Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет25/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Е с к е р т у. Бұл ережеге қарақағаз сөзі бағынбайды. Ұлы Отан соғысы 
кезінде пайда болған бұл атауда қара сөзі қағаздың түсін де, мақсатын да 
көрсетпейді, майданда қаза тапқан адам туралы ресми хабардың атауы болып 
табылады. 
Адам, мал, айуан организмі мүшелерінің атауларын білдіретін екі зат 
есімнен құралған күрделі сөздердің әрбір компоненті бөлек жазылады. 
Олардың соңғы компоненті көбінесе жалпы атау (сүйек, жілік, қол, тіс, көз, 
жақ, омыртқа, бет, ет, тамыр т.б.) болады да, алдыңғы компоненті соларды 
анықтап, ажыратып тұрады: асық жілік, тоқпан жілік, ортан жілік; бел 
омыртқа, мойын омыртқа; ортан қол, сұқ қол; тоқ ішек, ащы ішек; күре 
тамыр, желке тамыр, қан тамыр; күрек тіс, ақыл тіс, азу тіс, сүт тіс, ит 
тіс, бас сүйек, төс сүйек, жақ сүйек, төбе сүйек, бет сүйек; көк желке, қыр 
желке, ой желке; сан ет, қол ет, қара ет, қызыл ет, сұрпы ет т.т.


27 
Үш зат есім қатар келіп, алдынғы екеуі соңғы сөз білдіріп тұрған заттың 
түрін саралау үшін айтылса, олар бөлек жазылады: үйрек бас ер, қос етек 
көйлек, мысық мұрт жігіт, саба құрсақ байлар. 
Түбір күйінде компоненттері бір-бірінен бөлек жазылатын анықтауышты 
тіркестер мен тұрақты тіркестерге етістік не есім тудыратын жұрнақтар 
жалғанғанда да сөздердің бөлек жазылуы сақталады, бұлар күрделі етістік 
немесе күрделі сын есім қатарына жатады. Мысалы: ақ таңдақ (жер) – ақ 
таңдақтану (жер ақ тандақтанып жатыр), қара барқын – қара барқындану, 
іш құса (болу) – іш құсалық, темір жол – темір жолдық (құрылыстар), ортан 
қол – ортан қолдай (жігіт), көп бала – көп балалы (отбасы), жоғары сапа – 
жоғары сапалы, шала сауат – шала сауатты, мал дәрігері – мал дәрігерлік, 
көп ұлт – көп ұлттық, көп жыл – көп жылдық (еңбек), ұсақ буржуазия – ұсақ 
буржуазиялық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет