"Семинар" сөзі латынның "seminarium" – егу дегенді береді. Білімді «егуші» мұғалім өз оқушыларына пікірін, білімін береді деп ауыспалымағынада қолданылған. Ежелгі грек және римдік мектептерде семинарлар пікірталас, оқушылардың баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ.-дан ресейлік және қазақстандық университтетерінде таралған. Семинар сабақтары практикалық сиптта болып келген, олар белгілі бір ғалымның мектебі болып саналған. Бүгінгі ЖОО-нда семинар гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрі болып табылады. Бұл студенттердің ғылыми ойлауын дамыту құралы. Семинар пәнді терең зерттеуге, ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге арналған. Семинар сабақтарының басты мақсаты – студенттерге зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Семинарда мынадай педагогикалық міндеттер шешіледі:- кәсіби шығармашылық ойды дамыту;- танымдық мотивация;- оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану:а) сәйкесінше ғылымның тілін меңгеру; ә) түсініктерді, ұғымдарды, анықтамаларды қолдану дағдылары;б) интеллектуалды проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, өз пікірін қорғау, басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру. Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай жеке міндеттерді де шешеді:- білімді қайталау және бекіту;- бақылау;- педагогикалық қарым-қатынас. Қазіргі жоғары мектепте семинар сабақтарының үш типі бар: просеминар, кәдімгі семинар, арнайы семинар. "Семинар" сөзі латынның "seminarium" – егу дегенді береді. Білімді «егуші» мұғалім өз оқушыларына пікірін, білімін береді деп ауыспалымағынада қолданылған. Ежелгі грек және римдік мектептерде семинарлар пікірталас, оқушылардың баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ.-дан ресейлік және қазақстандық университтетерінде таралған. Семинар сабақтары практикалық сиптта болып келген, олар белгілі бір ғалымның мектебі болып саналған. Бүгінгі ЖОО-нда семинар гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрі болып табылады. Бұл студенттердің ғылыми ойлауын дамыту құралы. Семинар пәнді терең зерттеуге, ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге арналған. Семинар сабақтарының басты мақсаты – студенттерге зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Семинарда мынадай педагогикалық міндеттер шешіледі:- кәсіби шығармашылық ойды дамыту;- танымдық мотивация;- оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану:а) сәйкесінше ғылымның тілін меңгеру; ә) түсініктерді, ұғымдарды, анықтамаларды қолдану дағдылары;б) интеллектуалды проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, өз пікірін қорғау, басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру. Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай жеке міндеттерді де шешеді:- білімді қайталау және бекіту;- бақылау;- педагогикалық қарым-қатынас. Қазіргі жоғары мектепте семинар сабақтарының үш типі бар: просеминар, кәдімгі семинар, арнайы семинар.
Достарыңызбен бөлісу: |