67^ САН ЕСІМНІҢ СЕМАНТИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ
ТОПТАРЫ
Сан есімдер сан мөлшерін абстракт түрде атайтын сездер болғанымен, олар семантикалык, морфологиялық және синтаксистік жағынан іштей алды-алдына жеке категориялар ретінде танырлыктай бірнеше топқа бөлі-неді. Сан есімдердің осылайша іштей жіктелетін топта-рының кейбіреуі заттың, зат есішғен туғаң сыннын не-месе амалдың дәл саныи я есебін білдіретін болса, кей-біреуі ретін білдіреді; ал үшінші бір тобы сандык. ұғымның бөлшегін, төртінші бір тобы заттарды топтап көрсету деген сиякты әр қилы жақтарын қамтиды. Осындай түрғыдан карағанда, сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, белшектік сан болып алты топқа бөлінеді.
Есептік сан есімдер
Есептік сан есімдер жалпы заттын, зат есімнен туған сындык белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-үрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін колданылады.^Олар семантикялык мяғынасы мен морфологиялык ерекшелігі
196 197
жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.
•Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топ-тарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жата-ды. Ол сандар, дәрежесіне қарай, бірлік сандар, ондық сандар, жүздік сандар және мыңдық сандар болып бір-неше жікке бөлінеді. -
Бірлік сандар тобына бірден тоғызға дейінгі тоғыз сөз жатады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз.
Ондық сандар тобына оннан жүзге дейінгі ондық атаулары есебінде жұмсалатын тоғыз сөз жатады: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпьіс, жетпіс, сексен, тоқ-сан.
Жүздік сандар тобына жүзден тоғыз жүзге дейінгі жүздік атаулары есебінде колданылатын күрделі тоғыз сөз жатады: бір жүз, екі жүз, үиі жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз. ■
Достарыңызбен бөлісу: |