106
Біздің топтың ережесі. Танысып болған соң, қарым-қатынас формасының
ерекшелігі мен практикалық сабақтың негізгі ережелерін меңгеруге кірісеміз.
Қазір біз олардың негізгілерін талдаймыз, ал сосын өзіміздің тобымыздың
жұмыс ережесін өңдеуге кірісеміз. Сондықтан ұсынылып отырған ережелерді
мұқият тыңдаңыздар (сабақ материалдарын қараңыз).
Ертегі жайындағы әңгіме. Ал енді біз ертегі және олардың адам өміріндегі
мәні жайында әңгімелесеміз. Біздің барлығымызға
балалық шақтағы ертегі
таныс. «Ертегі» сөзін сендер немен байланыстырасыңдар, айтыңдаршы?
Қатысушылардың жауаптары (балалық шақ, сиқыр, сүйікті кейіпкер, ана, құпия)
Шынында ертегі бізде позитивті, қуанышты сәттер мен жағымды сезімдерді
тудырады. Сондықтан да, қазір психолог-педагогтардың тәжірибесінде ертегі
терапиясы деп аталатын жаңа әдістің пайда болуы да кездейсоқ емес, яғни
ертегімен емдеу. Сіздер ертегімен қалай емделуге
болады деп сұрауларыңыз
мүмкін? Ежелгі заманнан бері аңыз, оқиға, ертегілер, мифтер арқылы берілген.
Сондықтан нақты бүгін, жүз жылдық торабында оған адамдар интуативті бет
алуда. Інжіл, Құранды оқиды, ертегі, аңыз, мифтердегі жасырын мағынаны
іздейді, мүмкін мұның барлығын ежелден ой тереңінде жатқан белгіліні қайтадан
ашу үшін шығар?! … Білім – қадірлі, терең. Тек өзің жайында ғана емес, сонымен
бірге қоршаған орта жайында да білімнің емдейтіні сөзсіз. Өйткені, ертегі
терапия – ертегілер арқылы емдеу деп айтамыз.
Сондықтан клиентпен бірге
өзіміздің де ой тереңінде жатқан білім көзін ашуды мақсат етеміз.
Кейбіреулері ертегі терапияны – кішкентай балаларға арналған әдіс деп
ойлайды. «Иә» және «жоқ». Ол – «балалар» әдісі, адамдағы «балалық бастаудың»
тірі шығармашылық жаратушысын ашуға бағытталған… – «иә». Сонымен бірге
ол жас бойынша шектеледі – «жоқ». «Ертегі тек балалар үшін емес пе!» деп
айтады. Заманауи детектив, триллер, фантастика, сериал, махаббат романдары –
ертегі емес пе? Оларды үлкендер қызығушылықпен оқиды. Демек, «Мәңгілік
жастықтың» құпия ертегісі кез келген жаста – өзінде! Жаңа, құнды, әрі
ойландыратын бір нәрсенің үнемі ашылу үдерісі. Ал, енді мен сіздерге бір
қызықты ертегіні оқып бергім келіп тұр, сіздер тыңдаңыздар.
Ертегі тыңдау. «Қарттың ұлына өсиеті» ертегісі.
Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
- Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең,
бал же, – деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай
бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп,
ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз
жүріп, бір үйілген тастың
тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап
отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін
алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке:
- Неғып отырсың? – дейді.
Жігіт:
- Жәй отырмын, – деп жауап береді.
Шал:
- Шыныңды айт! – деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды.
107
Шал:
- Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, – дейді.
Жігіт:
- Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін
орындаймын деп, кедей болдым, – дейді. Шал:
- Қандай өсиет айтып еді? – дейді. Жігіт:
- Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», – деп еді, мен атамның
сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал»,
– деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», – деп
еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық
ақшам таусылды, – дейді.
Талқылау. Ал, осы тұста әркім өз ойын айта кетсе. Әкесінің береген өсиетін
баласы дұрыс түсінді ме? Әкесінің береген үш өсиеті нені білдірді. Баласының
іс-әрекеті дұрыс болды ма? Студенттер берілген
тапсырма бойынша өз
ойларымен бөліседі. Соңында оқытушы жауабын айтады.
Жауабы:
Шал тұрып жігітке:
- Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз
ал» – дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-
тәтті өмір сүресің» – дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың
болсын, барғанда түсетін» – дегені еді. «Ас ішсең бал же» – дегені: «Еңбек істеп
ас ішсең, балдан тәтті болады» – дегені еді, – деп, қарт өз жөніне кетіпті.
Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.
7. Қоштасу рәсімі. Қатысушылар шеңбер болып тұрып, бір-бірінің иығына
қолдарын қояды. Олар бір-бірімен жылы шыраймен қарап: «Рахмет, сау бол!» –
деп, айтады. Қоштасу рәсімін балалардың өздері де ойлап табуы мүмкін.
Бастысы ол позитивті сипатта болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: