Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А


Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт



Pdf көрінісі
бет20/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт дыбыстарына аяқталатын 
орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і дәнекер дыбыстары 
(әріптері) арқылы жалғанады: фонд+ы+сы, фонд+ы+ны, ценз+і+ге, ценз+і+сі, 
штамп+ы+ны, 
штамп+ы+лау, 
танк+і+ге, 
танк+і+лер, 
франк+і+сі, 
митинг+і+ге, митинг+і+сі, шланг+і+ге, шланг+і+сі, ромб+ы+ға, ромб+ы+сы, 
объект+і+ге, объект+і+сі, киоск+і+ге, киоск+і+сі, киоск+і+лер, Омск+і+ден, 
Омск+і+ге, 
лифт+і+мен, 
факт+і+сі, 
факт+і+лер, 
рецепт+і+нің, 
рецепт+ті+ге, 
манускрипт+і+ге, 
почтамп+ы+ға, 
экспромт+ы+ны, 
фармацевт+і+ге, ямб+ы+ны. 
Қатар келген дауыссыз дыбыстар тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт, 
рш, нт, рд, рм, фр т.б.) аяқталған кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і 
дәнекерінсіз, буын үндестігі бойынша тікелей жалғанады: финанс+қа, 
финанс+ы, аванс+ы (авансысы емес), цемент+ке, цемент+ті, фермент+тік, 
цифр+ға, цифр+ы (цифрысы емес); хлороформ+ға, хлороформ+нан, 
хлороформ+ы, фунт+қа, фунт+ы, формант+тар, формант+ы. 
Сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстарына біткен орыс тілінен енген 
жалпы есімдер атау күйінде өзгеріссіз жазылады да, оларға қазақ тілі 
қосымшалары жалғанғанда соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады: кросс, 
кросқа, кросы, класс, класқа, кластар, класы, металл, металды, металы, 
грамм, грамм +ға – грамға, грам м+дық – грамдық, грамм +ы – грамы, 
киловатт+қа – киловатта, грипп +і – грипі, съезд+ге – съезге, съезд +і – съезі, 
ведомость+ка – ведомосқа. 
Бірдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы есімдерге қазақ тілі 
қосымшалары жалғанғанда, қос әріп сақталып жазылады, тек қосымшаның 
басқы дауыссыз дыбысы түбірдегі қос дыбыспен бірдей болғанда ғана, үш 
біркелкі әріп жазылмай, екеуі жазылады: Гримм+ге – Гриммге, Гримм+ді – 
Гриммді, Гримм+мен – Гриммен (Гримммен емес), Покрасс+тың – 
Покрасстың, Покрасс+қа – Покрассқа, Кирилл+ге – Кириллге, Филипп+тің, 
Филипп+пен–Филиппен (Филипппен емес), Кузбасс+тың – Кузбасстың, 
Донбасс+қа – Донбассқа, Порккала-Удд+тан – Порккала-Уддан, Лакснесс+ке 
– Лакснесске. 
Әріптерден қысқарған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары соңғы әріптің 
немесе соңғы цифрдың айтылу әуеніне қарай, ал олардың ішінде дауысты 
дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке жалғанады 
да, дефис арқылы жазылады: АҚШ-қа, БАМ-ға, ЮНЕСКО-ның, МТЗ-82-ге 
(сексен екіге). 
Цифрмен жазылған есептік, бөлшек сан есімдерге дефис арқылы 
жалғанатын қосымшалардың жуан-жіңішкелігі цифрмен белгіленген санның 
айтылуына қарай болады: 10-ды 2-ге көбейт (онды екіге). Оқушылардың 20- сы 
экскурсияға кетті (жиырмасы). Жолдың 1/5-іне келіп қалдық (бестен біріне).


23 
Процентті (%), градусты (°) белгілейтін таңбалары бар сөздерге қосымша 
пайыз (процент), градус деген сөздердің соңғы буынының әуенімен (процент 
сөзіне жіңішке, пайыз, градус сөздеріне жуан) жалғанады: жұмыстың 90%-
ы(тоқсан пайызы) немесе 90%-ті істелді (тоқсан проценті). Суықтық 20°-қа 
дейін барды (жиырма градусқа). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет