Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А


Одағайлардың тыныс белгілері



Pdf көрінісі
бет59/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Одағайлардың тыныс белгілері.  Одағайлар көбінесе сөйлем басында келеді 
де, үтірмен бөлінеді. Е, Ойке апаны білмеуші ме ең? Өй, Жиренше, жаңағы осы 
Қодар кім? (М.Әуезов). Тәй, қылжақты қоя тұр (С.Мұқанов). Апырау, сіздің 
ауыл Майқұдыққа қонбаушы еді ғой (Ғ.Мүсірепов). Уа, ата, мына таудың 


64 
басын қырау шалғалы неше жыл болды. Әй, сен не айтып келесің! Егер 
одағайлар сөйлем ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады, соңында тұрса, 
үтір одан бұрын қойылады: Жүрегім, ойбай соқпа енді... Бүгінгі дос – ертең 
жау, Мен не қылдым, япырмау?! (Абай) 
О деген одағайдан кейін үтір қойылады: О, жауыз Қодар! О, шіркін, 
шіркін! (Ғ.Мүсірепов). О деген одағайды ықшамдалған о (ол) есімдігімен 
шатастырмау керек: әңгіменің о жақ, бұл жағы; о не дегенің; о заман да, бұ 
заман. 
Одағай сөйлемнің басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін 
леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріптен басталады: Пәләй! Мақұл-ақ! Ал 
ендеше мен нені айттым!? (М.Әуезов). Еһе! Сен өзің біздің қақпанға бұрын да 
түскен кәрі қасқыр екенсің ғой (А.С.Пушкин). 
Одағай тәріздес бәсе, жә, қош, қой, құп (болады), жай, бәлем, жарайды 
(осы мағынадағы жақсы), мақұл, болды, дұрыс, бәрекелді сияқты сөздер сөйлем 
ішінде жұмсалған орны мен мағынасына қарай оқшауланып келсе, өзге 
сөздерден үтірмен бөлінеді. Мысалдар: Қой, не де болса қалмайық енді. Жә, 
тоқтат, ақсақал! Бәсе, Телқара ғой... Бәлем, Бөжей де осыны сезген болар. 
Бәрекелді, мына қызықты қара. – Мырза, мына аттылар не? – Жай, мына 
жылқыға отарға шығар алдында таңба бастырайын деп ем. Соған жиылған ел, – 
деді Құнанбай (М.Әуезов). Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Жақсы, сынап 
берейін («Аяз би» ертегісінен). – Болады, оқиын, – деп мен уәде бердім. 
Иә (я), жоқ, мә, мәңіз сөздері де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: 
Ақтағаны ма? Жоқ, жай шошығаны ма? Иә, етің ыстық, ауырған жерің бар ма? 
(М.Әуезов). Павлуша, сен ауырып жүрген шығарсың ? – Жоқ, денім сау. – Сен 
жатып ұйықтасаң етті. – Иә, қазір жатам (М.Горький). – Мә, мынаны қарай тұр 
(С.Шәймерденов). Иә, жоқ дегендер сөйлем басында келіп, ерекше екпінмен 
айтылса, олардан кейін леп белгісі қойылады да, келесі сөз бас әріптен 
басталып жазылады: Жоқ, жоқ! Жалғыз емес, мен болармын қасында 
(Ғ.Мүсірепов). Кісілер тарап кеткеннен кейін, ол Павелға қарап: – Павлуша, сен 
социалиспісің? – деп сұрады. Павел анасының қарсы алдында тура қарап 
тұрып: – Иә! Қайтеді? – деді (М.Горький). Иә, жоқ дегендер оқта-текте сөйлем 
ортасында да келеді, ондайда бұлар екі жағынан үтірге алынады: Осы, ілім 
дегенің кітаптың бетінде ғана ма, жоқ, мына жер бетінде де бірдеңе қалды ма? – 
деді Шығанақ (Ғ.Мұстафин). Мен осыны, иә, осыны айтып отырмын. Иә деген 
сөз я, ие түрінде де, жоқ деген сөз жо түрінде де айылады және солай 
жазылады: Жо, бізге барады (М.Әуезов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет