Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет75/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

-дай (-дей, -тай, -тей) негізінде өзі жалғанған сөз-ден салыстыру, ұқсату мәні бар туынды сын есім жа-сайтын қосымша бола тұрса да, бүл форма бір алуан сөздерге жалғанып туьшды үстеулер де жасайды.




    1. Зат есімдерге жалғанады. Мысалы: аттай, экедей, таудай, үйдей, судай, кісідей, самолёттей т. б.

    2. Есімдіктерге жалғанады. Мысалы: мендей, сен-дей, ондай, біздей, өздеріндей, анадай, мынадаи т. б.

    3. Сан есімдерге жалғанады. Мьтсалы: жүздей, мың-дай, елудей, қырықтай, отыздай т. б.

    4. Есімше формаларына жалғанады: жабысқандай, болжағандай, жылардай, өлердей, баратындай, оқитын-

дай т. б.

  1. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік.

    1. Зат есімдерге жалғанып, олардан әр сөздің нақ-тылы мағынасына қатысты қасиеттерді білдіретін туын-ды сын есімдер жасайды. Мысалы: орталық, қоғамдық, қалалық, азаматтық, жолдастық т. б.

2) Мезгіл атаулары мен әр қилы бүйым атауларына жалғанып, олардан мезгіл, өлшеу мөлшерімен байла-нысты туынды сын есімдер жасайды Мысалы: айлық, жылдық, апталық, тәуліктік, көйлектік, пальтолың, 61-pep қайнатымдықекі-үш асымдық т. б.


3) Есімдіктерге жалғанып, олардан белгілі бір жақ-қа қатыстықты білдіретін туынды есімдер жасайды. Мы-салы: өздік, сендік, мендік, қандайлық, қанишлық т. б.





  1. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес екі морфемадан (-д а + с) қүралған осы күранды қосымшалар бірде күра-мындағы компоненттері (бөлшектері) жеке-жеке бөл-шектенетін жүрнақтардьщ тіркесі есебінде жүмсалса, бірде ондай компоненттерге бөлшектенбейтін бір түтас күрделі жүрнақ ретінде колданылады. Мысалы: аралас, ыңғайлас, қадірлес, сыйлас сияқты сөздердегі -лас (-лес) қосымшасын іштей жеке-жеке бөлуге болады: ал, ңурбылас, дәмдес, пікірлес, көмектес, елдес, муңдас де-гендердегі -лас (-лес) формасын олай етіп ажыратуға болмайды.

Бүл омоним жүрнақтың я есімге тән, я етістікке тән екендігі сөйлем ішінде (контексте) колданылу орньтна,


атқаратын қызметі мен беретін мағынасына қарай ажы-ратылады. Мысалы, Қунанбайдың көп уақыттан бергі сыйласы да, қудасы да, досы да осы кісі еді (М. Әуезов); Бір ананың егізіндей екеуміз жуп жазбадық, тату бол-дық, сырластық (Ә. Ахметов) деген сөйлемдердегі ал-ғашқы сыйласы деген сөз — есім де, соңғы сырластық деген сөз — етістік, осыған сәйкес, олардың морфология-лык түлғалары да басқаша түрленген, демек, алғашқы сыйлас деген сөзге тәуелдік жалғау қосылып түрса, сонғы сырлас деген сөзге етістіктіц өткен шақ формасы (-ты) мен жіктік жалғаудың қосымшасы қосылып тұр.


-лас (-лес) жүрнағы арқылы жасалатын туынды сын есімдердің мағыиалары жүрнақ жалғанатын негіздер-дің мазмұндарына сәйкес бірлестікті, теңдестікті, үлас-тьтқты, қарымдастьтқты, мерзімдестікті білдіреді. Олар-дың негізгі түрлері төмендегідей:



    1. Адамның алуан түрлі сыр-мінездерімен байланыс-ты абстракт мағыналы зат есімдерге жалғанып, ондай сипаттардыц басқа адамдармен әріптес екендігін білді-реді. Мысалы: ниеттес, сырлас, тілеулес, пікірлес, көңіл-дес, щадірлес, ақылдас т. б.




    1. Адамзат, жан-жануарлардың төркін-тегімен бай-ланысты үғымды білдіретін зат есімдерге жалғанып, олардың түкым-туысы бір екендігін білдіретін сын есім-дер жасайды. Мысалы: туыстас, аталас, тумалас, бауыр-лас, қарындас т. б.




    1. Мекен атауларына жалғанады да, олардың нак-тылы мағыналарына орай, мекен-орын, жай, қоныс ас-тастығын білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мы-салы: ауылдос, көріиілес, жерлес, елдес, тумалас, уялас, жапсарлас, іргелес т. б.




    1. Қейбір зат есімдерге жалғанып, олардың накты-лы лексикалық магыналарына карай, түрлі қарым-қа-тынас, мерзім-мөлшер жағынан сыбайлас келетін сындық үғымдарды білдіреді. Мысалы: жолдас, замандас, са-бақтас, кэсіптес, қызметтес, мэжілістес, дәмдес, өкіие-лес, үзеңгілес, серіктес, істес, сөздес т. б.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет