зерттеулері. Аңыздар мен ертегілерді зерттеулерді терең психологиялық
аспектілерде
К.Г.Юнг [60,с. 480], М.Л.Фон Франц, Б.Беттельгейм [157], В.Пропп
[152,с. 416] және басқалардың есімдерімен байланысты. Психоанализдің
терминологиясы аңыздарға негізделгенін атап өткен жөн. Ертегілер мен
аңыздардың жасырын мәнін танып-білу үрдісі бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
Үшінші кезең – психотехникалық кезең. Ертегіні кұрастыру тәсілін қолдану
бірде-бір педагогикалық, психологиялық, психотерапевтік технологияда жоқ.
Заманауи практикалық тәсілдер ертегіні техника ретінде, психодиагностика
«тізгіні» ретінде тұлғаны дамыту және түзету үшін қолданады.
Төртінші кезең – интегративті кезең. Бұл кезең тұжырымдаманы
қалыптастырушымен байланысты. Кешенді ертегі терапия, ертегіге рухани
көзқарас, ертегі терапиясын табиғат іспеттес түсіну көптеген ата-баба ұрпағымен
сыналған. Қазіргі таңда ертегі терапия психология, психотерапия және түрлі
мәдениет философиясында көптеген жетістіктерді синтездейді [86,р. 37].
Ертегі терапиясы – кез келген өзге де психотерапияның түрлері сияқты,
адам жанын тану мен емдеудің бір түрі. Ертегілерді психикалық үдерістердің дәл
қазір, осы сәтте өтіп жатқан және де көрініс беретін бір формасы тұрғысынан
зерттейді. Сондай-ақ бала психикасына жағымдырақ әсер беретіндей ертегіні
тудырады. Ол жерде психикалық таным үдерістердің желісіне, адамдардың ішкі
дүниесіндегі орын алып жатқан өзгеше құбылыстар легіне көңілді аударады.
Ертегінің кейіпкері бір мезгілдерде екі психологиялық деңгейлерге – сана мен
түп санадағы деңгейлер жүйесіне айналады. Бұлардың өзі коммуникациядағы
күрделі бір эмоциялы қарым-қатынастың тиімді және әсерлі түрі. Ертегі
терапиялары екі бағытта жүргізіледі, бірінші бағыты бойынша – әңгімелеп
айтуға, баяндауларға құрылған болса, екінші түрі – қойылымды,
театрландырылған бағытта жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымның педагогтерін даярлау кезіндегі педагог-
тәрбиешілер «ертегілер пайдасының орасан зор болатынын танып, балаларға
сіңіруі қажет.
51
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда, оларды ертегі терапиясын
оқу-оқыту үрдісінде пайдалануға үйрету – полифункционал психотехника түрі.
Оқыту мазмұнына байланысты ертегілер келесідей дамудың түріне жақсы әсер
береді. Ертегі терапиясы сабағындағы жұмыстардың мақсатын анықтау
маңызды: Не нәрсе жоспарлануда? Қандай типті нәтижелерге жетеді? Балалар
қандай да бір қасиеттерге ие ала ма? Баланың өмірінен орын алатын нақтылы
қиындықтар көрсетілгендей ерекше бір ертегілерді іріктеуі тәсілдерін меңгеру
тиіс. Біреуге тәуелді болу, келісе алмау, үрей, қорқыныш, қоршаған ортадағы
жағымсыздық және өзін-өзі бағалауының төмендігі, бұлар ішкі қарама-
қайшылықтар өзіне деген қайшылық. Ертегі терапиясы сабағын, бір ритуалдан
бастап сонымен аяқтаудың маңызы зор. Бала «сиқырлы» нәрсені барлық
ынтасымен орындайды. Ол ритуалды орындаудың балаға қуаныш әкелетіні анық
[158].
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау барысында, тәрбиеленушілер
үшін қолданылатын ертегі – бала дамуындағы маңызды рөлге ие әдебиет жанры
екенін меңгереді.Ертегі кейіпкерлері қарапайым әрі біркелкі, олар даралықтан
айырылған. Болашақ педагог осылармен бірге балалар қабылдауына түсінікті,
екі-үш қасиетпен шектелетінін меңгереді. Мұнда психоаналитик, психиатр
Б.Беттельгеймнің ертегіні қолдану кезінде балаға психотерапевтикалық ықпал
ету туралы «Сиқырлы ертегінің мәні мен пайдасы» атты кітапта өз тәжірибесі
туралы жазды. Ол бала дамуындағы психикалық бұзылудың себебі өмірдің мәнін
жоғалту деп санады және оны қалпына келтіруге ертегі көмектеседі. Ертегі
баланың зейінін жаулап, оның сүйіспеншілігін ояту, өмірін байыту, қиялын ын-
таландыру, ақыл-парасатын дамыту, өзін-өзі түсінуге көмектесу, ниеті мен
эмоцияларын солар арқылы өзінің және өз болашағының деңгейін көтеруге
мүмкіндік туғызуы керек деп ойлады [157,с. 36]. Психотерапевтің айтқан осы
пікірлерін жұмыс практикасында ескеру көзделді.
Ертегі терапиясы – әлеуметтенудің ең ежелгі әдісі, білім мен өмірлік
тәжірибені бір индивидтен екіншісіне беру, тыңдаушының қиялын дамыту,
әлеуметтік психологиялық көмек, шешілмейтін өмірлік жағдайларда қолдану.
Қазіргі таңда ертегі терапиясы әр түрлі жастағы балалармен, ата-аналармен,
ересектермен, тәрбиешілермен белсенді қолданылады.
Э.Фромм [61,с. 277], К.Г.Юнг [60,с. 480] ертегіні адамның терең
психикасының көрінісі ретінде қарастырды. Ханс Дикманн өзінің «Юнгтың
сиқырлы ертгілер талдауы. Сказание и иносказание» атты еңбегінде баланың
сүйікті ертегісі мен оның кейінгі тағдыры арасындағы ең терең байланысты
ашады; ертегі мотивтері оң және теріс мағынада тұлғаның қалыптасуы үшін әсер
етеді. Ертегі ересектердің мінез-құлқына және олардың психикалық өміріне
қалай әсер ететінін көрсетеді. Сонымен қатар ол мұндай әсерді патологиялық
процесті емдеуге қалай қолдануға болатынын айтты.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтері ертегі терапиясы арқылы балалардың
коммуникативті дағдыларын қалыптатыруға даярлауда тұлғаның интеграциясы,
және шығармашыл қабілеттін дамыту, сонымен қатар санасын кеңейтіп,
қоршаған ортамен өзара әрекеттесу барысын жетілдіруде қолданылатын
52
әдістерінің бірі. Тұлғаны психологиялық жағынан түзетуде ертегі терапиясын
қолдануға танымал шетелдік психологтар жүгінді: Э. Фромм, Э.Берн, Э.Гарднер,
И.В.Вачков, М.В.Осорина, Е.А.Лисина және басқалар. Ертегі терапиясы
психотерапиялық құралдардың жеке саласы ретінде жақында пайда болды. Бұл
саланың негізін қалаушы Т.Д.Зинкевич-Евстигнеева. «Ертегі терапиясы»
термині «ертегімен емдеу» дегенді білдіреді. И.В.Вачков ертегілерді дәрігерлер
де, психологтар да, педагогтар да қолданады және әр маман ертегіде өзінің кәсіби
міндеттерін шешуге көмектесетін қорды таба алады деп көрсетті [112,с. 38].
Өз зерттеулерінде метафоралар мен ертегілерді қолданатын психологтар
(Т.Д.Зинкевич-Евстигнеева, И.В.Вачков, ДБ.Кудзилов, Р.М.Ткач және басқалар),
тіпті ойынға алғашында қосылмаған, ертегіні қабылдамаған балалар, бәрі бірде
түпкі сана деңгейінде, оның пайдалы әсерін сезінеді дейді. Осы орайда,
балалардың коммуникативті қарым-қатынасын қалыптастыруда ертегі
терапиясы ең қауіпсіз және қызықты әдіс болып табылады.
Т.Д.Зинкевич-Евстигнееваның пікірі бойынша ертегі терапиясы жай бір
психотерапияның бағыты ғана емес, психология мен педагогика және әртүрлі
мәдени философиясының жетістігінің синтезі екенін айтады және былайша
тұжырымдайды: «Ертегі терапиясы бойынша семинарлар кезінде бізге нақты
проблемалармен мәселен балада болатын фобиялармен, әдеттегі спазмдармен,
агрессиялық мінез-құлықпен және басқа да тұлғалық ерекшеліктермен қалай
жұмыс істеу керек деген сұрақтар жиі қойылады. Көбіне біз ескі психологиялық
таптаурынмен жауап беріледі: «симптоммен емес, салдармен жұмыс жасаңыз»
[66,с. 7]. Атақты орыс психотерапевті, ертегі құрастырушысы Д.Ю.Соколов
«...ертегі терапиясы ауыздан ауызға тәжірибені беру құралдары ретінде
қолданылды. Белгілі қоғамдағы қабылданған әлемге өзіндік көзқарасы болатын
балаларды тәрбиелеу әдісі» дейді
[145,с. 24].
Ал О.А.Шорохова
ертегі терапиясы жеке адамға (көбінесе балаға) қажетті
моральдық нормалар мен ережелерді беру әдісі ретінде қарастырады. Бұл
мәліметтер әр түрлі эпостарда, халық ертегілері мен аңыздарында, астарлы
әңгімелерде көрініс тапқан және бұл тәжірибе мен әлеуметтенудің ең көне әдісі
деп анықтама берді [132,с. 25]. Л.Д.Короткова «ертегі терапиясы-бұл
эмоционалды бұзылуларды түзету және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты
жақсарту үшін ертегі формасын қолданатын әдіс. Ертегі терапиясының мақсаты
мен міндеті – балалардағы агрессивтілікті азайту, алаңдаушылық пен
қорқынышты жою, эмоционалды өзін-өзі реттеуді және басқа адамдармен оң
қарым-қатынасты дамыту» – деген анықтамасын ұсынады [64,с. 144]. Ол үшін
ертегі терапиясын балалармен жұмыс істеу барысында ертегі әдістері мен
тәсілдері қолданады. Ертегінің қарапайымдылығы мен өзіне деген үлкен
қызығушылығы арқасында қол жетімді болады. Осыған сәйкес тәрбиеші, ата-ана
баламен жұмыс жасау барысында ертегі терапиясын қолдана алады, алайда
ертегі терапиясын қолдану кезінде арнайы жасалған оқу материалдары,
нұсқаулықтардың болуы шарт әрі бұл ертегіні ұтымды пайдалануға мүмкіндік
береді.
53
Ертегі терапевті А.В.Гнездилов ертегі терапиясының пәні ретінде «баланың
ішкі жан дүниесін тәрбиелеу, дамыту, оқиғалар туралы хабардар болу, деңгейін
арттыру, өмір заңдылықтары мен шығармашылық күштің әлеуметтік көрінісі
туралы білім беру» деп көрсетеді. Сонымен қатар ол ертегі терапиясы – бұл «есте
сақтау» және жасөспірім мен ересек адамға үйлесімді дүниетанымды қайтару
процесі екенін баса айтады [68,с. 39].
Бір қарағанда ертегілер бәрі бірдей болып көрінгенімен, алайда психологтар
ертегі терапиясын қолдану кезінде баланың психикалық жағдайына дұрыс әсер
ету үшін оларды топтарға бөліп қарастырып, жүйелі қолдануға тырысады. Осы
орайда Т.Д.Зинкевич-Евстигнеева ертегілерді жүйелеп, бірнеше типологиясын
бөліп көрсетеді (сурет 5).
Сурет 5 – Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева бойынша ертегілер түрлері
Суретте көрсетілгендей көркем ертегілеріге халықтың сан ғасырлық
даналылығымен құралған көркем ертегі мен авторлық әңгімені жатқызамыз.
Ертегінің бұл түрі өзіне бала кезінен жақсы таныс, негізгі моральдық қағидалар
мен мінез-құлық ережелерін белгілейді, кейіннен қарым-қатынас жасау кезінде
балаға алғышарт ретінде қызмет етеді. Олар мінез-құлқында агрессивтілік,
ашкөздік, мақтаншақтық, басқаларға жағымсыз көзқарасы бар балалардағы
қажет емес мінез-құлық белгілерін түзету әдісі ретінде ұсынылады. Көркем
ертегіге ертегі, аңыз, астарлы бір әңгімелер жатады. Көркем ертегіде
дидактикалық және психокоррекциялық, сонымен қатар психотерапевті-
медитациялық аспектілері бар. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі
ертегілер
психотерапевтік
ертегілер
психокоррекция
лық ертегілер
дидактикалық
ертегілер
көркем
ертегілер
медитативті
ертегілер
диагностикалық
ертегілер
54
терапиясы арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға
даярлау кезінде аталған ертегілердің тигізер пайдасы мол [159].
Авторлық ертегілер көбінесе оны жазған адамның, жеке-психологиялық
қорлары мен мүмкіндігін бейнелейді. Сонымен Т.Д.Зинкевич-Евстигнеева,
авторлық көркем ертегілер халықтық ертегілерге қарағанда бейнелі деп
түсіндіреді. «Егер біз пациентке өзінің ішкі қобалжуларын түсінуге
көмектескіміз келсе, біз, бәлкім, кескіннің үлкен көлеміне карамастан, авторлық
ертегіні таңдаймыз (олар дәл сол сәтте құнды ғой) [66,с. 37].
Достарыңызбен бөлісу: |