Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Гипокальциемиядан болған катаракта



бет8/11
Дата16.06.2016
өлшемі7.92 Mb.
#138455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Гипокальциемиядан болған катаракта. Ветеринариялық клиникаға әкелінген иттің көзінен катаракта анықталған. Ионограммада қандағы кальций мөлшері 45 мг\мл болған. Қалыпта ол 87 – 112 мг\мл – ге тең. Сөйтіп катаракта себебі гипокальциемия екені анықталған.

Емі. Ампуладағы 10% - ды глюконат кальций 1,5 мл\кг - нан есептеліп, күніне 3 рет, 2 күн қатарынан қан тамырға енгізіледі. Ары қарай күнде 2 рет итің тамағына 1 капсуладан (1 гр) кальциленген қоспа (Са\Р – «Petphos», витамин Д3 - «Rocaltrol») қосылып отырылған. Әрбір 15 күн сайын қандағы кальций мөлшері анықталып, 2 айдан соң ғана қандағы кальций мөлшері 90 мг\мл мөлшеріне тұрақтаған. Бұршақ дене мөлдірлене түскен (К.А. Перепечаев. 2007).

Ит пен мысықтың көзінің катарактасын интраокулярлық линза (ИОЛ) имплантанциялау тәсілімен емдеу. Бұл тәсілде күнгірттенген бұршақ дене алынып тасталып, оның орнына интраокулярлық линза (ИОЛ) орнатылады (24 – 25 суреттер). Операция техникасы негізінен адамдарға арналған. Жануарларға қолдануға ыңғайландырылған. Бұл микроскоп астында жасалатын микрохирургиялық операция. Медициналық және ветеринариялық офтальмологияда катарактаны емдеудің жоғары технологияға негізделген әдісі. Операция техникасы: жануарды операцияға дайындағаннан кейін атропинмен премедикация жасап, 2% - ды рометармен садация және мирорелаксация жасалады. Жалпы анестезия золетинолмен жүзеге асырылады. Операция алдында 15 минут бұрын екі көзге де қарашықты кеңейту үшін (мидраз) мидратик 1% - ды атропин сульфат немесе 1% - ды мезатон тамызылады. Жалпы қабылданған әдістермен операция алаңы дайындалып, қабаққа қабақ ашқыш қойылады. Конъюнктива көзге арналған антибиотиктер ерітінділерінің бірімен жуылады. Қасаң қабық тесіліп, ол арқылы қарашықты кеңейтіп тұру үшін көздің алдынғы камерасына тағы да мидратик (1% мезатон 0,3 – 0,5 мл) жіберіледі. Операцияның келесі сатысында С.Н. Федоров микроцистотомымен бұршақ дененің сыртқы қабы (капсуласы) тесіледі. Осыдан соң бұршақ дене факоэмульсификацияланады, яғни эмульсияға айналдырылады. Ол үшін ұшында секундына 20 – 60 мың айналым жасайтын, металдан жасалған, іші қуыс инесі бар арнайы аспап –факоэмульсификатор пайдаланылады (24 сурет). Ол ине айналуынан болатын механикалық және ультрадыбыс әсерімен талқандап, эмульсияға айналдырады. Сонымен қоса пайда болған эмульсия осы ине арқылы сорылып алынады және бұршақ дене қапшығы жуылады (25 сурет). Осыдан соң аспаптың бұл ұштығы (инесі) келесі ұштықпен ауыстырылады. Ол бимануальдық аспирациялық – ирригациялық (құю – сору) жүйе деп аталады. Осы жүйе көмегімен бұршақ дене қапшығы ішіне вискоэластик (силикон сияқты) толтырылып, оның артқы жақ камерасына арнайы имплантациялық линза қойылады. Мұндай линзалар АҚШ (ACRYSOFT Natural – SN60AT., ACRYSOFT Multipiece – MA60BM) және Ресейде (Т – 26) шығарылады. Бұл тәсілдің жақсы жағы қасаң қабық пен бұршақ дене қапшығында жасалатын тіліктердің аса кішілігі (1,5 – 3,5 мм). Оған қосымша тігіс салудың қажет болмауы мен операция тілігі тез жазылады. Жануардың көзіне операциядан соң дексаметазон және гентамицин тамызады. Бұл әдістің кейбір жағымсыз жақтары да бар екені белгілі. Оған факоэмульсификациялау кезінде пайда болатын «кавитациялық бұлттың» көз құрылымдарына, оның ішінде қасаң қабықтың қайта қалпына келмейтін эндотелий қабатына жағымсыз әсер етуі. Сондай ақ факоэмульсификатор инесі айналғанда пайда болатын жоғары температураның операция жарақатына жағымсыз әсер етуп, күйдіруіде жатады (А. Бартоло. 2010).


24 – ші сурет. Катарактаны факоэмульсификациялау (А Бартоло бойынша).

25 – ші сурет. Катарактаға операция жасау (А Бартоло бойынша).


А - бұршақ дененің қабығын тесу. Б - бұршақ дененің сұйық бөлігін сорғызып алып тастау (бұршақ дененің қабының ішін ерітіндімен шаю – ирригация; сұйықты сорғызып алу – аспирация).
ШЫНЫ ТӘРІЗДІ ДЕНЕНІҢ АУРУЛАРЫ

Шыны тәрізді денеде туа біткен қан тамырлары қалдығы болуы. Зерттеулерге қарағанда бұл кемістік көптеген жануарларда, әсіресе жақын туыс малдарды шағылыстырудан алынған төлдерде жиі кездеседі. Мұндай малдардың көзін офтальмоскоппен зерттегенде шыны тәрізді дененің ішінде қанға толы артерия тармақтары көрінеді. Көбіне бірнеше күннен соң қан тамырының алдымен ішіндегі қаны, содан соң тамырдың өзі толық тартылып (облитерацияға ұшырап), жойылып кетеді. Кейде осы қан тамырлар жойылмай, көздің көру жүйкесінің бүртігінен бұршақ денеге дейінгі аралықта тармақталып жатады. Ол көбіне бір жақ ұшымен көздің көру жүйкесінің бүртігіне немесе бұршақ денеге бекіп, көз қозғалғанда шыны тәрізді дене ішінде қалқып, қозғалып тұрады. Көзінде мұндай кемістігі бар мал қоршаған ортаны көргенмен, спорт, цирк жануарларының көзінің анық көруіне кедергі келтіріп, олардың мертігуіне себеп болып жатады.

Емі. Арнайы емі ұсынылмаған.

26 – ші сурет. Шыны тәрізді денедегі hyaloidea артериасының қалдығы.



Шыны тәрізді денеге қан құйылу. Көзге тиген соққыдан және тағы басқа механикалық жарақаттардан торлы қабықтың, тамырлы қабықтың және кірпікті (цилиар) дененің қан тамырларының үзілуі салдарынан шыны тәрізді денеге шектеулі немесе тұтас қан құйылады. Бұл шыны тәрізді денеге «іштен қан құйылу» деп аталады. Көздің қасаң қабығының тесілген жарақатында шыны тәрізді денеге сырттан да қан құйылуы мүмкін. Бұл жағдайда көздің ішкі қысымы күрт азайып, торлы қабық пен тамырлы қабықтың қан тамырларын қан кернеп, олардың қабырғаларының бүтіндігі бұзылмаса да қысымның әртүрлілігі салдарынан қан тамырлары қабырғасынан қан шығып (диффузия) шыны тәрізді денеге сіңеді.

Белгілері. Шыны тәрізді денеде жолақты немесе тұтас қызыл, қызыл қоңыр, кейде сарғыш түсті бұлдырлану байқалады. Қан құйылулардан пайда болған қан түйірлері шыны тәрізді денеде жүзіп жүрген қоңырқай немесе қара дақтар түрінде көрінеді. Құйылған қан мөлшері көп болса шыны тәрізді дене тұтас бұлдырланып, мөлдірлігін жоғалтады. Егер қан торлы қабық жақтан құйылса, көлемі шағын және шыны тәрізді дененің артқы жағында орналасады. Ал кірпікті дене мен тамырлы қабық жақтан құйылған қан шыны тәрізді дененің алдынғы тұсында орналасады. Көзінің шыны тәрізді денесіне қан құйылған жануарлар жарықтан қорғанады, қабағын ашпайды. Көз аумағы ісініп, ауырсынады.

Емі. Ауру мал тыныш, қаракөлеңке қораға қойылып, көзінің жарақаттары емделеді. Көзге соққы тиген болса алғашқы күні суық компресс, ал екінші күннен бастап жылулық емдер жасалады. Көзге антибиотиктер қосып ретробульбарлық новокаин блокадасын жасаған тиімді. Уақытында емдесе көлемі кіші, шектеулі қан құйылулар 1- 2 аптада, ал тұтасқан қан құйылу 3 - 4 апта шамасында тарайды.

Шыны тәрізді дененің бұлдырлануы. Шыны тәрізді дененің бұлдырлануының бірінші себебі кірпікті дененің, тамырлы және торлы қабықтардың қабынулары. Екінші себебі шыны тәрізді денеге қан құйылу. Үшінші себебі шыны тәрізді дененің бүлінуіне (дегенерация) әкелетін оның қоректенуінің бұзылуы. Соңғы жағдайда шыны тәрізді дененің негізінің (строма) фибрилдері семіп, бірігіп, айқасып, шоғырланып шыны тәрізді дененің мөлдірлігін жоғалтады, бұлдырландырады. Зат алмасуы бұзылып, онда холестерин, тирозин, фосфор, кальций тұздары жиналады.

Белгілері. Көзді сырттай қарағанда аурудың клиникалық белгілері онша байқалмайды. Көздің көруі де көп төмендемейді. Көзді офтальмоскоппен орташа жарықта зерттегенде (аса жарықта бұлдырлану нашар байқалады) шыны тәрізді денеде жүзіп жүрген жіпшелерді, ұлпаларды, түйірлерді, қабықшаларды байқауға болады. Олар көбіне шыны тәрізді дененің шет жағында орналасады. Оның себебі көз қысымының шыны тәрізді дененің шет жағында төмендігінде. Мал басын, көзін қозғаса немесе басты ақырын соққыласа олар шыны тәрізді дене ішінде шашырап, жүзе бастайды. Ал бұршақ дене күңгірттенсе мұндай қозғалыс байқалмайды.

Емі. Себебіне байланысты. Егер бұлдырлану қан құйылудан болса емі жоғарыда баяндалған шыны тәрізді денеге қан құйылуындағыдай. Ал торлы қабық, тамырлы қабық, кірпікті дене қабынса оларды емдейді. Көзге жылу басып, жылы орау керек. Көзге антибиотиктер қосып ретробульбарлық новокаин блокадасын жасаған тиімді. В және С витаминдері егіледі. Көздің қан және лимфа айналысын жақсарту үшін көзге алғашында 0,5% - ды содан соң 5 - 8% - ды дионин ерітіндісі тамызылады.

Шыны тәрізді дененің сұйылуы. Шыны тәрізді дененің айналасындағы ұлпалардың, қан тамырлардың зақымдалуы, торлы және тамырлы қабықтардың қабынуы шыны тәрізді дененің қоректенуінің бұзылып, құрамының өзгеруіне әкеледі. Осыған байланысты шыны тәрізді дененің құрамындағы фибрин жойылып, судың мөлшері артады (қалыптың өзінде оның құрамында 98,5% су болатыны белгілі). Бұл ауру төлдерде туа бітетін болса, кәрі малдарда көздің кірпікті денесінің бүлінуге ұшырауынан (дегенерация) жүре пайда болатыны белгілі. Бұл ауру малдың бір немесе екі көзінде бірдей байқалуы мүмкін.

Белгілері. Негізгі клиникалық белгісі көз алмасының болбырап босауы, жұмсаруы. Біртіндеп оның көлемі кішірейіп, семіп, көз шарасының ішіне түседі. Көздің ішкі қысымы азаяды. Қарашықтың көлемі ұлғайып, түсті қабықтың жеңіл дірілі байқалды. Бұршақ дене көздің артқы жағына қарай ойысады. Шыны тәрізді дененің көлемінің кішіреюіне байланысты торлы қабық алғашында жарым – жартылай, соңынан қатпарланып тұтас ажырайды. Сұйылған шыны тәрізді дене ішінде әртүрлі жарқырауық түйірлер (май, белок, холестерин кристалдары) жүзіп жүреді. Мұндай өзгеріске ұшыраған шыны тәрізді дене түссіз, су сияқты сұйық (қалыпта ол мөлдір, тығыз, былқылдақ). Егер қан араласса түсі қызғылт. Сұйылған шыны тәрізді дене ішіндегі май, белок, холестерин түйірлері әсіресе мал басын қозғаса тез қозғалып, жүзіп жүреді. Бұл ауруда көз алмасы біртіндеп семіп, ақыры көз көрмей қалады. Кәріліктен болғанда көздің шыны тәрізді денесінің сұйылуы ұзаққа созылады және көздің көруі сақталады.

Емі. Әзірге емі ұсынылмаған. Шыны тәрізді дененің жойылған фибрилдері қайта қалпына келмейді. Дегенмен шыны тәрізді денеге ас тұзының изотониялық ерітіндісін (физиологиялық ерітінді) енгізу уақытша ауруды жеңілдетеді, көздің көруін жақсартады.

Шыны тәрізді дененің орнынан қозғалуы мен шығуы. Шыны тәрізді дене көздің қасаң қабығы мен ақ қабығының тілінген жарақаттары салдарынан орнынан қозғалуы, тіпті көз алмасынан сыртқа шығуы мүмкін. Көзге операция жасағанда малды дұрыс бекітіп байламау, ауырсындырмау жасамаудан малдың қозғалып, басын қатты соғуы салдарынан да шыны дене көздің алдынғы камерасына шығып кетеді.

Белгілері. Көз алмасының қасаң қабығы мен ақ қабығындағы жарақаттар арқылы шыны тәрізді дене сыртқа жартылай немесе толық шығып тұрады (түседі). Қасаң қабықтың шыны тәрізді денемен жанасқан жері бұлдырланады. Көз алмасы бірте – бірте семеді.

Емі. Оперативті. Көз алмасына офтальмоектомия жасалады, яғни тұтас сылынып алынып тасталады.
КӨЗДІҢ КӨРУ ЖҮЙКЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ

Ретробульбарлық неврит – (Neuritis retrobulbaris) – көздің көру жүйкесінің хиазмадан көз алмасына енетін тұсына дейінгі бөлігінің қабынуы. Ретробульбарлық неврит барлық жануарларда, оның ішінде жылқыда жиі кездеседі. Себебі әр түрлі. Көздің механикалық жарақаттардан болатын ашық – жабық жарақаттары, көз шарасы сүйектерінің сынуы, көздің көз шарасынан шығуы және тағы басқалар. Осы себептерден көздің көру жүйкесі жарақат алып қабынады. Сондай – ақ ол кейбір инфекциялық ауруларда, сепсисте және улануда (салицил қышқылы, алколойдтар, метил спирті т.б) қабынады. В тобындағы витаминдердің жетімсіздігінен де қабынатыны белгілі. Жиі көру жүйкесі қынабы арқылы мидың, ми қабының, көз шарасы ұлпаларының қабынулары да оған ауысады. Көздің көру жүйкесі көз алмасына таяу тұсында қабынса, қабыну керісінше көз жүйкесінің көру бүртігіне, көздің ішкі құрылымдарына, оның ішінде торлы қабыққа тарайды. Ал ми жағы қабынса, қабыну ми қабы мен миға шабуы мүмкін. Көздің көру жүйкесі бір немесе екі көзде бірдей қабынады.

Белгілері. Жануарларда алғашында сыртқы клиникалық белгілері байқалмайды. Тек офтальмоскоппен қарағанда торлы қабық пен көздің көру жүйкесінің бүртігінің қызарғаны анықталады. Сонымен бірге көздің көру жүйкесінің бүртігі ісінген. Бара – бара ол қанталап, тіпті қан құйылу болады. Осының салдарынан шыны тәрізді дене бұлдырланады. Бастапқыда қарашық кішірейген, соңына қарай кеңейеді және жарыққа реакциясы жоғалады. Көздің көруі күрт нашарлап, тіпті толық көрмей қалуы мүмкін. Көздің көру жүйкесі бүртігінің айналасына эксудат, лимфа жиналады. Оны «друз» («шоғыр») деп атайды. Ол офтальмоскоппен қарағанда ол жүзім шоғыры немесе түсті капуста сияқты көрінеді. Түсі ақшыл – боз немесе сарғыш. Көздің көру жүйкесінің қабынуының ағымы созылмалы болса, көру жүйкесі қынабы ішіне біртіндеп дәнекер ұлпа өсіп, жүйке талшықтарын қысып, оларды семуге ұшыратады. Ол «көздің көру жүйкесінің семуі» (атрофиясы) деген атпен белгілі.

Емі. Емді невриттің жіті сатысынан бастап жасалса тиімділігі жоғары. Ал созылмалы невритке айналған соң емнің тиімділігі төмендейді. Бірінші кезекте ем аурудың себептерін жоюға бағытталуы тиіс. Яғни көздің жарақаттарын, улануды, авитаминозды, инфекциялық ауруларды емдеу керек. Мал тыныш, ала көлеңке қораға қойылады. Қабынуды басу үшін малға су беруді шектеп, терлететін, зәр айдайтын дәрілер беріледі. Антибиотиктер қосып ретробульбарлық новокаин блокадасы жасалады. В-1, В-12, РР витаминдері егіледі.

Интрабульбарлық неврит – (Neuritis intrabulbaris). Көздің көру жүйкесінің бүртігінің қабынуы. Жиі жылқыда, сирек ит пен мысықта кездеседі. Оның өздігінен қабынуы сирек. Көбіне көздің көру жүйкесінің ретробульбарлық қабынуы, әсіресе оның көз алмасына таяу тұсының қабынуы, сондай – ақ торлы қабықтың қабынуы да оған ауысады. Тәжірибеде интрабульбарлық невритпен ретробульбарлық неврит және ретинит қосарлана байқалады.

Белгілері. Офтальмоскоппен зерттегенде көздің көру жүйкесінің бүртігі қабынған, қызарған, ісініп жиегі томпайған. Пішіні саңырауқұлаққа ұқсайды. Ол толықтай шыны тәрізді денеге қарай шығыңқы орналасқан. Көздің көру жүйкесінің бүртігінің кейбір жүйке талшықтары ыдыраған. Айналасындағы веналар жуандаған (веноздық іркіліс), ал артерия тамырлары керісінше жіңішкерген. Көздің көру жүйкесінің бүртігі айналасындағы ұсақ қан құйылулар көлемі әртүрлі «друз» («шоғыр») түрінде көрінеді. Егер қабыну үрдісі созылмалы болса, көздің көру жүйкесінің бүртігі біртіндеп солып, атрофияға ұшырайды. Аурудың алғашқы сатысында көздің көруі нашарласа, бара – бара толық көрмей қалады.

Емі. Ретробульбарлық невриттегідей.

Көздің көру жүйкесінің семуі – (Atrophia nervi optici) атрофиясы. Ол бір немесе екі жақты болады. Себептері көп. Негізгі бір себебі жоғарыда қарастырған көздің көру жүйкесінің қабынулары. Сондай – ақ көздің көру жүйкесінің қанмен толық қамтамасыз етілмеуі, В-1, В-12, РР витаминдерінің жетіспеуі, улану, менингит, миға қан құйылу, зілді ісіктер де осыған себеп болады.

27 – ші сурет. Көз түбінің патологиялық өзгерістерінің офтальмологиялық көрінісі (К.А. Фомин бойынша):

1 – жылқы көзінің көру жүйкесі бүртігіндегі қарапайым іркіліс; 2 - жылқы көзінің көру жүйкесі бүртігінің семуі (атрофиясы); 3 - жылқы көзінің шашыраңқы хориоидиті; 4 - жылқы көзінің көру жүйкесі бүртігінің семуі (атрофиясы) мен нейро - ретиниті; 5 – иттің көзінің торлы қабығының жартылай ажырауы.

Белгілері. Алғашқы сатысында анықтау қиын. Ауру асқына келе көздің көруі біртіндеп нашарлайды. Соңынан толық көрмей қалады. Қарашық кеңейген. Көзді офтальмоскоппен зерттегенде торлы қабық пен көздің көру жүйкесінің бүртігінің қан тамырлары азайған, олардың көлемі кішірейіп жіңішкерген, жартылай немесе толық бозарған. Көздің көру жүйкесінің бүртігі қабынған болса оның шекарасы айқын емес, ал басқа жағдайларда оның шекарасы айқын көрінеді. Көздің көру жүйкесінің бүртігінің толық жойылуы да мүмкін.

Емі. Аурудың алғашқы сатысында себебін жоюға бағытталған емдер жасалады. Сонымен бірге невриттегі емдер қолданылады. В-1, В-12, РР витаминдері егіледі. Ауру асқынып, көздің көру жүйкесінің бүртігі толық семсе ем тиімсіз.

Табиғаты нейрогендік көз аурулары және оларды анықтау. Көздің көруінің бұзылуы оның жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін. Табиғаты нейрогендік көз ауруларын анықтаудың алғашқы сатысы жүйкенің қай жері зақымдалғанын анықтаудан басталады. Нейроофтальмологиялық зерттеу жүргізер алдында жалпы клиникалық және арнайы офтальмологиялық зерттеулерді жүргізіледі. Бұл зерттеулер аурудың клиникалық белгілері туралы деректер береді. Сонымен қатар жүйке жүйесін терең зерттеу қажет. Бас - ми жүйкелері, жануардың ақыл – есі, әртүрлі әсерлерге жауап қайтаруы, рефлекстері тексеріледі. Сондай ақ көздің сыртқы (экстраокулярлық) механикалық зақымдалуларына да аса көңіл аудару қажет (А. Бартоло. 2009).
Кесте 1 – Ветеринариялық офтальмологияда клиника - неврологиялық зерттеу жүргізу кестесі


Клиникалық белгілерді бағалау тестілері

Клиникалық белгілер

Зерттелетін жүйке жолдары

Кедергілерден өтуі

Жануардың айналып өтуге тиіс кедергілер қойылған таныс емес кеңестіктегі мінез – құлық әрекетін зерттеп бағалау

Афференттік көру жолдары, қозғаушы орталықтары, қозғаушы эфференттік жолдары

Мақта түйірлерімен сынақ

Жануардың басы жоғары көтеріңкі, көзімен жоғарыдан тасталған мақта түйірі қозғалысын ілесе бақылайды

Афференттік көру жолдары, қозғаушы орталықтары, қозғаушы эфференттік жолдары

Көздің орналасу жағдайы

Жануар өзін еркін сезінбейді, айналасындағы заттарға жақын жүреді. Әр көзді сынау жеке жасалады

Афференттік көру жолдары, қозғаушы орталықтары, қозғаушы эфференттік жолдары

Пальпебральдік рефлекс

Қабақтың терісі мен жиегіне жеңіл сүйкей әсер етіп, қабақты қағу рефлексін сынау

Афференттік: жоғарғы жақ жүйкесінің 5 жұбы және көз тармағы.

Эфференттік: қабақты жүйкемен қамтитын фациальдық ядродан шығатын аурикуло – пальпебралдық жүйке



Қауіпке жауап беруі

Сынақта жануардың бір көзін жауып, екінші көзін қолдың қозғалысымен жасқағанда (қол қозғалысынан көзге жел тимеуін қадағалау керек) ол қабағын қағады

Афференттік: жалпы және көру жолдары. Бас – ми жүйкесінің 2 жұбы, сыртқы қисық дене, шүйде аймағының көру қыртысы

Қасаң қабық рефлексі

Физиологиялық ерітіндіге шыланған жұмсақ қауырсын ұшын қасаң қабыққа жеңіл жанастырғанда жануар қабағын қағады және көз алмасының артқа тартылу (ретракция) рефлексі байқалады

Афференттік: Бас – ми жүйкесінің 5 жұбының көз тармағы.

Эфференттік: қабақты жүйкемен қамтитын фациальдық ипсилатеральдық ядросынан шығатын аурикуло – пальпебралдық жүйке және бас – ми жүйкесінің 4 жұбы



Жарық әсеріне рефлексі

Бұл сынақ есінен танып қалған жануарларға жасалады. Көзге өте жарық көзімен жылдам әсер еткенде қабақ қағу байқалады

Субкортикальдық интеграция.

Оптикалық жолдарды тарту.

Афференттік: бас – ми жүйкесінің 2 жұбы.

Эфференттік: бас – ми жүйкесінің 4 жұбы



Фотомоторлық рефлексі

Жануарды қаракөлеңке бөлмеге орналастырып, бір жақ көзіне қуатты люминесценттік шам жарығы түсірілгенде ол миоз жағдайында болады (тікелей рефлекс). Көру жүйкелерінің жартылай айқасуына байланысты екінші жақ көз де осы жағдайда болуы керек (тікелей емес немесе консенсуальдық рефлекс). Қарашықтың диаметрі қалыпқа келгеннен кейін жануардың келесі көзіне жарық түсіріп зерттеу жасалады. Рефлекс тез, толық және тұрақты болуы керек.

Жалпы және оптикалық жолдар.

Афференттік: Бас – ми жүйкесінің 2 жұбы, претектальдық ядро, бас – ми жүйкесінің 3 жұбының парасимпатикалық ядросы.

Эфференттік: Түсті қабық сфинктері бұлшық етіне дейінгі бас – ми жүйкесінің 3 жұбы


Көз – бас рефлексі

Жануар басын бір жағына бұрғанда көзі жайлап қарсы жаққа қозғалады, содан соң жылдам бас бұрылған жаққа оралады. Аяқ астынан байқалатын нистагм көз қозғалысының бұзылуы деп есептелмейді

Афференттік: Бас – ми жүйкесінің 8 жұбы.

Эфференттік: Кең бағыттағы көзді қозғаушы жүйкелер,

Орталық көлденең шоғыр арқылы вестибулярлық жүйемен қарым қатынастағы бас – ми жүйкесінің 3 - ші, 4 - ші, 5- ші жұптары.

Кесте – 2 - Көздің көруінде маңызды рол атқаратын бас - ми жүйкелерін зерттеу




Көз алмасын жүйке жүйесімен қамтамасыз ететін жүйке тамырлары

Көру анализаторының рольі, жүйке жүйесі

Көру анализаторының зақымдалу белгілері

Клиникалық зерттеу әдістері

2 -ші жұп көру жүйкесі

Көру, жарықты сезуді көру қиылысына дейін жеткізу.

Көрмеу, мидриаз.

Кедергілер арқылы өткізу.

Мақта түйірлерімен сынақ.

Көздің орналасу жағдайы.

Қауіпке жауап беруі.

Жарық әсеріне рефлексі.

Фотомоторлық рефлексі.




3- ші жұп көзді қозғау жүйкесі

Жоғарғы қабақтың көлденең жолақты көтергіш бұлшық еті.

Оң жақ бұлшық еттер.

Ішкі қиғаш бұлшық ет. Түсті қабықтың сфинктерінің бұлшық еті.

Кірпікті дене бұлшық еті.



Жоғарғы қабақ птозы.,

Латеровентральдік страбизм.,

Мидриаз.,

Аккомодацияның қиындығы.




Көздің орналасуы. Фотомоторлық рефлексі.

Көз – энцефальдік рефлекс.




4- ші жұп айналма (блоковый) жүйке

Сыртқы қиғаш бұлшық ет.

Қиғаш дорсомедиальдық страбизм. Жоғарғы қабақ девиациясы.

Көздің орналасуы.,

Көз түбі.

Көз – энцефальдік рефлекс.


5 - ші жұп үштік жүйке

Көз алмасы мен қосымшаларының сезгіштігі.

Қасаң қабық пен қабақтардың жансыздануы.

Палпебральдік рефлекс.

Қасаң қабық рефлексі.



6 – шы жұп сыртқа бұру (абдуктор) жүйкесі

Көз алмасын арқа тартқыш (ретрактор) бұлшық ет.,

Сыртқы түзу бұлшық ет.



Үшінші қабақтың сыртқа айналуының (экстериоризация) болмауы.,

Медиальді страбизм.



Көздің орналасуы.,

Қасаң қабық рефлексі.,

Көз – бас рефлексі.


7 – ші жұп бет жүйкесі

Шайнау етінен басқа бастың бетінің беткейлі бұлшық етінің қозғалысы.

Жас безінің жиырылуы (парасимпатикалық талшық).




Қабақ птозы.

Жастың аз бөлінуі.



Бастың бет аймағын зерттеу.

Пальпебральдық рефлекс.

Қауіпке жауап беруі.

Жарық әсеріне рефлексі.

Қасаң қабық рефлексі.

Ширмер сынағы (тесті).



8 – ші жұп құлақтың ұлушық жүйкесі

Көзді қозғаушы.

Патологиялық нистагм.

Латеровентральдік страбизм.




Көздің қозғалысы.

Көз – бас рефлексі.



Көз алмасының симпатика -лық жүйкесі

Көздің ішкі тегіс бұлшық еті.

Үшінші қабақ (мысықта) және қабақтың тегіс бұлшық еті.

Түсті қабықтың дилататор бұлшық еті.

Тамырлы. қабықтың қан тамырларын жүйкемен қамтамасыз ету.




Эгзофтальмия.

Жоғарғы қабақ птозы.

Үшінші қабақтың түсуі.

Анизокориальдік миоз.

Конъюнктиваның қызаруы.


Симпатомиметикалық тестілеуге арналған тамшылар.

Басқада клиникалық белгілерін зерттеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет