Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет51/98
Дата13.10.2022
өлшемі2.67 Mb.
#462563
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

§ 9. Бітеу буын 
Буыншы «
ى
» (и) 
Төмендегі сөздерді буынға бөліп, ашық буындарын бір бөлек, тұйық 
буындарын бір бөлек, бітеу буындарын бір бөлек шығарып жазыңдар. 
Апам асық береді. 
Асығын мұзға бердім. 
Мұз суын берді, 
Суын қара сиырға бердім. 
Қара сиыр сүтін берді. 
Жазған буындарыңды айтып қараңдар. Қандай буында «и» әрпінің
дыбысы анық естілмейді? 
Дыбысы анық естілмегенмен, ол буынға «и» әрпі жазыла ма? 
Сүтін пісіріп едім, Қарға келіп қарқ етіп, 
Көбелек келіп күрп етіп, Қалғанын ішіп ол кетті.
Көбігін ішіп ол кетті. Сауысқан келіп сақ етіп,
Жапалақ келіп жарп етіп, Сарқып ішіп ол кетті. 
Жармысын ішіп ол кетті. 
Атакем келіп еді, қаспағын қырып беріп қарқ қылдым. 
Осындағы сөздерді буынға бөліп, буындарын сұрыптаңдар. 
Буындардың бір әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек, үш 
әріптілерін бір бөлек, төрт әріптілерін бір бөлек шығарып жазыңдар. 


194 
§ 10. Буыншы әріптер 
Дәйекші (
ء

Қозы______________ көзі Қорық_______________ көрік 
Қосыл_____________ көсіл құрақ________________ күрек 
Қазыр_____________ кәзір
Осында екі жақтағы сөзде де буыншы әріптерге қарасаңдар, 
жазылуы бірдей, айтылуы бірдей ме? 
Торы_____________ төрі Сан______________ сән 
Сұр _____________ сүр Ары______________ әрі 
Тұр _____________ түр Бұр ______________бүр 
Ал _____________ әл
Бұл сөздерде буыншылар жазылуы бірдей. Айтылуы қандай? Қатар-
қатарымен оқып қараңдар. 
Енді бір жағындағысына дәйекші қойып, бір жағындағысына қоймай 
оқып қараңдар. Айтылуы өзгере ме? Жоқ па? 
Айтылуы өзгергенде, солардың мағынасы өзгере ме? Жоқ па? 
 
§ 11. Қ, К Әріптері 
Дәйекші (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет