188
«Тіл жұмсардың» 2-інші бөлімінде 1-інші бөлімдегілердің көбі қайта
келеді. Бірақ олар пысықтау ретінде емес, анадағы білімдерді тереңдетіп,
аудандарын кеңейтіп білдіру ретінде келеді.
Оның үстіне жаңадан сөйлемдердің түрлерін тану, сөздердің,
дыбыстардың негізгі түрлерін тану, орын талғайтын дыбыстармен танысу,
сыбайлас дыбыстардың бір-біріне ететін әсерлерімен танысу,
дауыс
екпінін тану кіреді.
Бұл бөлімде істеу жүзінде байқаумен алған білім жұмсау жүзінде
іске алып, бақылау мен жұмсау екеуі теңбе-тең бірдей жүріп отырады.
Адағында айтып өтетінім – емле үйретуге «Тіл жұмсардың» екі
бөліміндегі қолданыстық нәрсе (материал) жеткілікті.
Соның бәрін балалар дұрыстап жұмсап, түгел қолданып өтсе,
емленің 90% шамасын білуге дыбыс жүйелі. Оны білу үшін
буынды
жақсы тану, дұрыс буындай білу, сөздің буындарын біліп отырып жазуға
әдеттену ғана керек. Оған «Әліп-би» мен 1-інші «Тіл жұмсар» көлеміндегі
нәрсе де, мезгіл де, білім де жеткілікті.Онан арғысы 2-інші «Тіл жұмсар»
мен толықтырып, үшеуінің көлеміндегі нәрседен емленің 90% ілімін
толық алуға болады. Онан әрі қалған 10% білімін 3 –нші «Тіл жұмсар»
беруге тиіс.
Сүйтіп, бақылау
мен жұмсау тәжірибе жолымен, «Тіл жұмсардың»
үш бөлімінің беретін білімін алғанда, балалардың сауаты емле жағынан
толық жеткілікті болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: