ТҰҚЫМ ЖӘНЕ ОНЫ ЕГІСТІКТЕ ПАЙДАЛАНУ
Тұқымтану негіздері.Ауылшаруашылық өндірісінде тұқым деп жоғары сапалы мол өнім алуға арналған әр түрлі тұқымдық жадығат (материал) айтылады, ол үшін мыналар пайдалылады:
-нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат және зығыр тұқымдастар, мақта өсімдігі):
-жалаңаш және қабықты жемістер (қоңысбастар тұқымдасының дәндері – бидай, арпа, сұлы т.б.: күнбағыс шекілдеуігі, қарақұмық жаңғақшасы, т.б.);
- жеміс шоғыры (қызылша домалағы т.б.);
-түйнектер (картоп, жер алмұрты).
Тұқымдар өсімдіктердің биологиялық және шаруалық құнды қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.
Тұқым өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы-олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын т ұтас тұқымдық қасиеттері: сорттың сапасы сорттық тазалығына, репродукциясына қойылатын талаптарға сәйкес келеді; өнімділік сапасы-нақты жағдайларда белгілі мөлшерде өнім беру қабелеті.
Тұқымның себу сапасы. Ауылшаруашық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін танаптарды жоғары сапалы тұқымдармен сепкен абзал. Өкінішке орай, Қазақстанда соңғы жылдары бұл мәселеге көңіл аз бөлінеді.
Тұқымның өнгіштігі. Бұл – егістік жадығаттың себуге жарамдылығын анықтайтын басты көрсеткіш. Тұқымның өнгіштігі деп талдауға алынған үлгідегі қалыпты өскендердің (өркендердің) пайыз (%) мөлшерін атайды.
Тұқымның ылғалдылығы – сақтау мүмкіндігін анықтайтын тұқым сапасының басты көрсеткіштерініғ бірі. Жоғары ылғалдылықта тұқымның тыныс алуы күшейеді, температурасы жоғарылайды, соның салдарынан тұқым өздігінен қызады да өнгіштігін жоғалтады.
Тұқымның тіршілікке қабілеті егістік жадығаттағы тірі тұқымның пайызбен алынған шамасын сипаттайды. Тұқымның тіршілкке қабілетін мына жағдайларда анықтайды: тұқым сапасын шұғыл түрде анықтау қажет болғанда және тұқымның төмен өнгіштігінің себептерін анықтағанда жүргізіледі. Бұл көрсеткішті жаңа жинап алынған күздік дәнді дақылдардың тұқым сапасы бағаланғанда жиі қолданылады. Өйткені жинап алынғаннан кейін пісіп –жетілуден өтпеген тұқымды егістікке пайдалану қажеттілігі туындайды.
Тұқымның өму күші (қуаты) – тұқым өскіндерінің белгілі бір құм немесе топырақ қабатын жарып шығу мүмкіншілігімен және жасыл өскіндердің массасымен сипатталады. Тұқымның өсу күші 10 тәулік дегенде беткі қабатқа шыққан сау өскіндердің саны мен жасыл өскіндердің 100 өскінге есептегендегі массасымен өлшенеді.
Себу тереңдегң. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, әрі сапалы өнім алуда егістікке тұқымның сіңіру тереңдігі үлкен рөл атқарады. Ол көптеген факторларға байланысты өзгереді: тұқымның ірілігіне, дақыл мен оның сортына, топырақ-климат жағдайлары, т.б. қарастырылып отырған аймақта дәнді дақылдардың көпшілігі 6-8 см тереңдікке, ал арыш, жоңышқа, еркекшөп, т.б. сияқты ұсақ тұқым дақылдар мен топырақ бетіне тұқым жарнақтарын алып шағатын дақылдар (майбұршақ, бадана, т.б.) 2-4 см топырақ қабатына сіңіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |