділігі жоғары болады. Дақылдардан мол өнім алу үшін а. ш-н механикаландыруды ұлғайтып, минералды тыңайтқыштар, пестицидтерді көп пайдалану, жиі суғару қажет. Мұндай жағдайдан кейін а. ш. өндірісі қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді. Агроэкологияге адамның шаруашылық іс-әрекетінің жағымсыз әсерін азайту үшін агротехниканың табиғат қорғай-тын шараларын қолданған жөн. Бұл топырақ жамылғысындағы қоректік заттардың тепе-теңдігін, жайылымның өнімділігін, биол. алуан түрліліктің біршама жоғары болуын, т.б. сақтайтын тұрақты экожүйе құруға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, А-ні жердің жалпы табиғи ландшафтының құрамды бөлігіне айналдырады.
Агроэкология негіздері пәні физика, химия, биотехнология, энтомология, фитопатология, механизация, экономика, менеджмент, маркетинг және басқа көптеген пәндермен тығыз байланысты.
Агроэкология негіздері пәні оқып-үйрену үшін жоғары оқу орындарының экология мамандықтарына арналған «Агроэкология» типтік бағдарламасына сәйкес.
Агроэкологияның жалпы сұрақтары ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тіршілік жағдайларын, агрометеоролиялық және топырақтану негіздерін, тыңайтқыш жүйесін, арамшөптер, зиянкестер, аурулар және оларға қарсы күрес шараларын, ауыспалы егістер мен топырақ өңдеу, тұқымтану негіздерін, т.б. қамтиды.
Нақты өсімдік шаруашылығы білімін оқып-үйрену ыңғайлы болу үшін ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнімді пайдалану сипатына қарай төмендегідей топтарға жіктеу ұсыналыда: дәнді дақылдар, дәнді бұршақ дақылдары, тамыр-түйнек жемістер, бақшалық, майлы дақылдар, мал азықтық шөптер мен аз тараған мал азықтық өсімдіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |