Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


ҚОСАРЛАМА ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ



бет48/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

34. ҚОСАРЛАМА ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ

Косарлама кос сөздердің құрамдарындағы компо-ненттер дыбыс, буын жэне реті жақтарынан да үйлес, үндес болып күралады. Компоненттердің бір-бірімен буын жағынан ыңғайлас, дыбыстас болып келуі қосар-лама сөздердің жоғарыда аталған үш ерекшелігін (ма-ғыналық ыңғайластык, морфологиялык тектестік және синтаксистік теңдестік) біріктіріп, тұтастыруға әсер ете-ді деп айтуға болады.


Біріншіден, косарлама сөздердің құрамындағы ком-поненттер рифма жағынан өзара орайласып, үйлесіл оты-рады. Бұл үйлесім синтаксистік жағынан бір-бірімен тең екі компоненттің екеуіне де бір түрлі косымша қосылуы арқылы да, осымен байланысты, буын саны мен екпіннің орны ауысуы аркылы да өзара орайласып отырадьі; Мы-салы: аң-таң, ата-ана, әке-көке, азан-ңазан, бала-иіаға, емін-еркін, көрмей-білмей, жүрген-турған, жатса-турса, көрсе-білсе... сиякты қосарлама сөздер рифма жағынан ұйқасып та, үйлесіп те күралған.


Екіншіден, косарлама сөздердің күрамдарындағы компоненттердің дауысты жэне дауыссыз (ассонанс, кон-сонанс) дыбыстары үйлесіп, үндесіп отырады.іМысалы: Жсілғыз-жарым, көйлек-көніиек, қарым-қатынас, қыбыр-



114 115


ңимыл, тамьір-таныс^ түр-түс, терлеп-тепиііп, сай-сала, шыбын-шіркей, шала-шарпы, иіәк-іиүбә, қауіп-қатер, хат-хабар... дегендер сөз басындағы дауыссыз дыбыстар-дың қайталануы аркылы үндескен аллитрациялық үй-лесімдер.


Абысын-ажын, арып-талып, апыл-тапыл, анда-санда, егжей-тегжей, ым-жым, ығы-жығы, ептеп-септеп, буып-түйіп, кесіп-пішіп, урьіс-керіс, қаңғыр-күңгір, пәленше-түленше сияқты қосарлама қос сөздер я бірыцғай, я ұқ-сас дауысты дыбыстардың қайталануы арқылы ассонанс жолымен үйлескен.


Абыр-сабыр, жігіт-желең. келім-кетім, жауын-ша-шын, қырып-жонып, көиііп-қонып, қашқьін-пысқын, оты-рыс-түрыс, күйініш-сүйініш тәрізді косарлама сөздер я басқы, я соңғы дауыссыз дыбыстарының үйлесуі арқы-лы консонанс жолымен жасалған.

Үшіншіден, қосарлама қос сөздер буындарының сан-дары мен түрлері жактарынан бір-біріне көбінесе орай-лас компоненттерден жасалады. Мысалы, ондай бір буынды компоненттерден құралған косарлама сөздерге: аң-таң, аш-тоң, бас-көз, у-шу, тау-тас, иіай-қант сиякты-лар, екі буынды компоненттерден қүралған қосарлама сөздерге: азан-ңазан, абьір-сабыр, апыл-тапыл, бірен-са-ран, салдыр-гүлдір, тоңты-торым, өрен-жаран т. б., үш және онан да көп буынды компоненттерден күралған қо-сарлама сөздерге: балалы-шағалы, үлкенді-кішілі, жақ-сылы-жаманды, төгілген-шаиіылған, іиаршамай-шалдық-пай, үйелмелі-сүйелмелі т. б. жатады.


Мүнымен қатар, бір компоненті бір буынды, екінші компоненті екі я үш буынды немесе бірінші компоненті екі буынды, екінші компоненті үш (я төрт) буынды (я керісінше) болып келетін де косарлама сөздер бар. Мыса-лы, әл-ауңат, шай-иіекер, шым-шытырың, хал-ахуал, хат-хабар, жата-жастана, кесе-көлденең, отырыс-түрыс т. б.


‘ Буын түріне карай, қосарлама қос сөздер ашық буын-ды да, түйық және бітеу буынды да бола береді. Егер компоненттерінің буындары араласып келсе, тұйық буын басыңда ғана колданылады да, соңғы буыны көбінесе бітеу болып отырады. Мыс.алы: іле-иійла, у-шу, әке-иіе-ше, бала-шаға, ағыл-тегіл, алңам-салңам, іркес-тіркес, көйлек-көншек, елтең-селтең т. б.


Қосарлама кос сөздерді компоненттерінің морфоло-гиялық қүрылымына және сөз таптарына қатынасына


карай бөліп, оларға да өзінше тиісті сипаттама беруге болады.





  1. Қомпоненттерінін морфологиялық күрылымына қарай, қосарлама сөздерді екі салаға бөлуге болады:

а) негізгі түбірден құралған қосарлама сөздер. э) туынды формалардан туған косарлам^ сөздер. Түбір сөздерден күралған косарлама сөздерге мына-


дай сөздер жатады: ас-су, ат-жөн, бала-шаға, бас-аяқ, дос-жар, дәм-түз, егіз-екі, ес-түс, етек-жең, зәр-зэбір, жол-жоба, жер-көк, жүн-жүрңа. жөн-жоба, күіи-қуат, ңора-қопсы, көш-ңон, ләм-мем, ой-қыр, ойын-күлкі, са-быр-тағат, талан-тараж, уіиы-ңиыр, үй-күй, өң-түс, шет-жаға т. б.


Туынды формалардан (туынды түбірлерден) құрал-ған косарлама сөздер екі түрлі болады. Біріншісі — екі сыңарына да бірдей жүрнақ жалғанған формалардан күралған, екіншісі — бір сыңарына ғана жүрнақ жал* ғанған формалардан қүралған қосарлама сөздер.




Азды-көпті, алым-салық, келім-кетім, үрыс-керіс, ер-сілі-қарсылы, сүріне-жығыла, асыңпай-саспай, жатса-түрса, көрген-білген, малды-малсыз, атарман-шабарман, ондай-мүндай, онша-мүнша, осыншама-мүншама сияқты қосарлама сөздер екі компонентіне де жұрнак жалған-ған сөздерден күралған.

Қосарлама сөздің екі компонентіне де бірдей жалға-натын жүрнақтар көбінесе бір ғана түрлі болып қосыла-ды, кей-кейде ғана екі түрлі (мысалы: алым-салық, іиііп-жем) болады. Ал, өте жиі қолданылатын жүрнақтар мы-налар: -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті (азды-көпті, ерлі-зайып-ты); -м,-ым,-ім, (алым-берім, өлім-жітім); -с, -ыс, -іс (үрыс-керіс, жүріс-түрыс); -лық, -лік, -тық, -тік, -дық, -дік (өштік-қастыц, үздік-создық); -нды, -нді (жуынды-шайынды); -шы, -ші (хабаршы-жаршы); -н, -ын, -ін (бо-ран-шашын, жауын-шашын)).


Бір сыңары ғана жүрнақты компоненттерден құрала-тын косарлама сөздер сан жағынан аз. Ондайларға, мы-салы, артық-кем, жем-іиөп, киім-кешек, жол-жорьің, кем-кетік, тамыр-таныс сияқтылар жатады. Сыңарларына бірдей косылатын. жүрнақтардай теңестіруші, күрасты-рушы форма ретінде кызмет етпейді, тек екінші сыңарға семантика жағынан орайлас келетін дайын (әзір) сөз ретінде ғана пайДаланылады.





  1. Ж алпы қос сөздер, оның ішінде қосарлама сөздер ^іліміздегі негізгі грамматикалық сөз таптарын түгел

116 117



қамтиды да, өздері сол сөз таптарына катысты болады.


Мысалы:
а) Азьщ-тулік, ас-су, ақыл-айла, ауру-сырқау, боран-шаиіын, дәрі-дәрмек, дәм-туз, етек-жең, жетім-жесір, шам-іиырақ, иіама-іиарық сияқты косарлама сөздердің компоненттері зат есімдерден кұралған да, соған сәй-кес, қосарлама сөздердін ездері де түгелдей күрделі (қо-сарланған) зат есім болады.


ә) Ақ-қара, аиіық-айқын, ащы-тұщы, ауыр-жеңіл, жақсы-жаман, алыс-жақын муртты-сақалды сиякты ко-сарланған сөздердің өздері де, олардың компоненттері де — сын есімдер.


б) Бір-екі, үиі-төрт, жеті-сегіз, он бес-он алты, жиыр-ма-отыз. сексен-тоңсан дегендердік компоненттері жеке-дара сан есімдер болса, олардан косарлану арқылы жа-салған күрделі формалары да күрделі сан есім болады. Бірақ кәдімгі сандарға қосылатын реттік санның -ншы (-ыншы, -інші) формасы косарланған сандарға жалған-байды.


в) Есімдіктерден тек ол, бул, оны, муны, әні, міні де, ген формалар ғана косарланады (мысалы, ол-пул, әні-міні, оны-муны). Сондай-ақ, осы есімдіктерден туған олай-бұлай, ондай-мундай, онша-мунша, онда-мунда, одан-будан тәрізді формалар косарланады.


г) Үстеулердік ішінен қосарланатындар мыналар-ілгері-кейін, әрі-бері, жоғары-төмен, күндіз-түн, күні-тү-ні, ерте-кеіи, бүгін-ертең, қысы-жазы, өте-мөте, оқта-тек-те, оқта-санда т. б.


д) Еліктеуіш сездердің ішінде де косарланатын жә-не солар аркылы туған қосарлама еліктеуіш сездер бар. Мысалы, оларға: арбаң-ербең, абыр-сабыр, албыр-сал-быр, адыр-будыр, апалақ-топалақ, бурқ-сарқ, салдыр-гүлдір, сатыр-гүтір, самбыр-күмбір, қыржың-тыржың, ыржың-тыржың сияктылар жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет