Агроэкология негізіне кіріспе


АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ



бет18/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Агроэкология лек. (1)

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ

ЗИЯНКЕСТЕРІ

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестернің түрлері. Келтіретін зияны. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлері өте көп және алуан түрлі. Оларға омыртқалы ағзалар (нематодалар, кенелер, насекомдармоллюскалар); омыртқалы жануарлар (зиянды кеміргіштер) жатады. Зиянкестердің арасында ең көбі насекомдар (1 млн-ға жуық), содан кейінгі кенелер (1215 мың), немотодалар (10 мыңнан астам түрлері белгілі.)

Насекомдар зерттейтін ғылымды энтомология деп атайды. Насекомдар және басқак зиянкестеп өсімдіктердің зақымдау типі насекомдардың ауыз аппараттарының құрылысына, даму фазасфна және өсімдіктің түріне байланысты болады. Жапырақтың зақымдану типтеріне; өрескел желінуі (шегіртке, қырыққабат ақ көбелегенің жұлдызқұрты); тестік жасап жейтін қоңыр көбелектің жұлдызқұрты; жапырақ жегілер әшекейлеп жейтін түйнек бізтұмсық; қанқалап жейтін қырыққабат көбелегінің жұлдызқұрты; мина жасап жейтін қызылша шыбынның личинкасы жатады. Одан басқа зақымдану типі бір жапарықты түсінің өзгеруі: өсімдіктердің шырынын сорған кезде жапырақ бетіне қоңыр сары, қызғылт, күміс түсті дақ пайда болады.

Насекомдар сорған кезде солардың сілекейінің әсерінен жапырақ ширатылады (деформацияланады).

Қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары өсімдіктің сабағын сырттан кеміріп зақымдайды.

Шөптектес өсімдіктердің сабағының ішін кеулеп жол салып зақымдайтын жүгері көбелегенің жұлдызқұрттары бар. Одан басқа зақымдау типтрері: генеративті мүшелерін зақымдау, жемісті миналау, масақтың толық немес жартылай ағару. Өсі-даму кезіндегі пайда болатын личинкалармен құртардың қоректену үшін даярлық жасап зақымдау да кездеседі.



Агротехникалық күрес шаралары. Агротехниклық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы жағдай жасап, ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай туғызады. Өсімдіктерді қорғайтын шаралардың ішінде өте маңыздылары: ауыспалы егістер, топырақ өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен күресу, егінді себу жән жинау тәсілі мен мерзімі.

Биологиялық күрес шаралары. Зиянкестер, аурулармен күресуде зиянкестердің табиғи жауларына: жыртқыш паразиттік тіршілік ететін насекомдар мен кенелер, нематодтар мен қарапайым жәндіктердің түрлері, сүтқоректілер мен құстар ауру тудыратын бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар жатады.

Генетикалық күрес шаралары. Өсімдік қорғаудың генетикалық немесе автоцидтік тәсілі зиянды ағза популяциясына сол түрдің тіршілікке қабілеттігі жоқ немесе бедеу особьтарының қатарына енгізуге бағытталған. Генетикалық шаралардың әр түрлі тәсілдері бар: химиялық заттармен және сәулемен залалсыздандыру, цитоплазмалық сыйыспаушылықты пайдалану, диапаузасы болмайтын популяцияларды алу.

Химиялық күрес шаралары. Химиялық препараттардың тиімділігі өте жоғары, оларды инсектицидтер деп атайды. Химиялық жолдың артықшылығы көбейіп кеткен зиянкестерді жоюға болады. Химиялық күрестің кемшіліктері де аз емес. Олар тек зиянкестерге ғана емес,, сонымен қатар пайдалы ағзаларға, жануарлар мен адамға улы болады.

Механикалық күрес шаралары. Бұл күрес көп қол еңбегін қажет етеді. Қызылшаның біз тұмсығын күресу үшін танаптардың шеттеріне ор қазады. Орға түскен зиякестерді инсектицидтармен құртады. Алма жемісінің жұлдызқұрттарын ұстағыш белбеумен ұстайды.

Физикалық күрес шаралары. Негізінен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кезінде қолданады. Мысалы, қыстап шығатын дәнек қоңызын құрту үшін сақтау қоймадағы бұршақ тұқымын 100-110С дейін салқындатады. Кейде дәнді тазарту үшін оны электр тогының жоғарғы жиілігімен немесе басқа тәсілімен қыздырады. Зиянкестерді құрту үшін астықты және одан жасалған өнімдерді кептіреді.

Өсімдік карантині. Өсімдік зиянкестерін біздің елге әкелуін және еніп кетуінен қорғауға, ал карантиндік зиянкестер тарап кеткенде оларды жоюға бағытталған шаралар жүйесін іске асыру карантиннің міндетіне жатады. Карантин сыртқы және ішкі болып екіге бөлінді.

Интегралды күрес шаралары. Интегралды күрес химиялық, биологиялық, агротехникалық, физикалық және басқа шараларды үйлестіріп қолдануды көздейді.

Өйткені қазіргі жағдайда жеке бір шаралар арқылы зиянкестепрмен күресу тиімсіз.

Көпқоректі зиянкестер. Бұл топқа шегіртке, шілдеділк және бұзаубас тұқымдастарының өкілдері, шыртылдақ қара денелі қоңыздардың өкілдері, тақта мұртты қоңыздардың түрлері, қабыршақ қанаттылары, кеміргіш көбелектердің өкілділері, қан көбелегі тұқымдастарының түрлері, т.б. жатады.

Бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері. Олардың ішінде ең зияндылары: бұршақ бітесі, түйнек бізтұмсығы, жоңышқа жапырағының зер қоңызы, жоңышқаның сүген қоңызы,жоңышқа жуанаяқтасы, жоңышқа қандаласы, гүл құмыты.

Техникалық және майлы дақылдардың зиянкестері. Қызылшаның зиянкестері: қызылшаның жапырақ бітесі, қызылшаның тамыр бітесі, қызылша кандаласы, қызылша бізтұмсығы, шығыс қызылша бізтұмсығы, қызылшаның сұо бізтұмсығы, қызылшаның сабақ жемірі, т.б. күнбағыстың зиянкестері: күнбағыс көбелегі, күнбағыс сүгені, рапс және қыша зиянкестері: шығыс қыша жемірі, рапс жапырақ жемірі рапс егеушісі.

Көкініс және картоп дақылдарының зиянкестері. Ең кең тараған зиянкестері: қырқабат биті, крестгүлділер қандалалары, крестгүлдідер бүргілері, қырқабаттың қоңыр көбелегі, көктемгі қырыққабаттың шыбыны, жазғы қырыққабат шыбыны, пияздың шыбыны, пияздың ызылдық шыбыны, пияздың құпия тұмсықтысы, пияз бен сарымсақтың сабақ нематодасы, картоптың нематодасы, т.б.



Жылыжайда өсірілетін көкөніс дақылдарының зиянкестері: бітелер, жылыжай ақ қанаты, темекі трипсі, кәдімгі өрмекші кене, беріш нематодалары.

Жеміс және жидек дақылдарының зиянкестері: жапырақ бітелері, алмұрттың жапырақ бүргесі, алманың үтір тәрізді қалқаншалы сымыры, қарағанның жалған қалқаншалы сымыры, калифорниялық қалқанша сымыр, жасыл цикада, бақтың өрмекші кенесі, алма күйесі, долана көбелегі, жұпсыз көбелек, шаңқан көбелек, раушан жапырақ ширатқышы, құндақты күйе көбеле, алма жемірі, алхоры жемірі, шие бізтұмсығы шиенің шырышты егеушісі, бүлдіргеннің жапырақ жемірі бүлдірген бізтұмсығы, қарақаттың мөлдір қанатты көбелегі, қарлығаның қан көбелегі, қарлығаның сары егеушісі, бітелері, қарақатың бүршік кенесі, кәдімгі өрмекші кене.

Астық және басқа ауылшаруашылық өнімдері қорының зиянкестері. Қамба тұмсығы, ұн қоңызы, кіші ұн қоңызы, шоқпеар мұртты ұн қоңызы, сүрінам ұн жемірі, тері жемірі, ұры қоңыз, астық тескіш, камба күйесі, оңтүстік ұн кенесі, ұзынша кене, кәдімгі түсті кене.

Зиянкес кеміргіштердің негізгі түрлері. Кіші саршұнақ, қызыл ұртты саршұнақ, зорман немесе балпақ, қаптесер (үй тышқаны), дала тышқаны, кәдімгі тоқалтіс, дала тоқалтісі, табанды тоқалтіс, дала алақоржыны, соқыртышқан, қамба егеуқұйрығы, аламан, эверсман атжалманы, сұр атжалман, үлкен құмтышқан, қызылқұйрық құмтышқан.

Өсімдік ауруларының негізгі түрлері. Өсімдіктердің ауруларын және олармен күресу шараларын зерттейтін ғылымды фитопотология деп атайды. Өсімдік ауруларынң пайда болу себептеріне қарай жұқпалы және жұқпалы емес түрлерге бөлінеді. Сыртқы белгілері бойынша ауруларды бірнешетоптарға бөледі: дақтылық, өңезділік, пішіннің бұзылуы, шорлануы, шайырлануы, ойық жара, шіру, мумиялану, солуы мүшелерінің бұзылуы.

Түтікті бактериоз. Барлық жерлерде тараған. Өсімдіктің түтікшелерін зақымдайды, жапырақтарының шеттері, сарғаяды да, оларды ұсақ қара торлы жөлкелер пайда болады.

Фомоз. Қырыққабат тамыры мен сабағының барлық жерлерде кездесетін құрғақ шірігі. Ауруға шалдыққан өсімдіктер өспей қалады, жапырақтарының түсі күлгінденеді, сосын сарғаяды. Қара дақтар пайда болады. Тамыр мойны шіриді, өсімдік өліп қалады. Ауру топырақ, тұқымы арқылы және биттерден жұғады.

Қырыққабаттылар бүргесі. Барлық жерде кездесетін ұсақ секіргіш қоңызшалар. Ересек қоңыз түрінде топырақтың жоғарғы қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, қыстап шығады. Сәуірдің аяғында оянып, алғашқы арамшөптермен қоректенеді де, кейін қырыққабатқа ауысады. Аналығы жұмыртқасын топыраққа салады, личинкалары тамыршаларын қоректенеді де, сосын қуыршақтанады. Екінші ұрпағы маусымның аяғында пайда болады, бірақ ересек өсімдіктерге елеулі зиян келтіре қоймайды.

Қырыққабат күйесі. Барлық жерде кездеседі. Қанатын жайғанда 14-17 мм болатын кішкентк\ай көбелек. Жұмыртақсын жапырақтың астыңғы бетіне салады. Бір аналық 100 жұмыртқаға дейін салады. 7-10 тәуліктен соң жұмыртқадан құрт пайда болады. Алдымен олар жапырақтың жұмсағын тесір кіреді де, одан да қысқа жолдар жасайды. Сосын 2-3 тәуліктен соң сыртқа шығып, мәйегін жеп, эпидермисін қалдырады.

Қырыққабат биті. Кең тараған зиянкес. Өзекте және басқа да қалдықтарда жұмырт қа күйінде қыстайды. Көктемде жұмыртқадан личинкалар туады да, арамшөптермен және қырыққабаттың тұқымдарымен қоректенеді. Биттер жапырақтың астыңғы бетіне орналасады және шырынын сорады.

Қызылша бүргесі. Ұзындығы 3-4 см қоңыз. Өызылшаға алғашқы өсу кезеңінде үлкен зиян келтіреді, жапырақты кеміріп, ұсақ дөңгелек тесік жасайды, сосын жапырақтар солып қалады. Ыстық және желді ауа райында бүргенің зияндылығы арта түседі.

Шие бізтұмсығы. Қазақстанның барлық аймақтарында таралған. Қоңыздар бүршіктермен, жапырақтармен, гүл түйнегімен және піспеген жемістерімен қоректенеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет