3) Солтүстік Қазақстанның негізгі топырақ түзуші жыныстарын анықтап атау.
Көрнекі құралдар: топырақ түзуші минералдар коллекциясы.
Топырақ түзуші жыныстар классификациясы құралуы бойынша топырақ түзуші жыныстар бөлінеді:
- біртекті (шығу тегі және механикалық құрамы бір);
- қостекті (2 қабаттан құралған);
- көптекті (шығу тегі және механикалық құрамы әртүрлі 2-ден артық қабаттан құралған).
Құралуы және қабаттардың орналасу тәртібі өң бойымен ылғалдың жылжуына және қабаттарға бөлінуіне көп әсер етеді. Бір текті жыныстарды ылғалдың таралуы бір қалыпты болады.
Химиялық құрамына қарай топырақ түзуші жыныстар былайша бөлінеді:
- карбонатты (HCI – нан қайнайды);
- лезде еритін тұздармен қаныққан;
- гипсті (құрамында созыңқы сары кристалл түріндегі гипс бар);
- глейленген (өте ылғалды, байланысты көк жасыл түсті балшық топырақ оның түсі құрамында темірдің шала тотық тұздарының көп болуына байланысты);
- карбонатсыз (HCI – нан қайнамайды).
Механикалық құрамы бойынша топырақ түзуші минералдар (құмды, құмайт, құмбалшықты, балшықты, тасты) шығу тегіне қарай сипатталуын бірінші кестеден қараңыз.
1- кесте - Топырақ түзуші жыныстарды анықтағыш
Пайда болу жолы
|
Жынысқа тән ерекшеліктері
|
Таралуы және топырақ қасиеттеріне әсері
|
1
|
2
|
3
|
Аллювий
|
Өзен шөгінді- лері (жиынды-лары)
|
Минерал түйіршіктер жақсы ұмырланған, қабаттары айқын байқалады. Механикалық құрамы әр түрлі өзен ағысының жылдамдығына байланысты. Өзен арнасының төменгі жағында жоғарыға қарағанда бөлшектер ұсақ келеді. Жайылым аллювиі ұсақтау-балшықты, құмбалшықты; арна жағасы аллювиі-қиыршықтасты – құмды және құмды.
|
Жағалау топырақтары құмды аллювий көректік элеменнтер аз, тұщы, эрозияға ұшыраған. Аллювиалды сазды шөгінділер органикалық заттарға, көректік элементтерге бай. Топырағы ащыланбаған жағдайда құнарлылығы жақсы.
|
Делювий
|
Бұзылу заттары уақытша пайда болған ағыстармен орын ауысты-рған
|
Сәл ғана байқалатын қабаттылық беткейге параллель, материалдың жіктелуі байқалады. Механикалық құрамы әр түрлі көбінесе құмбалшылық делювий құрамы күрделі және әр түрлі. Ол бастапқы жыныстардың си-патымен тығыз байланысты.
|
Су айыру беткейінің төменгі жағын жауап тұрады. Делювий топырағы тұзды болмаса құнарлылығы біршама жақсы.
|
Эллювий
|
Бұзылу затта- ры ешқайда жылжымай сол орнында қалған
|
Құрамы бастапқы жыныс құ-рамына байланысты. Негізгі жыныстар эллювиі әрқашан қиыршық тасты жіктелуі нашар. Бос жыныстардың эллювиінің механикалық құрамы біртектес болып келеді.
|
Су айрықтарында кездеседі. Негізгі жыныстар эллювиі беріктілігі нашар, қиыршық тасты, тұзды емес, эрозияға ұшыраған.
|
Морендік
|
Сынық мате-риалдар, мұз көшкінімен орын алмас-тырған
|
Балшықтан, құмнан, қиыр-шықтастан, қиғатастан құралған материал механикалық құрамы әр түрлі – әртекті. Жиі қойтасты құмды құмбалшықтармен балшықтар кездеседі. Қойтастар саны, олардың көлемі және құрамы
|
Бір кезде мұз астында болған жерлерде кең таралған. Ауыр қойтасты балшықты және құмбалшықты морен шөгінділері тым қойтасты және батпақты топырақтар түзіледі. Жыныстарда
|
1
|
2
|
3
|
|
әрқылы карбонатты және карбонатсыз морендер деп ажыратады.
|
карбонаттардың болмауы топырақ қасиеттеріне
жағымсыз әсер етеді, топырақ күлгінденеді. Жеңіл құмды карбонатсыз морендерде жетілген топырақтың коректік элементтері өте аз. Карбонатты морендерде түзілген топырақ құнарлы болады.
|
Флювиогляциальдік
|
Мұздың еріген суларымен орын ауыстырып қайта шөккен
|
Жіктелуі жақсы және қабатты. Негізінен карбонатсыз құмды және құмды малтатасты түрлер басым. Мұз шетінде малтатастар және ірі түйіршікті құмдар, құмдақтар жиналған одан ары шаң балшық бөлшектер қалған.
|
Түзілген топырақтар құнары төмен, гумус және көректік элементтер аз, ылғал сиымдылығы нашар. Флювио-гляциальдік түйінділердің беткі қалыңында құмбалшықтармен бал-шықтар болуы жыныс түйсіктерінде судың жылжымай тұрып қа-луына әкеп соғады.
|
Мұзды – көлдер шөгіндісі
|
|
Көл-мұздар шөгінділерінде қабаттылық лента тәріздес балшық түрінде орналасқан қысты күні шөккен қара қышқыл жіңішке балшықты тұздар жазда шөккен ақшыл құм қабаттарымен алмасып отырады.
|
Ылғалы жоғары көбінесе батпақты топырақ түзіледі.
|
Лесстар
|
Генезисі әрқилы
|
Қуаңсары немесе қоңыр-қуансары, карбонаттық ірі шаң құм балшық, механикалық құрамы біртекті, 50% және жоғары ірі шаң бөлшектерден құралған (0.05 – 0.01мм) бірігуі кеуекті жақсы микроқұрылысты, суөткізгіштігі жақсы. Жыныс өсімдіктердің өсіп жетілуіне қолайлы.
|
Шығыс Европада және Солтүстік Қазақстанда кең таралған.
|
1
|
2
|
3
|
Лессектес
|
Жабын құмбалшықтар
|
Лесстарға ұқсас жыныс қоңыр сары біртекті, айырмашылығы механикалық құрамы әрқылы: ауыр, орташа және жеңіл құмбал-шықты; карбонаттығы аздау, микроагрегаттар мен кеуектілігі сәл ғана дамыған.
|
Белоруссияда, Ресейдің орталық қара топырақты зонасында, жазық далалы жерлерде , батыс Сібірде кең таралған құнарлы топырақ түзілуге қолайлы.
|
Көлдерде
|
Көлдер қоймасының шөгіндісі
|
Материал жақсы жіктелген, глейленуі бар. Механикалық құрамы әртекті: балшықтар, құмбалшық, құмдақ, құм, малтатасты. Көл лайы түрінде болуы мүмкін және мергел сапропель түрінде органикалық қабаттар жиі байқалады.
|
Тұщы көлдер шөгінді-лерінде қоректік эле-менттерге біршама бай топырақ түзіледі, бірақ жер асты суларының жақын жатуына байла-нысты тез лайланады ащыланған көл шөгін-ділеріне сортаң топырақ түзіледі.
|
Теңіздік
|
Теңіз шөгіңділері
|
Шөгінділердің жіктелуі өте жақсы, тым ащы, анық глей-ленген, қабаттылық және теңіз жануарларының қалдықтары байқалады. Жағалауда құмдар басым, малтатас шөгінділерінің кездесуі де сирек емес, жағалаудан ұзаған аймақта балшықты.
|
Кездесуі: солтүстік теңіз жағалауларында алдыңғы Каспий ойпатының территориясында үштік дәуір балшығы түрінде та-ралған, физика меха-никалық қасиеттері нашар. Теңіз шөгінділерінде сортаңдау топырақ түзіледі
|
Эолдық
|
Желмен жиналған
|
Жақсы жіктелуі, нашар жұмырлануымен сипатталады. Бұларға төбе, сусыма құм, шағыл түріндегі құм үйінділері немесе шаң және балшық жиындылар жатады.
|
Эолдық құмдар Дон, Днепр қоймасында алдыңғы Каспий ойпа-тында және Орта Азияда кездеседі. Эолды жиындылардың қоректік элементтері өте аз, эрозияға қатты ұшыраған бұларды ағаш отырғызуға, бақша дақылдары, жайылымға, шөп шабуға қолданады.
|
2- кесте - Негізгі топырақ түзуші жыныстардың қасиеттері
Жыныс атауы
|
Пайда болу жолы
|
Түсі
|
Сынықтар мөлшері
|
Жыныстың топырақ қасиеттеріне әсері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бакылау сұрақтары
1. Қандай жыныстар топырақ түзуші деп аталады? Олардың классификациясына не негіз болады?
2. Олар топырақ қасиеттеріне қалай әсер етеді, олардың химиялық құрамы құралуы?
3. Аллювиалды, эолды, эллювиальды жыныстардың негізгі ерекшеліктері қандай?
4. Топырақ дамуына қандай жыныстар қолайлы, неліктен?
5. Солтүстік Қазақстанда кездесетін негізгі топырақ түзуші жыныстарды атап беріңдер.
Әдебиет [7], [8].
3 Тақырып. Топырақтың морфологиялық белгілері
Сабақтың тақырыбы: топырақтың морфологиялық белгілерімен танысу және топыраққа сипаттама беріп үйрену.
Тапсырма:
1) топырақтың негізгі морфологиялық белгілерімен танысу;
2) морфологиялық белгілерді білудің агрономиялық құндылығын анықтау;
3) монолитті сипаттауға дағдылану.
Көрнекті құралдар: топырақ үлгілері, моноллиттер, топырақ құрылымы үлгілері, Захаровтың бояу түсі үшбұрышы кестелер.
Топырақты зерттеудің маңызды бөлімі топырақ кескінін морфологиялық (сыртқы) белгілеріне қарай сипаттау.
Морфологиялық белгілері арқылы топырақты жыныстан, бір топырақты басқа топырақтардан айыруға және топырақ түзу процесінің бағытын, оның байқалу дәрежесін ажыратуға болады.
Топырақтың құрылысы – топырақтың генетикалық қабаттарының вертикал бағытта кезектесіп орналасуы. Топырақтың генетикалық қабаттарының геологиялық қабаттардан айырмашылығы олардың бір-бірімен тығыз байланыстылығында. Топырақ қабаттарында ауа, су, жылу мен еріген тұздар және газдар бір қабаттан екінші қабатқа өтіп жиі алмасып отырады. Мынандай генетикалық қабаттарға бөледі:
А0 – органогендік қабат, жерге түскен жапырақтардың органикалық қалдықтарынан және өлі өсімдіктердің сабақтану байламынан құралған. Тың жерлерде болады.
А – органикалық заттардың жиналу қабаты кескіннің жоғарғы жағында қалыптасады. Бұл қабатты сипатына қарай былай ажыратады: А – қарашірінділі аккумулятивтік қабат. Бұл қабатта органикалық (қарашірінді) және қоректік заттар ең көп жиналған, минералдық заттардың бұзылуы және сілтісізденуі байқалмайды. Бояу басқа қабаттармен салыстырғанда күңгірт болады. А1 – қарашірінділі-элювиальді қабат. Қарашірінді жиналуымен қатар минералдың бұзылуы және бұзылған заттардың төменгі қабаттарға шайылып жылжып тұруымен сипатталады.
А2 – элювиальды қабат. Бұл қабатта топырақ түзілу процесінде бірқатар заттар төмеңгі қабаттар немесе топырақ кескіні астына шайылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып кремний негізді заттар көбейеді.
В – иллювиальды немесе аралық қабат. Мұнда жоғарғы қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда қанығуы жоғары рельефтерден жер асты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжушы заттарға байланысты иллювиальді қабат әртүрлі қосындыларымен байытылу мүмкін: қарашіріндімен (Вћ), лаймен (Ві), карбонаттармен (Вк) темір қосындылармен (ВFe). Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы болмаса В-қабаты иллювиальді емес аралық, қарашірінділі аккумулятивті қабаттан аналық жынысқа алмасу қабаты деп аталынады.
С – аналық тау жынысы өзгермеген немесе топырақ түзу процестерінің сәл әсері болған жыныс.
Топырақты қабаттарға бөлгенде, қабаттар алмасуына көңіл бөлу керек. Бір қабаттан екінші қабатқа алмасу шекарасының сипатына қарай түзу, түзу емес, біртіңдеп, анық және бірден деп бөлінеді.
Бір қабат бояуы екінші қабат бояуына алмасуы 5 см-ге созылса біртіндеп алмасу, 2-5 см анық, 2 см-ге дейін, бірден алмасу – деп аталынады.
Бояуы көзге ең бірінші байқалатын морфологиялық белгі. Басқа белгілерді ескере отыра топырақ түсі топырақтың типін анықтайтын негізгі белгі.
С.А.Захаровтың анықтауы бойынша топырақ бояуы негізінен төмендегі қосындылардың 3 тобына байланысты:
1) қарашірінді;
2) темір қосындылары;
3) кремний қышқылы, көмір қышқылы известь пен каолин. Қарашірінді заттар қара, күңгірт сұр және сұр бояу береді.
Топырақ құрылымы – топырақ бөлшектене алатын түйіршіктер (агрегаттар). Олар бір-бірімен байланысқан механикалық элементтер және ұсақ агрегаттар.
С. А. Захаровтың анықтауынша, негізгі үш құрылым типі бар:
1) куб тәріздес – құрылым бөлшектері бір-біріне перпендикуляр үш ось бойы мен қалыптасқан;
2) призма тәріздес – бөлшектер негізінен вертикаль ось бойымен қалыптасқан;
3) плита тәріздес – бөлшектер негізінен горизонталь екі ось бойымен қалыптасқан.
1- кесте - Құрылым классификациясы
Тегіс
|
Түрі
|
Мөлшері
|
1
|
2
|
3
|
І – тип Куб тәріздес
|
Тоң кесекті-пішіні дұрыс емес тегіс емес
|
Ірі тоң кесекті
ұсақ тоң кесекті
|
10 см
10-1 см
|
Кесекті дұрыс емес доғал пішінді омыру беті дұрыс емес, бұдырлы қырлары байқалмайды
|
Ірі кесекті
кесекті
ұсақ кесекті
тозаң тәріздес
|
10-3 мм
3-1 мм
1-0,25 мм
< 0,25 мм
|
Жаңғақ тәріздес-сәл
дұрыс пішінді,
қырлары жақсы
|
Ірі жаңғақты
жаңғақты
|
10 мм
10-7 мм
|
білінеді беті тегіс,
қабырғалары өткір
дәнді түйіртпек-пішіні
сәл дұрыс, кейде
домаланған, қырлары жақсы білінеді. Беті
бірде бұдырлы, бірде
тегіс, жылтыр
|
ұсақ жаңғақты
Ірі түйіршікті
(бұршақ тәріздес)
түйіршікті
ұсақ түйіршікті
|
7-5 мм
5-3 мм
3-1 мм
1-0,5 мм
|
ІІ – тип Призма тәріздес
|
Бағана тәріздес бөлшектер
Нашар пішінделген,
қырлары түзу емес
қабырғалары домаланған
Бағаналы дұрыс пішінді,
жақсы жетілген тігінен
қырлы пішінді және
жоғарғы жағы дөңгелене
біткен төменгі жағы тегіс
Призмалы-қырлары
жақсы жетілген, тегіс
жылтыр бетті, өткір
қабырғалы
|
Ірі бағана тәрізді
бағана тәріздес
ұсақ бағана
тәріздес
ірі бағаналы
ұсақ бағаналы
ірі призмалы
призмалы
ұсақ призмалы
қарандаштық
(бөлшектер ұзындыәы 5 см)
|
5 см
3-5 см
< 3 см
5-3 см
< 3 см
5-3 см
3-1 см
1-0,5 см
0,5 см
< 1 см
|
ІІІ - тип Тақта тәріздес
|
Тақталанған (қатпарлы)
Жетілген қатпарлы
Көлденең жымдастық
Қабыршақты мөлшері
үлкен емес көлденең
жымдастық жиі өткір
қырлы
|
Тақталанған
Плиткалы
Пластинкалы
Жапырақты
Жұмыртқа
Қабыршақты
Ірі қабыршақты
Ұсақ қабыршақты
|
5 мм
5-3 мм
3-1 мм<
1 мм
|
Бірігуі тығыздықпен кеуектіліктің сыртқы байқалуы. Ол механикалық құрамына, құрылымына топырақ фаунасының әрекеті және тамыр жүйесінің жетілуіне байланысты. Тығыздық дәрежесіне қарай топырақтарды былай бөледі: құйма, тығыз, қопсынды, бытыраңқы.
Кеуектілік құрылым бөлшектерінің ішіндегі және олардың арасындағы түтіктердің көлемі мен мөлшеріне байланысты.
Жаңа жарандылар - әр пішінді және химиялық құрамды заттардың жиналуы.
Физикалық, химиялық, биологиялық процесстердің әсерінен және өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру әрекетінен химиялық және биологиялық текті жаңа жарандылар жиналады.
Химиялық жаңа жарандыларды пішініне қарай былай бөлшектейді:
1) жарғақтар және қонымдар – топырақ бетіне жұқа пленка түрінде шыққан химиялық заттар;
2) қабыршақтар, жұғындар, топырақ бетінде не жарықшақтарында жұқа қабат түрінде;
3) арна, түтікше – құрт жолдары мен тамырлар жолдарына толған химиялық заттар;
4) қабаттық – қабаттарда көп мөлшерде жиналады.
Топырақтағы жаңа жарандылар арқылы генезис және агрономиялық қасиеттерін бағалауға болады.
Егер жаңа жарандылар – топырақ түзілу процесі кезінде емес жаңа түзілген болса, онда ол агрономиялық қолайсыз қасиеттерге нұқсайды. Бөгде заттар – топырақ қалыптасу процесіне қатыссыз органикалық және минералдық заттар. Бұларға өсімдік қалдықтары, көң, жануарлар сүйектері, жыныстар сынығы, археологиялық қазбалар, кірпіш, көмір тағы сол сияқты заттар жатады.
Бақылау сұрақтары
1. Топырақты негізгі қандай морфологиялық белгілер сипаттайды?
2. Топырақ кескіні дегеніміз не?
3. Топырақтың құрылым классификациясы?
4. Жаңа жарандылар топырақ қасиеттеріне қалай әсер етеді?
Әдебиет [8]
4 Тақырып. Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтау
Жұмыстың мақсаты - топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамының негізгі анықтамалармен танысу, топырақтың гранқұрамын өз бетімен анықтауды үйрену.
Тапсырма: топырақ үлгілерінің гранулометриялық құрамын далалық әдіспен зерттеу, топырақтың гранқұрамын анықтап топырақтың қораптық үлгісін сипаттау, нәтижелерді табл.2 жазу.
Көрнекті оқу құралдары: қораптық топырақ үлгілері, HCl-дың 10%-ті ерітіндісі, су.
Қауіпсіздік ережелері – зертханалық жұмысты ағын суы бар зертханада өткізу қажет.
Топырақтың қатты фазасы пайда болуы әртүрлі механикалық элементтерден тұрады. Механикалық элементтер (гранулалар) - минералдар мен тау жыныстардың, органикалық заттардың және органикалық-минералдық қосылыстардың мөлшері әртүрлі сынықтары.
Механикалық элементтердің сандық анықтау - механикалық анализ деп аталады. Көлемі 0,01 мм-ден кіші механикалық элементтерді физикалық балшық, ал 0,01-ден үлкен механикалық элементтерді физикалық құм деп атайды. Сонымен қатар, 1мм-ден кіші бөлшектерді топырақтың майда бөлігі, ал 1 мм-ден үлкен бөлшектерді топырақ қаңқасы деп атайды.
Жыныста немесе топырақтағы механикалық элементтердің салыстырмалы мөлшерін топырақтың механикалық құрамы (гранқұрамы) деп атайды, ал оны сандық анықтау - механикалық анализ деп атайды.
Гранқұрамы бойынша топырақтың алғашқы классификациялардың бірін профессор Н.А. Сибирцев берді. Ол физикалық балшықтың физикалық құмға арақатынасына негізделген.
Қазір Н.А. Качинскийдің классификациясы кең тараған. Осы классификацияда 5 фракция ажыратылған:
- қиыршық тасты (3-1мм);
- құмды (1-0,05 мм);
- ірі шаңды (0,05-0,1 мм);
- шаңды (0,01-0,001 мм);
- тозаңды (0,001 мм-ден кем);
Н.А. Качинский бойынша келесі фракцияларды көрсетеді, 1 кесте.
1- кесте - Топырақтың гранулометриялық құрамының классификациясы
Фракция
|
Фракцияның көлемі, мм
|
Тастар
|
3-тен үлкен
|
қиыршық тас
|
3-1
|
құм:
|
|
Ірі
|
1-0,5
|
Орташа
|
0,5-0,25
|
ұсақ
|
0,25-0,05
|
Шаң:
|
|
Ірі
|
0,05-0,01
|
Орташа
|
0,01-0,005
|
ұсақ
|
0,005-0,001
|
Тозаң:
|
|
Ірі
|
0,001-0,0005
|
Майда
|
0,0005-0,0001
|
Коллоидтар
|
0,0001-ден кіші
|
Физикалық балшық
|
0,01-ден кіші
|
Физикалық құм
|
0,01-ден үлкен
|
2 - кесте - Гранулометриялық құрамын далалық әдіспен анықтау
Топырақтың бауға ширатылудың сипаты
|
Физикалық балшықтың мөлшері, %
|
Гранқұрамы бойынша топырақ
|
Ширатылмайды
|
0-5
|
Борпылдақ құм - құмды
|
Ширатылмайды, бірақ қолда шаң қалады
|
6-10
|
біріккен құм - құмды
|
Баудың диаметрі 5 мм болғанда, әрең ширатылады
|
11-20
|
құмдақ
|
Баудың диаметрі 3 мм үлкен болғанда, ширатылады
|
21-30
|
жеңіл саздақ
|
Баудың диаметрі 1,2-3 мм болғанда, ширатылады
|
31-40
|
орташа саздақ
|
Баудың диаметрі 0,8-1,2 мм болғанда, ширатылады
|
41-50
|
ауыр саздақ
|
Баудың диаметрі 0,8-1,2 мм болғанда, ширатылады да тиынның мөлшеріндей сақина береді
|
50-ден үлкен
|
саздақ
|
Достарыңызбен бөлісу: |