Танаптық тәжірибелер қойылған міндетіне, факторлардың санына, дақылдарға және т.б байланысты келесі түрлерге бөлінеді: бір факторлы және көп факторлы, бірлік және жаппай (географиялық), қысқа мерзімді, көпжылдық және ұзақ жылдық, арнайы тәжірибе танаптарында және өндірістік жағдайда салынады.
Бір факторлы тәжірибеде (қарапайым) қандайда бір фактордың әсері зерттеледі. Міндеті: фактордың өнімділікке әсері зерттеледі. Мысалға: Себу мерзімі, себу мөлшері, топырақ өңдеу әдісі, сорттар және т.б.
Көп факторлы (күрделі) тәжірибеде екі немесе одан да көп факторлардың әсері зерттеледі. Міндеті: әр түрлі фактор-лардың өзара әрекетін зерттеу (оң және теріс әсері), қосымаша өнім алу немесе оның төмендеуі. Мысалға, дақылдар тұқымының себу мерзімі және мөлшерінің өнімділікке әсері, екі немесе оданда көп алғы дақылдарындағы әр түрлі топырақ өңдеу әдісінің әр түрлі алғы дақылда себу мерзімінің, әр түрлі себу мерзімінде бірнеше сорттардың, тыңайтқыштар түрінің бірнеше дақылдар немесе сорттар өнімділігіне әсері.
Бірлік тәжірибе әр түрлі пунктарда салынады және бір біріне тәуелді емес сызба нұсқамен, белгілі бір жағдайларда агротехникалық шараны зерттеу, бірақта басқа тәжірибелемен салыстыруға болмайды . Бұндай тәжірибелерді зерттеу мекемелерінде және ауылшаруашылығы оқу орындарында жүргізеді.
Жаппай (географиялық) тәжірибелерде мемлекеттік, облыстық, аудандық көлемде әр түрлі топырқ климат аймақтарда мазмұны және уақыты бір әдістемемен келісе отырып салынады. Жаппай тәжірибеге мысал ретінде ауылшаруашылық дақылдарын сорт сынауының мемлекеттік жүйесін, немесе тыңайтқыштармен өткен жүзжылдықтың 50-80-ші жылдарындағы КСРО АШМ және Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының тапсырысымен Совет Одағы территориясында жүргізілген георграфиялық тәжірибелер. Географиялық тәжірибелердің мақсаты – агрошараларды жалпы мемлекеттік жоспарларды негіздеу (тыңайтқыштарды, жаңа сорттардың тұқымын, ауылшаруашылығы машиналарын өндіру және бөлу).
Минералдық тыңайтқыштармен географиялық тәжірибелер жүйесі жұмыстарын орындауға 200 аса ірі ҒЗИ қатыстырылды (салалы және аймақты институттар, облыстық тәжірибе станциялары және 50 жуық ауылшаруашылығы жоғары оқу орындары (П.Г.Найдин, 1968 ж.). Жүйенің негізгі мақсаты бірдей әдістемелік жетекшілікте танаптық тәжірибе және зертханалық зерттеулер жүргізу және бұрынғы КСРО территориясына тыңайтқыштарды орналастыруды, маңызды ауылшаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш мөлшерін аудандастыру, олардың оңтайлы себу мөлшері және мерзімін анықтауды, сонымен қатар тыңайтқыштардың түрлерін және формаларын сынауды ғылыми негіздеу. Осы тәжірибелердің қорытындылары тыңайтқыш өндірісін орналстыруда, мемлекеттің әр түрлі топырақ климат аймақтарына тыңайтқыш қолдану тиімділігін ескере отырып өсірілетін дақылдың сортына тыңайтқыштарды жеткізуді жоспарлауда кеңінен қолданды.
Кезеңнің ұзақтығына байланысты танаптық тәжірибелер қысқа мерзімді, көп және ұзақ жылдық болып бөлінеді. .
Қысқа мерзімді тәжірибелер 3 жылдан 10 жыл аралығында жүргізіледі. Бір дақылмен бірдей жағдайда 3-4 жылы немесе стационарлы жер учаскесінде 4-10 жыл қайталап жүргізіледі.
Стационарлық емес тәжірибелер жыл сайын өзгермейтін сызбамен бір дақылмен жана жер учаскесіне салады және 3-4 жыл қайталанады, метеорологиялық жағдайдың зерттелетін қандайда бір зерттелетін агрошараға тиімділіг анықтау үшін осы уақыт жеткілікті деп есептеледі.
Көп жылдық тәжірибелерге бір факторлы немесе көп факторлы тәжірибелер жатқызылады, олар 10-50 жыл жүргізіледі.
Ұзақ мерзімді тәжірибелер, бір немесе көп факторлы тәжірибе, 50 жылдан аса жүргізіледі.
Көп және ұзақ жылдық тәжірибелердің мақсаты: жүйелі түрде қолданылатын агротехникалық шаралардың немесе олардың кешендерінің өзара әрекеті және кейінгі әсерінің өнімділікке, өнім сапасына, топырақ құнарлығына, ауыспалы егісіне, дақылға әсерін зерттеу. Бұл тәжірибелер агрофитоценозда және топырақта баяу жүретін биохимиялық және физико-химиялық үрдістерді оқу, қоректік заттар балансын есептеу, қоректік элементтердің жоғалуын есепке алу, қоршаған ортаның залалдануының мүмкін көлемін, әр түрлі дақылдары бар егістік ауыспалы егістердің жүйесінде (астықты-сүрі танапты, отамалы, шөпті ауыспалы егістер және т.б.) топырақ құнарлығының артуы немесе төмендеуін оқу кезінде қажет.
Барлық дамыған мемлекеттерде көп және ұзақ жылдық танаптық тәжірибелер агрономиядағы фундаменталды мәселелерді шешуде қолданылады- егіншілік, өсімдік шаруашылығы, топырақтану, мал азығын өндіру, агрохимия және ғылымның басқада салалары. Мысал ретінде 100 жыл бұрын (1912 жылы) Петровский (қазір Темирязовский) академиясында салынған көп факторлы тәжірибе, тыңайтқыштар аясындағы толық сызба нұсқада (О, N, Р, К, NР, NК, РК, NPK, көң, көң+ NРК), ауыспалы егістің, ауысымсыз дақылдың, «мәңгі сүрі танабының», жиі әктеудің топырақ құнарлығына әсерін анықтау бойынша. Бір зерттеу зерттелетін факторлар санына, көлеміне және жүргізілетін зерттеудің тереңдігіне, агрономиялық маңызына және көрсеткіштеріне байланысты бұл зерттеу Ресейде ғана емес бүкіл әлемде теңдесі жоқ тәжірибе болып саналады.
Алыс шет елдерде жүргізіліп жатқан ұзақ мерзімді стационарлы тәжірибе ретінде Англияда Ротамстед тәжірибе станциясында тыңайтқыштарды, бидайды, арпаны ауысымсыз сепкенде және көпжылдық шөптерге енгізуді 1843 жылдан 1855 жылдары зерттегенде, Францияда (Гриньон) 1875 жылдан күздік бидай-қанттық қызылша ауыспалы егісінде тыңайтқыш қолдану, АҚШ (Иллинойский университет) 1876 жылдан жүгеріні ауысымсыз сепкенде және 2-3 танапты ауыспалы егісте өсіруде, германияда (Галь) 1878 жылдан қара бидайды ауысымсыз себу, Данияда, Германияда, Голландияда 100 жылдан аса көң және NРК тыңайтқыштарының тиімділігін зерттеу бойынша, Жапонияда 70 жылдан аса NРК, сұйық көңді және жасыл тыңайтқыштарды қолданғанда күріштің өнімділігіне әсерін зерттеу бойынша тәжірибелерді айтуға болады.
Тәжірибенің жеке дәрежесіне көп жылдық дақылдармен жүргізілетін зерттеулерді жатқызу керек, олардың өздерінің ерекшелігі бар, себебі тәжірибеде, мысалғы көп жылдық шөптермен уақытымен қайталанып 3-4 жылдан аса жүргізу қажет, соның нәтижесінде тәжірибедегі жер учаскесінің және зерттеудің көлемі 3-4 есеге артады. Көп жылдық шөптерге еркек шөп, қылтықсыз арпабас, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқаны және т.б. дақылдарды жатқызады, бірінші жылы олар өсіп өнеді бірақ Солтүстік Қазақстан жағдайында өнім бермейді, олар биологиялық және өнімділігі бойынша тіршілік ұзақтығы әр түрлі, сондықтанда бірнеше жыл бойы онда өтетін үрдістерді бақылап отыру қажет (көбінесе 8-10 жыл қажет). Сонымен қатар көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптердің тіршілік ұзақтығына байланысты топыраққа қалдыратын тамырларды көлемін анықтау және олардың топырақ құнарлығын арттырудағы әсерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |