§ 23. СӨЗДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Әдетте, белгілі бір сөзден басқа бір жаңа сөз тудыр-сақ та, басқа-басқа бірнеше сөз тудырсак, та, біз ең әуелі сол туынды сөздерге негіз болған сөздің түлға-түрпатын, демек, морфологиялық қүрылысын өзгертеміз. Мысалы, жұрнақ арқылы бір түбірден ісші, іскер, істе, іскерлік де-ген сияқты бірнеше сөз тудырсак та немесе қосарлау ар-қылы әр түбірден көзбе-көз, жүзбе-жүз, бетпе-бет сияқ-ты әлденеше сөз тудырсақ та, сөздін бастапқы түрпаты өзгереді. Сондай-ақ, екі түбірді бір-бірімен біріктіру арқылы туған бүгін, түрегел, ендігәрі, біресе (бұл күн, тұра кел, ендігіден әрі, бір ерсе) сөздерін алсақ та, олар-дың морфологиялық қүрылымы өзгеріске үшыраған. Осы сөздер не түбірге қосымша косу аркылы, не бір түбірді біріктіру арқылы — қысқасы,— солардың морфология-лық қүрылымдары өзгеру аркылы — жасалған. Олардың қай-қайсысы болса да, тіліміздің грамматикалық күры-лысына тән заңдарға лайықты күрылған. Осы сөздердін сол құрамдары олардың сыртқы формасының да, ішкі мазмұнының да әрі таянышы, әрі көрсеткіші ретінде қыз-мет етеді. Өйткені түбірге жұрнақ қосу, түбірлерді косар-лау я біріктіру тәсілдерін алсак, олар сөз тудырудың сыртқы формасы болады да, сол тәсілдер (формалар) арқылы туған ж аңа сөздердін. лексикалық мағыналары сөз тудырудың мазмұны болады.
Сөйтіп, тілдің жүйесіне лайык, калыптасқан белгілі-белгілі тәсілдер бойынша сөз жасау амалдарын, әдетте, сөз тудыру тәсілі деп айтамыз.
Сөз тудыру дегеніміз — жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жинағы.
Сөз тудыру жайындағы қағидалардың бір үшығы лек-сикологиямен, бір үшығы грамматикамен ұштас болады. Өйткені сөз тудыру тәсілдері аркылы жасалған жана сөздер я ж аңа үғымдарды, я белгілі-белгілі ұғымдардын әр қилы ерекшеліктерін білдіреді де ж аңа лексикалык түлға (единица) ретінде қызмет етеді. Мысалы: қон, tro uble, ңонақ, қонағуар; түт, тұтқа, тұтңыш, түтқыр деген сөздердің әрқайсысы — өз алдарына дербес лексикалын
түлғалар. Егер осы сөздерді лексикология тұрғысынан емес, грамматика тұрғысынан талдай бастасақ, олардың әрқайсысы белгілі сөз таптарына телулі болады. Осы се-бептен грамматика ж аңа сөзді қандай тәсіл арқылы, қай жұрнак арқылы туды және қай сөз табына тән қасиетке ие болады деген сияқты мақсаттарды анықтау үшін ар-найы объект (нысана) етіп тексереді. Онан қала берді, жаңа сөздің түлға-тұрпаты қандай да болса, әйтеуір, бір өзгеріске үшырайтындыктан, сол өзгерісті қарастыру да, әрине, грамматиканын (морфологияның) міндеті болады. Сөздердің бірігуі, тіркесуі арқылы туған олардың қүрам-дарындағы компоненттер, бір жағынан, синтаксистік қа-тынастардың үлгі-нүсқалары бойынша құрылатыныи, екінші жағынан, күрделі сөздердің қызметі сөз тіркесте-рімен де азды-көпті құрылымдас болатынын ескерсек, жаңа сөз тудырудың бұл тәсілдері синтаксиспен де сы-байласып жататынын көреміз. Ендеше, туынды сөздер бұл жағынан да грамматикадан аулақтана алмайды.
Грамматикалық заңдар сияқты, жалқыдан жалпыға, нақтыдан таныкқа (абстрактілікке) қарай жинақтау, абстракциялау қасиеттері — сөз тудыру зандарына да тән, өйткені, грамматикалық өзге зандар тәрізді, сөз ту-дыру заңдары да лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді жалпы формалары мен жалпы семантикалық ерекшеліктеріне қарай топ-топқа үйірмелеп отырады. Мысалы: білгіш, көргіш, нанғыш, тапқыиі, жазғыш, бай-ңағыш деген сөздерді алайық. Бұлар — басқа-басқа тү-бірлерге -ғыш (-кыш, -кіш, -гіш) жұрнағын косу арқылы туған сөздер. Өзге жүрнақтар сияқты, бұл жұрнақ арқы-лы туған сөздер де қосымша арқылы сез тудыру тәсіліне жатады, өйткені ол — көптеген жүрнақтың біреуі ғана. Бул жүрнақ сол (білгіш ) туынды сөздерді бір топқа үйірмелеуге сыртқы белгі (көрсеткіш) болып тұр. Соны-мен қатар, сол сөздердің бастапқы түбірлерінің де, сон-дай-ақ, туынды формаларының да лексикалық мағынала-Ры басқа баска бола тұрса да, осы жүрнақ (-ғыш) олар-Дың бәрін де мазмұн жағынан шумақтап, бірыңғай жалпы семантикалық реңк берген. Ол семантикалык ренк сол формадағы туынды сөздердің бәріне де бірдей ішкі жалпы мағына болады. Бұл мағына белгілі бір істі я әре-кетті істеуге бейімдікті, қабілеттілікті білдіреді. Мысалы, сөйлегіш дегеннен жалпы сөйлеуге аса бейім, сөйлеу қа-білеті бар деген мағына аңғарылады.
Ауызба-ауыз, сөзбе-сөз, қолма-ңол, бетпе-бет, қарсы-
ма-ңарсы деген қос сөздерді алайык. Бұл сөздер негі-зінде бір түбірді екі рет қайталау арқылы жасалған. Bi-pan; олар, тау-тау, арба-арба, бау-бау деген сияқты жалан қайталау түрінде емес, қосарланған сөздің алғашқысына -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) бөлшегін тіркеп барып қайта-лау арқылы туған. Ендеше, бұл форма да қосарлау аркы-лы сөз жасайтын негізгі тәсілге жатады және соның бір түрі ғана болып саналады. Бұл форма да (-ма, -ме...) осы сөздерді сырттай бір топқа шумақтауға белгі (көр-сеткіш) болып түр. Сонымен қатар, бүл сездердін лекси-калық мағыналары басқа-басқа бола түрса да, олардын туынды формаларының бәріне де ортақ бір жалпы семан-тикалық мағына бар. Бұл жалпы семантикалық мағына іс-әрекеттің (өзге біреуі аркылы емес) тікелей жүзеге асырылуын аңғартады.
Алдыңғы сөздерді (білгіш, көргіш...) де, соңғы сөздер-ді де (ауызба-ауыз, сөзбе-сөз...) өз алдарына топтап тұр-ған формалар сол сөздерді белгілі сөз таптарына теліп (алдыңғы сөздерді — сығі есімге, соңғы сөздерді — үстеу-ге), олардың грамматикалық сипатын да, қызметін де өз-гертіп тұр.
азақ тілінің сөз тудыру жүйесі үлкен-үлкен негізгі екі саладан түрады. Оғіыц бірі -— морфологиялық тәсіл де, екіншісі — синтаксистік тәсіл.
Достарыңызбен бөлісу: |