«Агрономиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж


Дәріс № 13. Тақырыбы: Бірфакторлы тәжірибелердің өнімділік мәліметтеріне дисперсиялық талдау жүргізу әдістемесі



бет35/39
Дата02.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#479499
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
4 дәріс

Дәріс № 13.
Тақырыбы: Бірфакторлы тәжірибелердің өнімділік мәліметтеріне дисперсиялық талдау жүргізу әдістемесі.
1. Бірфакторлы тәжірибелердің жүргізу әдістемесі.
Дисперсиялық талдауды өткізу жүйелігі мен әдістемесін меңгеру үшін, басында бір танаптық тәжірибе мәліметтерін өңдеу мысалында, бұл жұмысты кезеңдеп қарастыру ұсынылады, ал одан кейін өңдеуді өткізудің қысқартылған (концентрлі) түрдегі формасы берілген.
Жұмыстың бірінші кезеңі өнімділік мәліметтерінің құрама кестесін жасаудан және оларды математикалық өңдеуден басталады, оның негізгі мақсаты тәжірибе варианттары бойынша орташа өнімділікті және тәжірибенің барлық мөлдектері бойынша (М) орташа өнімділікті, сонымен бірге бұл көрсеткіштің жинақталған мәнін (А) анықтау болып табылады.
1. Кесте. «Тіршілігінің үшінші жылындағы көпжылдық шөптердің көк балауса өнімділігінің салыстырмалы өнімділігі» тәжірибесіндегі өнімділік мәліметтерін өңдеу мысалы, ц/га*

Дақылдар

Қайталымдар

Қайталымдар бойынша өнімділіктер жиынтығы

Қайталымдар бойынша
орташа өнімділік

1

2

3

4

Тарақша еркек-шөп (бақылау)

67,5

73,4

68,8

74,3

284,0

71,0

Құмдақ эспарцет

76,8

84,2

73,7

71,7

306,4

76,6

Егістік жоңышқа

75,5

68,8

71,4

66,1

281,8

70,4

Қылтықсыз арпабас

69,2

71,6

66,3

60,7

267,8

66,9

Тарлау қияқ



34,4

41,9

37,0

41,5

154,8

38,7

Орташа бидайық

39,5

40,8

48,1

43,6

172,0

43,0



362,9

380,7

365,3

357,9

∑∑
Q=1466,8

ср –366,7


Тәжірибедегі дақылдардың келесі сорттары зерттелді: еркекшөп Батыр, эспарцет Шортандинский 83, көк жоңышқа Фестивальная 85, арпабас Лиманный, қияқ Шортандинский, бидайық Дамсинский.


∑ - варианттар бойынша өнімділіктер жиынтығы, ц/га


∑∑ (Q) - қайталымдар бойынша өнімділіктер жиынтығы, ц/га
ср – қайталымдар бойынша орташа өнімділіктер жиынтығы, ц/га
М – тәжірибе бойынша орташа өнімділік, ц/га.
Учаскенің құнарлылық және басқа көрсеткіштері бойынша жақсы тегістелу жағдайында және тәжірибелерді қою мен өткізу әдістемесін ұстанғанда, қайталымдар бойынша өнімділік қатты өзгермеу керек.
Екінші кезеңде – орташа жинақталған өнімділіктен ауытқуларды есептеу өткізіледі, оның негізгі мақсаты 1 кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, келесі көрсеткіштерді алу үшін есептер шығару:

  1. тәжірибе қайталымдары бойынша жинақталған орташа өнімділіктен ауытқу (А=61);

  2. тәжірибе нұсқалары мен қайталымдары бойынша өнімділіктің жинақталған орташа өнімділіктен ауытқуы;

  3. тәжірибе қайталымдары бойынша ауытқулар жиынтығын (Р1);

  4. тәжірибе варианттары бойынша ауытқулар жиынтығын (V1);

  5. тәжірибе варианттары мен қайталымдары бойынша ауытқулар жиынтығын (q).

Тәжірибе бойынша есептелген орташа өнімділік (кесте 1) М=61,1 нөлге дейін немесе толық санға дейін дөңгелектенеді (қарастырылып жатқан мысалда А=61 алынды) және өнімділік мәліметтерінен ауытқулар жиынтығы V1, Р1 және q. есептеледі (кесте 1). 2 және басқа кестелерде 1 кестеде келтірілген тәжірибе мәліметтері қарастырылған).
2. Кесте. Жинақталған орташа өнімділіктен ауытқуларды санау мысалы (1 кестедегі мәліметтерді есептеулер жалғасы)

Тәжірибе варианттары

Қайталымдар

Ауытқулар жиынтығы, V1

1

2

3

4

Еркекшөп (бақылау)

+6,5

+12,4

-7,8

+13,3

+40,0

Эспарцет

+15,8

+23,2

+12,7

+10,7

+62,4

Жоңышқа

+14,5

+7,8

+10,4

+5,1

+37,8

Арпабас

+8,2

+10,6

+5,3

-0,3

+23,8

Қияқ

-26,6

-19,1

-24,0

-19,5

-89,2

Бидайық

-21,5

-20,2

-12,9

-17,4

-72,0

Р1 жиынтығы

-3,1

+14,7

-0,7

-8,1

q=+2,8


Егер есептеулерде қате жіберілсе, онда q көрсеткішінің мәні, тәжірибе қайталымдары бойынша (горизонталь бойынша) ауытқулар жиынтығы Р1 және вертикаль бойынша варианттардың ауытқулар жиынтығы V1 сәйкес келу керек.
Жұмыстың үшінші кезеңінде ауытқулар квадраттарының есептеулерін жүргізу және өзгергіштіктің түрлерін келесі көрсеткіштерді алу үшін анықтау:

  1. тәжірибенің барлық варианттары мен қайталымдары бойынша ауытқу квадраттарын;

  2. тәжірибе варианттары мен қайталымдары бойынша квадраттар жиынтығын ∑ а2 = V12;

  3. тәжірибенің барлық қайталымдары бойынша квадраттар жиынтығын ∑∑ а2

  4. тәжірибенің барлық варианттары бойынша квадраттар жиынтығын ∑V12;

  5. тәжірибенің варианттары мен қайталымдары бойынша ∑Р1және q2 квадраттар жиынтығын Р12 (кесте 3).

3. Кесте. Ауытқулар квадраттарын есептеу мысалы (1 кестедегі мәліметтерді есептеулер жалғасы)



Тәжірибе варианттары

Қайталымдар

∑ а2

V12

1

2

3

4

Еркекшөп (бақылау)

42,2

153,8

60,8

176,9

433,7

1600,0

Эспарцет

249,6

538,2

161,3

114,5

1063,6

3893,8

Жоңышқа

210,2

60,8

108,2

26,0

405,2

1428,8

Арпабас

67,2

112,4

28,1

0,1

207,8

566,4

Қияқ

707,6

364,8

576,0

380,2

2028,6

7956,6

Бидайық

462,2

408,0

166,4

302,8

1339,4

5184,0

∑ а2

1739,0

1638,0

1100,8

000,5

∑∑а= 5478,3

∑V12 = 20629,6

Р12

290,0

273

183,5

166,7

∑Р12=913,0

q2 = 7,8

Есептеулер қорытындысы бойынша:



  1. ∑∑ а= 5478,3

  2. ∑V12 = 20629,6

  3. ∑Р12=913,0

  4. q2 = 7,8

Әдістемені ұстанып өткізілген тәжірибелерде, ∑V12 квадраттар жиынтығы∑Р1квадраттар жиынтығынан жоғары болу керек, яғни ∑V12 >∑Р12.
Төртінші кезең - өзгергіштіктің (дисперсиялар) түрлерін анықтау, жоғарыдағы кестелер мәліметтері негізінде төмендегі көрсеткіштерді есептеу үшін жүргізіледі:

  1. түзету факторын анықтау (ℓ);

  2. тәжірибедегі өнімділіктің жалпы өзгергіштігін анықтау (Су);

  3. варианттар жасайтын өнімділік өзгергіштігін анықтау (Сv);

  4. қайталымдар жасайтын өзгергіштік көрсеткішін анықтау (Ср);

  5. кездейсоқ себептермен жасалған, қалдықты өзгергіштіктің көрсеткішін анықтау (Сz).

Түзету факторы – төмендегі көрсеткіштерді түзететін тұрақты шама.
Жоғарыдағы көрсеткіштерді есептеудің әдістемесі және мысалдары:
 ондағы
С – түзетуші фактор;
q2 – 3 кестеде есептелген көрсеткіш;
n – тәжірибедегі мөлдектер саны (тәжірибедегі варианттар санының (ℓ) қайталымдар санына көбейтіндісі (n) немесе n = ℓ х n = 6х4 = 24, сонда
С = 
Су = ∑∑ а2 – С, мұнда
Су – тәжірибедегі өнімділіктің жалпы өзгергіштігінің көрсеткіші;
∑∑ а2 – квадраттар жиынтығы ∑ а2;
С – түзетуші фактор.
Су = ∑∑ а2 – С = 5478,3-0,33=5478
Сv – варианттар бойынша өзгергіштік мына формула бойынша анықталады:

  ондағы


∑V12 –варианттар бойынша квадраттар жиынтығы (кесте 3);
n – қайталым саны;
Сv = 
Ср – қайталымдар жасайтын өзгергіштік шамасы, мына формула бойынша анықталады:
Ср =   ондағы
∑Р12 – квадраттар жиынтығы Р12 (кесте 3);
1 – тәжірибедегі варианттар саны;
Ср = 
Сz – қалдықты өзгергіштік мына формула бойынша есептеледі:
Сz = Су – Сv + Ср, мұндағы барлық шартты анықтаулар жоғарыда айтылған, ал абсолютті көрсеткіштер жоғарыда есептелген.
Есептеу мысалы келесідей болады:
Сz = Су – Сv + Ср = 5478-5157,1+227,9=548,8
Жүргізілген есептеулер келесідей қорытынды сандарды алуға мүмкіндік берді:
Су = 5478
Сv = 5157,1
Ср = 227,9
Сz = 548,8
Сонымен, Сv > Ср, Сv > Сz, бұл - өзгергіштікті тәжірибе варианттары жасайтынын, қайталымдар бойынша өзгергіштік те маңызды.

Бесінші кезең - өзгергіштік (дисперсиялар) түрлерінің орташа шамаларын есептеу келесі әдістеме бойынша жүргізіледі:
Әртүрлі өзгергіштіктердің орташа шамаларын анықтау, өзгергіштік шамалары (Сv, Ср. Сz) еркіндік дәреже санына бөлінеді.



  1. ℓ-1 – варианттар үшін еркіндік дәреже саны, (варианттар саны минус 1=5);

  2. n-1 – қайталымдар үшін дәрежелер саны (қайталымдар саны минус 1=3);

  3. (ℓ-1) (n-1) – қалдықты өзгергіштік үшін еркіндік дәреже саны = 5х3 = 15;

  4. орташа мәндері (дисперсия) 

Варианттар бойынша өзгергіштік =  ондағы
ℓ - варианттар саны.
Қайталымдар бойынша өзгергіштік =  ондағы
n – қайталымдар саны.
Қалдықты өзгергіштіктің орташа шамасы
δ = 

4. Кесте. Дисперсиялық талдау нәтижелері



Өзгергіштік түрлері

Шама

Еркіндік дәреже саны

Орташа мәні (дисперсия)

Критерий

Нақты

Кестелік

Су-жалпы

5478

-







Сv – вариант

5157,1

5

1031,4

13,4

2,9

Ср – қайталым

227,9

3

75,9

2,1

3,29

Сz (δ)- қалдықты

548,8

15

36,6

-

-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет