ҚОРЫТЫНДЫ
Қатысушылардың сөздік қорын байыту олардың сөздік сөзжасамның құрылымының лексикалыұ және грамматикалық мағынасын болжайды, сондай – ақ олардың қолдану сферасындағы стилистикалық ерекшеліктері. Бұл пікір тілдік құрылымның анықталған сөйлеу тілі жағдайының оптимальды таңдауын оқытудың құрылуы негізгі болып табылады. Отандық әдістемеде оқушының сөйлеу тілін молайту жоспары былай бөлінеді:
сөздік жұмыс;
қатысушылардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын молайту бойынша жұмыс(интонациялық).
Қатысушылардың сөздік қорын молайту – бұл:
қазақ тілін оқытудың әдістемелік аймағы;
балалардың сөйлеу тілін дамыту бойынша бағыттың бірі;
мектеп курсындағы қазақ тілінің маңызды міндеті.
Қатысушылардың сөздік қорын молайту бойынша арнайы жұмыстың қажеттігі былай анықталады: біріншіден, тілде сөз маңызды рөлге ие(тілдің орталық бірлігі ретінде ол әр түрлі семантикалық ақпаратқа ие – түсінікті; эмотивті, функциональды – стилистикалық және грамматикалық; коммуникативті бірлікте – сөйлемде анықталған позицияны толықтырып, сөз адамдардың тілдік қарым – қатынасын қамтамасыз етеді), екіншіден, сөздік қорының күнделікті толықтырылып отырылуының қажеттілігі(адам қаншалықты көп мөлшердегі сөздік қорына ие болса, ол соншалықты ауызша сөйлеу тілі сияқты жазбаша сөйлеу тілінде де адамдар арасындағы коммуникациялық қарым-қатынасты іске асырады).
Қатысушылардың сөздік қорын байытудың мақсаты болып:
сөздің сандық көбеюі және сөздің қорында сапалы иеленуі;
белгілі және тағы да жетілген сөздерді қолдана алуға оқыту.
Біздің жұмысымыздың экспериментальды зерттеуі оқыту – тілдік грамматикалық қабілетін қалыптастыру деңгейін зерттеуге бағытталған, яғни кіші мектеп жасындағы ақыл – есі кем оқушылардың сөздік қорын дамыту бойынша жұмысқа сүйенеді(сөздің құрамын анықтау, туынды сөздің сәйкес бірлігін орнату, біртүбірлі сөздерді талдау, сөз тортарының мағынасын анықтау, сөйлемді мүшелерге бөліп талдау, сөз тіркесіндегі сөздердің байланысын орнату, сөзді қандай да бір лексика – семантикалық мағынасы бойынша топтастыру).
Достарыңызбен бөлісу: |