Сөз қорын дамыту бойынша жүргізілетін логопедиялық жұмыс.
Түзете ықпал ету процесінде сөз қорын молайтуға, сөздердің мәнін анықтауға, сөздердің семантикасын дамытуға, лексикалық жүйелілік пен семантика жағын қалыптастыруға арналған жұмыс жүргізіледі.
Аса назарды предикативті сөздік, етістіктер мен сын есімдерге аудару қажет. Көмекші мектептін бастауыш сыныптарында жұмыс сөз қорын молайтудан басталады. Онда жиі қолданатын етістіктерді көбейту мақсатында ойындар ұйымдастырылады: «Кім (не) қалай қозғалады?», «Кім (не) қалай дауыстайды?», «Кім (не) қалай тамақтанады?», «Кім (не қандай дыбыстар шығарады)?», «Кім (не) не істейді?» т.б.
Кіші жастағы ақыл-есі кем оқушылардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері
Енді олигофрен балалардың лексикалық сипаттамасын қарастырайық. Олардың белсенді сөйлеу тілінде лексиканың әдеби, кітаби, ғылыми, терминдік және тағы басқа көп образды формалары болмайтынын атап өткен жөн.
Аномальды балалардың бұл категориясына жататын өзіндік сөздік
ауызша – тұрмыстық сөздік қормен шектелуін анықтауы мүмкін. Бұл ерекшеліктер Г. М. Дульнева, М. П. Феофанова, Л. В. Занков, В. Г. Петрованың және басқа да авторлардың жұмыстарында көрінді. Ақыл – есі кем жетіспеушілігі бар балаларда белсенді сөздігі кедей болатыны анықталған, көптеген бірінші сынып оқушылары таныс заттардың нақты атауын білмейді, мысалы қолғап, сағат, графин. Сөздердің аз қорымен тағы олар заттардың іс – әрекетін белгілейді. Сөздерде жұрнақтарды қолдану және меңгеру үлкен қиындық туғызады. Егер ақыл – есі артта қалған оқушы әрекеттердің әр алуандығын айтуды қаласа (кесіп алды, жапсырды, соқыр қылды және т. б.), ереже сияқты, жуық форманы өолданылады (істеді) [22,c.135].
Г. М. Дульневтің тәжірибесі көрсеткендей, ақыл-есі кем балалар оқушылар заттардың сапасын сипаттаған кезде сын есімді қолданылады(ақ қар, қызыл гүл, тәтті шәй және т. б), салыстырмалы шырайды өзгертпейді (ақ – ағырақ), одағаймен салыстырмайды (өте ақ, өте қайырымды). Сөздік қор жетіспеушілігі ойды, сезімді дұрыс жеткізе алмауға әкеледі, сөйлеу тілін үлгілік, примитивті істейді.
Ақыл-есі кемдік - бас миының органикалық зақымдануы салдарынан туындайтын танымдық әрекеттің тұрақты бұзылуы. Зақымдану қабынбалы аурулардың (энцефалит және менингоэнцефалит), интоксикация (эндокринді, зат алмасу және т.б.), бас миының соққы алуы (туылу және күнделікті тұрмыста алған соққылар), сонымен қатар тұқымқуалайтын генетикалық аномалиялар салдарынан болуы мүмкін.
«Ақыл-ой дамуында артта қалу» және «ақыл-есі кемдік» терминдері ұқсас болғандығына қарамастан, олар әр түрлі мағына береді. Біріншісі қандай да бір анализатордың перифериялық бөлімі дамымаған немесе зақымдалған балалар үшін тән. Бірақ та мұндай балаларда бас миының органикалық зақымдануы жоқ, оларды сенімді түрде ақыл-есі кеміс емес деп айтуға болады.
ОЖЖ өткір емес бұзылыстары (минималды милық дисфункция) салдарынан, сонымен қатар жағымсыз әлеуметтік жағдайлардың әсерінен балада ПДТ болуы мүмкін. Мұндай балаларға ақыл-ой дамуында артта қалушылық тән, бірақ ақыл-есі кемдік қарағанда табиғаты басқа және сәйкесінше оқыту жағдайларында орнын толтыруы мүмкін. Ақыл-есі кемдік пен ПДТ айырудың объективті критерийлері бар, соның негізінде анықтау диагнозы қойылады.
«Ақыл-есі кемдік» түсінігі олигофрения түсінігіне ұқсас, тепе-тең болып келеді. Бала жүйке жүйесінің күшті ауруынан зардап шегуі мүмкін, бірақ ақыл-есі кем емес. Ал басқаша жағдайларда сол ауру ақыл-есі кемдікке әкелуі мүмкін. Демек, олигофрендерден басқа ақыл-есі кемдерге шизофрения, эпилепсиямен ауырғандарды, сонымен қатар энцефалит, зақымдар алған және т.б. балаларды жатқызуға болады. Шизофренияның асқыну стадиясында балада танымдық процестерінің ағымы бұзылады, өздеріне қажетті дағды мен іскерлікті меңгерудегі ақпаратты нашар өңдейді және меңгереді. Ереже бойынша шизофренияның көрінуі кезіндегі емдеу нәтижесінде ақыл-ой дамуындағы артта қалушылық бірінші орынға шыққанда әдәуір бәсеңдейді, әлсірейді. Мұндай балалар олигофрен деген ой қалдырады. Олигофрениялық плюс деген атау алған берілген құбылыс, сондай-ақ ақыл-есі кемдік ретінде есептелуі мүмкін.
Көптеген ақыл-есі кем балаларда эмоционалды-еріктік аймағының бұзылуы, сондай-ақ физикалық даму аномалиясы байқалады. Алайда, бұл ерекшеліктер ақыл-есі кемістіктің жалпы сипаттамасы болып табылмайды және Ақыл-есі кемдік туралы қорытынды жасау үшін жеткілікті негіз бола алмайды. Мұндағы шешуші фактор болып жоғарғы психикалық функциясының бұзылысының болуы табылады.
XX ғ. басына дейін интеллектінің кез-келген бұзылысы ақылы аздық немесе идиотия ретінде анықталған. Қазіргі әдебиеттерде «ақылы аздық» түсінігі «ақыл-есі кемдік» түсінігіне жол берді. Отандық ғылымда идиотия деп олигофрения кезінде ақыл-есі кемдік ең ауыр түрін түсінеді. Әлемдік ғылымда бұл термин қолданыстан шығып қалған. Денсаулықты қорғауды әлемдік ұымдастыруда оны некорректный деп есептеген. Интеллектіні сандық бағалауға байланысты жеңілден ауырға дейінгі деңгейі бойынша ажыратылатын интеллектуалды бұзылыс ақыл-есі кемдік ретінде анықталады.
Ес екі бағытта дамиды – ырықты және тиянақты: Балалар ойын формасында жеткізілген, жарқын көрнекі құралдармен немесе есте сақталған бейнелермен байланысты, өздеріне қызығушылықты тудырған оқу материалын ырықсыз түрде есте сақтайды. Дегенмен, мектепке дейінгі балалардан айырмашылығы, олар мақсатын бағыттауға, өздеріне қызық емес болған материалды ерікті түрде есте сақтауға қабілетті. Жылдан жылға оқыту ерікті немесе ырықты еске сүйене отырып құрастырылады.
Зейін дамиды. Мектепке дейінгі балалармен салыстырғанда кіші мектеп жасындағы балалар зейіндірек. Олар қызықсыз әрекеттерге зейіндерін шоғырландыруға бейім, бірақ оларда әлі де ырықсыз зейін сақталады. Баланың ырықты зейіні дами бастайды.
Алғашында мұғалімнің айтқандарын орындап, оның бақылауымен жұмыс істеп, ол енді тапсырмаларды өз бетінше орындауға көшеді - өзі мақсат қояды және өз әрекеттерін қадағалайды.
Кіші мекпеп оқушысының тұлғасының дамуын қалыптастырайық. Кіші мектеп оқушысы жаңа жағдайға яғни ол маңызды оқу іс-әрекеті қоғамына енген, оның нәьтижелерін жақын туыстары немесе ересектері жоғары немесе төмен бағалайды. Мектептегі үлгеріміне байланысты, баланың жақсы немесе нашар ретіндегі бағалары осы кездегі оқушы тұлғасының дамуына байланысты.
Қазақ тілінің лнесикалық құрамы жалпылаудың әртүрлі өлшемімен сипатталады, соның арқасында заттың атауын жалпылай немесе арнайы атаумен атайды, мысалы: өсімдік – гүлдер – түймедағы. Осындай сөздерді қолдану қоршаған ортаны дұрыс әрі терең ұғындыруға мүмкіндік береді. Оларды сөйлеу тілінде, есте сақтауда, ойлауда адекватты қайтару. Бірте – бірте сөздердің мағынасын және қолдануын жетілдіреді. Көмекші мектептің кіші сыныбындағы оқушылар өз сөйлеу тілінде абстрактілі зат есімдерді қолданбайды: өсімдік, жастар, киім және т. б. Бұл сөздердің орнына нақты заттардың атауын атағанды жөн көреді. Мысалы «киім» түсінігі тек көйлек деп ғана түсінеді, ал бас киім, аяқ киімді атамайды.
Орта және үлкен жастағы балаларға жалғасқан сабақтан соң сөздерді қалыптастыруға болады, бірақ ол сөздерді белсенді сөздікте қолдану үшін мұғаліммен тәрбиеленуші жағынан систематикалық бақылау керек [1,c.183].
Олигофрен балалардың сөйлеу тілі іс – әрекетінің сипаттамасы белсенді және енжар сөздіктің арасындағы айырмашылық маңызды кезең болып саналады. Эксперимент дәлелдегендей, ақыл – есі кем оқушылар үлкен көлемде сөздер біледі, бірақ сөйлеу тілінде өз бетімен қолданбайды. Сөйлеуге түрткі болатын маңызды фактор болып, сөйлеу тіліне әр түрлі сөз таптарын енгізу саналады (сын есім, сан есім, одағай т. б.). Олигофрен балалардың сөздігін молайтуға мұғалім күш жұмсайды. Бұл жұмыс мақсатқа бағыттаушылық мақсатта көрінеді. Лексиканы молайту белсенді сөйлеу тілінде сөздердің реализациясы үшін шарт құрылады, сонда ғана ауызша және жазбаша сөйлеу тілі молаяды, дамиды.
Мұғалімдердің арнайы психологиялық зерттеуі мен бақылауы көрсеткендей, ақыл есі кем оқушылардың грамматикалық сөйлеу құрылымы толық дамымаған. Олар қолданған жай сөйлемдерде, іс – әрекет себебін, уақытты, орынды, көрсететін күрделі синтаксистік бағыныңқылық болмайды. Қолданған жай сөйлемдердің құрылымында сөздер арасындағы байланыс бұзылады, септікті, түрді қолдана алмайды.
Сөйлеу тілінің дамуы ерте жастағы жалпы психологиялық дамудың маңызды аспектісі болып саналады. Сөйлеу ойлаумен тығыз байланысты. Сөйлеу меңгеруге қарай өз ойын айтумен байланысты бала қоршаған ортамен сөйлеу тілін адекватты түсінуді үйренеді. Сөйлеу балаға өз сезімдерін және уайымдарын айтуға мүмкіндік береді, өз-өзіне бақылау жасауға іс – әрекеттеріне көмектеседі.
Ауызша сөйлеу – бұл қалыпты, дыбыстық сөйлеу тілі, яғни бір - бірімен қатынасқа түскенде қолданады. Нақты шарттарға бағынып ауызша сөйлеу тілі тек диалогтық сөйлеуде көрінуі мүмкін, әңгімелесу формасында, екі немесе бірнеше қатысушылардың арасындағы сөйлесу, адам сұрақ қояды, оған жауап береді, ескерту немесе өз ойын айтады [24,c.371].
Достарыңызбен бөлісу: |