Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет12/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Бақылау сұрақтары: 
 Ә әрпі орфографиялық ереже бойынша қалай жазылады? 
2 Ы, І дыбыстарының қолданылуында қандай қиындықтар бар? 
3 О, Ө дыбыстарының жазылуы қандай 
4 Ж мен ш дыбыстарының қолданысы қандай? 
5 И дыбысын жалаң және қосар дыбыс ретінде қалай танисыз?


15 
6 Ф, х әріптері көбінесе қандай сөздерде қолданылады? 
7 В, ч, ц әріптерінің емлесі қандай? 
 
1 – жаттығу. Текстерден а, ә, е, ы, і әріптері қатысқан сөздерді теріп 
жазып, олардың қай орында қандай дыбыстық мағынада қолданылып тұрғанын 
түсіндіріңіздер. 
 
1-нұсқа. Осымен Абай бастаған төрт аңшы Қырғыз шатынан шығып, 
Жәнібекті желкелеп, Қазбаладан өтіп, күн түске тақаған кезде, Ботақан 
ошағынан аса берді. Бұл жолда да қар қалыңдай қоймапты. Жүргіншілер келе 
жатқан әзіргі жерлер – Абай ауылдарының, ағайындарының жылдағы, жазғы 
таныс қоныстары. Аттары семіз, күйлі. Тегіс тағаланған, жүріске қажитын емес. 
Бір қалыпты бұлаң құйрықпен, жіті жортып келеді. Тынық күндерде жауған 
ақша қар, әлі сырттың аязы мен қатты желін көрмегендіктен, үлпілдеп, 
мамықтай боп, күпсек жатыр. Ат аяғына бөгеттігі азғана. Бірақ аттың 
шашасынан асқан, жолсыздың қары болғандықтан, жолаушылар қатар жүрмей, 
шұбыра жортып келеді (М.Ә.). 
2-нұсқа. Әйгерім ауылға сол жанжал болатын күннен сәл бұрын кешке 
жақын қайтқан-ды. Үш күн бойы, көптен көрмеген сауығына қайтқан, әнін 
тапқан жас өнерпаз әйел, осы күндерін, талайдан сағынған арманды күткендей 
рақаттанған екен. Кеш бата өз үйінің сыртына кеп, пар ат жеккен жеңіл арбадан 
түскенде, Абай мен Ербол тыста тұр еді. 
Әйгерімнің өңі ақ, қызылы қызыл боп, өзгеше құлпырғандай. Бұрын бір 
Абаймен ыстық шағындағы сауық-сайран салған, шексіз ән салған 
күндеріндей көрікті екен. Қасындағы Злиханы киім-кешектерімен үйге 
жіберіп, әдеттегі сыпайы, биязы қозғалысымен Абайлар қасына кеп, ауыл 
амандығын сұрады. Абай Әйгерімнің жүзіне таңдана, қызығып қарағандай 
(М.Ә.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет