Сын есімдерді қолдануда балалар қиындыққа кездеседі. Заттардың түсі, мөлшері, дәмін белгілемейтін сөздердің бірең-сараң ғана қолданады. Белсенді сөз қорында балалар, негізінен әмбебап ауыстырулары пайдаланылады: жаман, жақсы, үлкен, кішкентай. Адамның ішкі тұлғалық қасиеттерін белгілейтін бағалау сипатындағы сын есімдерді сирек қолданылады. Енжар сөз қоры белсендіге қарағанда көбірек, бірақ оның өзектіленуі үлкен қиындыққа ұшырайды; бір сөзді қайталау үшін балалар көмекші сұрақтарды қажет етеді. Көп сөздер сол беті түсінікті болмай кетуі де мүмкін.
Интеллектісі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің граммматикалық құрылымы кешігіп, ерекше өзінің жетілмеуімен ерекшеленеді де, аграмматизмдер, грамматикалық жалпылауды қажет ететін тапсырмаларды орындағандағы қиындықтарымен сипатталады. Сөйлем құраған кезде конструктивті сипаттағы және стилистикалық қателер көп кездеседі.
Тұрақты және таралған қателер: сөйлемдегі сөздердің байланысы жоқ, септік формаларды шатастырады.
Байланыстырып сөйлеуі өте баяу дамиды. Ұзақ уақытқа дейін ситуативті және сұрақ-жауап кезеңінде ғана болады. Өз бетімен баяндауға көшу қиын әрі көп жағдайларда жоғары сыныптарға дейін созылуы мүмкін.
Зияты бұзылған балалардың оқуы мен жазуының бұзылуы.
Оқу процесін меңгеру зияты бұзылған балаларда баяу болып, өз ерекшеліктері мен қиындықтарына ие.
Бірінші сынып оқушылары әріптерді танып білуде, дыбыстарды буынға қосуда қиналады, ал зияты бұзылған балаларда фонематикалық талдау функциясы әлсіз қалыптасқан. Оларда буын туралы жалпы түсінігінің қалыптасуы да қиындатылған. Зияты дамымаған балалардың дыбыс-буындық талдау қабілеті төмен, соның салдарынан балалар оқыған сөзін тануы баяу және оқыған сөздің мағынасын түсінбейді.
Оқу бұзылыстарының сипаты мынандай:
- әріптерді меңгермеуі;
- әріптеп (ежіктеп) оқу;
- сөздің дыбыстық және буындық құрамын бұрмалау;
- оқығаның түсінбеу;
- оқыған кездегі аграмматизмдер.
Зияты зақымдалған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.
Зияты бұзылған оқушылар сөйлеу тілі даму кемістіктерінің және механизмінің күрделілігінің болғандығынан тұрақты логопедиялық көмекті қажет етеді. Оқу жылының басында мектеп логопеді оқушылардың сөйлеу тілін тексеруді ұйымдастырады. Жаңадан келген барлық бала нақтылы тексеруден өтеді. Бұрын логопедтің сабақтарына қатысып жүрген, бірақ оқытуды қажет ететін балалар да тексеріледі. Бұндай балаларды тексерудің мақсаты – оқу жылының басындағы сөйлеу тілі жағдайын айқындау. Тексеру төмендегідей қағидаларды ескеріп жүргізілуі керек: кешенділік, жан-жақтылық, жүйелілік, динамикалық.
Жеке тексеруде алынған мағлұматтар сөйлеу картасына енгізіледі.Тексеру қорытындылары бойынша логопедиялық сабақтар өткізілуі керек.
Оқушылардың әр тобына арнап логопед жұмыс кезектілігін, ұзақтылығын көрсететін перспективалық жоспар құрастырады. Логопедиялық сабақтар қажетті оқу-әдістемелік материалымен жабдықталған логопед кабинетінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |