Ескерту. Етістік тұлғалы сөз тіркесінен жасалып, терминге айналған сөздер біріктіріліп
жазылады. Мысалы: басқосулар (саяси-әлеуметтік термин, яғни белгілі бір адамдар тобының
белгілі бір саяси, қоғамдық, тәрбиелік т.б. мақсатпен бас қосқан жиындарының ресми атауы),
жанкүйер (спорт термині), мұзжарғыш (кеме), қаржыртқыш (машина атауы), қойтоғытпа
(ауыл шаруашылық саласының термині, яғни қойға қотыр түсірмеу және қотырдан емдеу
үшін қолданылатын арнаулы шараның атауы), мұзойнақ (спорт термині), өнертапқыш,
өнертапқыштық, пікірталас, атқамінер, алыпсатар, ізашар, еттартқыш, шаңсорғыш (құрал
атаулары).
Қыз, ер, сал, сері, батыр, балуан, сұлу, би, қожа тәрізді тұрақты эпитеттер
өздеріне қатысты жалқы есімдерден бөлек жазылады. Олар жалқы есімдердің
алдынан да, соңынан да келе береді. Алдынан келгенде, эпитеттер бас әріппен;
ал соңынан келгенде кіші әріппен жазылады. Қыз Жібек, Ер Тарғын, Балуан
Шолақ, Алдар Көсе, Ер Төлеген, Батыр Мәлік, Тентек Ояз, Кішкене Молда
(соңғы екеуі Мұхтар Әуезовтің “Абай” романынан), Жаяу Мұса, Біржан сал,
Ақан сері, Қамбар батыр, Баян сұлу, Жиренше шешен, Аяз би, Игілік би,
Күреңкөз қожа (соңғы екеуі Ғ.Мүсіреповтің “Оянған өлке” романынан).
Ұқсас жер аттарын бір-бірінен ажырату үшін сол атаулардың алдынан
келетін тұрақты анықтауыштар бас әріптен басталып, бөлек жазылады: Кіші
Жамантау, Үлкен Жамантау, Күнгей Алатау, Ақ Қойтас, Қара Қойтас, Орта
Азия, Орталық Азия, Кіші Азия.
Ғылымның
әр алуан саласына жататын күрделі терминдердің
компоненттері бөлек жазылады. Ол күрделі атаулар бірнеше тәсілмен
жасалады: 1. тәуелдік жалғаулы сөзбен келеді: көмір қышқылы, тіл білімі, оқу
орны, мал шаруашылығы (животноводство); 2. етістікті тіркес болып келеді.
Мысалы: дауыс беру, жер аудару, шағым беру (заң термині), тыйым салу; 3.
30
анықтауышты тіркес болып келеді: өзара әсер (философия термині), жеке адам
(личность), жәрдем ақша (пособие).
Достарыңызбен бөлісу: |