Қақырықты сапалы жинауға ең маңызды болып табылады


Науқас терісі мен көрінетін шырышты қабаттары сары түсті. Тері мен шырышты қабаттарының сарғаю себебі неде?



бет3/14
Дата15.06.2024
өлшемі49.58 Kb.
#502597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Фельдшер тест 24жыл (копия) (копия)

. Науқас терісі мен көрінетін шырышты қабаттары сары түсті. Тері мен шырышты қабаттарының сарғаю себебі неде?
Тері қантамырларының тарылуы
<+a>Қандағы биллирубиннің жоғарлауы
Қандағы оттегінің жоғарлауы
Қандағы оттегінің азаюы
Қантамырларды кеңейтетін препараттардың әсері


. Эритроциттер мен гемоглобин организмде қандай негізгі қызметтерді атқарады?
қалыпты гемостазды қамтамасыз етеді
қан кетуді тоқтатады
микроциркуляцияны жақсартады
организмнің қоғаныс қызметін қамтамасыз етеді
<+a>тіндерге оттегі тасымалдайды
. Ер адам таңертен бетінің ісінуіне байланысты емханаға келді. Тексеру тағайындалды. Зәр анализінде: белок-3,5г.,жалпақ эпителий-3-4 к-а; Биохимиялық қан анализінде : белок-45 г/л; холестерин-11 ммоль/л; Синдромды анықтаңыз:
<+a>Нефротикалық
Нефриттік
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
Ісіну
. Жедел жәрдем фельдшері үй жағдайында көмек көрсетті. Науқас әлсіздікке, дене температурасының 38,5 С жоғарлануына, сол жақ мықын аймағынадағы толғақ тәрізді ауруына, дефекация алдында күшеюіне, шектің
толық емес босамау сезімі, қан мен шырыш аралас жиі сұйық нәжіске шағымданды. Объективті тексеруде сол жақ мықын аймағында қатты ауырсыну анықталды.Пальпация кезінде сигма тәрізді ішектің түйілуі. Болжамды диагноз:
<+a>Шигиллез
Сальмонеллез
Иерсиноз
Холера
Амебиаз
. DOTS-стратегиясы бойынша өкпе туберкулезінің негізгі диагностика әдісі:
<+a>қақырықтың бактериоскопиясы
бронхоскопия
өкпе рентгенографиясы
өкпенің компьютерлік томографиясы
иммунологиялық зерттеу
. Жалпы тәжірибе дәрігеріне ер адам дене қызуының жоғарлауы, түнгі тершеңдік, жақ асты, мойын,қолтық асты, бұғана үсті, бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғаюына(тығыз, ауырсынусыз,қозғалмалы) диарея,тәбеті болмауы шағымдарымен қаралды. Соңғы 4 айда салмақ жоғалтқан. Анамнезінен әйелдермен де, ер адамдармен де жыныстық қатынас көп болғаны анықталды. Қандай аурудан күдіктенуге болады?
<+a>АИТВ инфекциясы
Қызамық
Лимфогранулематоз
Лимфа түйіндерінің туберкулезі
Жұқпалы мононуклеоз
. 3 жасар бала. Анасы баласының денесінен бөртпені байқады. Қарап тексергенде:
жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Бетінің , кеуденің, аяқ- қолдарының терісінде ұсақ бөртпелер бар. Тамағы қызарған. Пальпацияда-желке тұсында лимфа бездері бұршақ көлеміне дейін ұлғайған, ауырмайды,серіппелі. Сіздің диагнозыңыз?
желшешек
қызылша
жәншау
<+a>қызамық
алергиялық бөртпе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет