Агротехнологиялық факультеті Агротехнология кафедрасы топырақтану зертханалық жұмыстарды орындау және жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар Павлодар Кереку 2011



бет2/5
Дата19.06.2016
өлшемі341.5 Kb.
#147751
1   2   3   4   5

Минералдың жеке сынған (омырылған) бетіне қаттылық шкаласының эталон минералының сүйір-өткір бұрышымен сызық жүргізеді. Анықтайды қаттылық шкаласының ең жұмсақ минералымен бастайды минерал қаттылығына байланысты біртіндеп ілгеріледі.

- салалы – магма бұрын пайда болған тау жыныстарының жарықшақтарында суынып қатайғанда пайда болуы (пегматиттер);

- төгілме (эффузивтік) егер магма жер бетіне төгілсе, ол тез салқындайды да, көбінесе кристалсыз шыны немесе порфир құрылыс түзіледі. Олардан төгілмелі жыныстардың вулкандық түрлері пайда болады.


Шөгінді тау жыныстары
Шөгінді тау жыныстары – дегеніміз механикалық, физикалық, химиялық, биохимиялық әсерлердің әрекетінен бұзылып шөккен магмалық жыныстар.

Өздерінің жаратылысынан қарай шөгінді жыныстар үш түрге бөлінеді:

1) механикалық шөгінділер;

2) балшық тектес шөгінділер (0,01 мм ұсақ);

3) химиялық және биохимиялық шөгінділер.

Механикалық шөгінділер- механикалық жолмен (үгілу ұсатылу әсерінен пайда болған кесекті шөгінділер механикалық болып саналады. Мысалы құм, қиыршықтас, малтатас, қойтас және осы айтылғандардың біріккен түрі құмтас, женттас, конгломерат т.б. механикалық шөгіндіге жатады;

Балшық тектес шөгінділер - балшық тектес диаметрі 0,01 мм-ден кіші түйіршіктерден құралған. Физикалық әсерлерден шағылып немесе химиялық іруден пайда болады;

Химиялық және биохимиялық шөгінді жыныстар- химиялық бұзулыдан және жануарлармен өсімдіктердің өмір су әрекетінен бұзылып шөгеді. Химиялық құрамына қарай былай бөлінеді:

1) карбонаттық (известняк, доломит);

2) кремний тектес (диатомиттер, трепельдер);

3) күкірт қышқыл (мирабилит, гипс, ангидрит);

4) темір тектес (сидерит, темір рудалары, пирит);

5) фосфатты (фосфориттер);

6) көміртектес немесе жаңғыш қазбалар ( торф, қазба көмірлер, жаңғыш тақта, мұңай).


2 – кесте – Тау жыныстарының сипаттамасы

Тау жыныстары

Бөлшектер диаметрі, мм

Жыныстардың атауы

Бос күйінде

Кіріккен

Жұмыр- ланбаған

Жұмыр

ланған


Жұмырланбаған

Жұмырланған

Кесек шөгінділер (псефитер)

100-10

Тоң кесектер ұсатылған тас қиыршық

қой

тас





конгломерат

Орташа шөгінділер (сынықтар)

2-0,5

құм




құмтас

құмтас

Шаң тәріздес (алевтиттік)

0,05-0,01

Лесстер, лесстекстес құмбалшықтар, алевролиттер. Вулкан күлдері (алевриттер)


Метаморфтық тау жыныстары
Метаморфтық жыныстар – магмалық және шөгінді жыныстардың әртүрлі өзгерістерге ұшырап, өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғарлатуы, сонымен қатар, минералдық және химиялық құрамының өзгеруінен пайда болады.

Барлық метаморфтық тау жыныстарының құрылысы кристалданған. Түйіршіктер пішіні жапырақ, қабықша және ине тәріздес болуы мүмкін.

Текстура. Жыныстың құралуы,яғни жыныс құрамына кіретін минералдардың орналасу тәртібі және тығыздық дәрежесі төмендей болады:

- жолақты минерал құрамы қалыңдығы әр түрлі жолақтардың кезектесіп орналасуы;

- талшықты көпшілік талшық тәріздес кристалдардың түйісіп-айқасып орналасуы;

- қомақты беріктігі жақсы тығыз минерал түйіршіктері;

- тақталанған созыңқы пішінді минералдардың параллель орналасуы.
3- кесте - Метаморфты тау жыныстарының классификациясы

Текстура

Атауы

Алғашқы тау жынысы

Минералдық құрамы

Жолақты

Гнейс

Гранит, сиенит, шөгңндң жыныстар

Дала шпаты слюда, мүйіз алдамшасы

Тақталанған

Сланец

Балшық тектес

Тальк, слюда, хлорид, мүйіз алдамшасы, кварц

Қомақты

Мрамор

кварцит


Известняк, доломит құмдақ, кварцты

Кальцит,кварц және қосындылар


Бақылау сұрақтары
1. Тау жыныстарының сыртқы белгілерін атап беріңдер?

2. Тау жыныстарының құрылысының және текстурасының негізгі түрлерін сипаттап беріңдер?

3) Магмалық, метаморфты, шөгінді тау жыныстары қандай жолдармен пайда болады?
Әдебиет [1], [2], [8].

2 Тақырып. Топырақ түзуші жыныстар
Сабақтың мақсаты: негізгі топырақ түзуші жыныстармен танысу, қасиеттерін, классификациясын және өз бойында дамушы топырақтардың сапасына әсерін анықтау.

Тапсырма:
1) топырақ түзуші жыныстардың классификациясы негізімен танысу (1 кесте);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет