65
Бірнеше одағай қатар келгенде әрқайсысы үтірмен бөлінеді:Уа, шіркін, ән
деп осыны айт! А, астапыралда, солай ма еді? – деп Балбалаға қарай қалды.
Япырау, әттегенай, атын сұрамаппын ғой! (М.Әуезов). § 68. Ә деген одағай мен
ә дегенше, ә дегенмен тіркестерін, әй, әу деген одағайлар мен әй (ай) дер ажа,
әудем жер деген сияқты тіркестерді (олардағы ә, әй, әу деген форматтарды)
шатастырмау керек: тіркес
құрамындағы ә, әй, әу дегендер өзінен кейінгі сөзден
үтірмен бөлінбейді: Ә дегенше жетіп келді. Оның даусы әудем жерге естіліп
тұрды. Мен оны ә дегеннен тани кеттім.
Бақылау сұрақтары:
1 Қаратпа, қыстырма және одағай сөздер сөйлемнің басында
келсе қандай
тыныс белгісі қойылады?
2 Қаратпа, қыстырма және одағай сөздер сөйлемнің ортасында келсе
қандай тыныс белгісі қойылады?
3 Қаратпа, қыстырма және одағай сөздер сөйлемнің соңында келсе қандай
тыныс белгісі қойылады?
1-жаттығу.
Қаратпа сөздері бар сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін
қойып жазыңыздар.
Терек пен қызыл гүл
... Тау алдында қызыл гүлдер шешек атып сыланғанда,
сұлу қыздай
таранғанда, ұзын терек дөрекілеу дауысымен сөз бастайды : «Е қызыл гүл таң
атарда шешек атып сыланасың, сұлу қыздай таранасың , бірақ сен гүл
табиғаттың
сені әбден мазақ етіп, қор қылғанын сезесің бе? Өсімдіктердің
ішіндегі ең жаманы сен боласын қызыл гүл ұзындығы бір – ақ тұтам, алабұта,
қамыстардан бойың озып, мойның асып еш нәрсені көре алмайсың... Алабұта,
қамыстардаң басқанәрсе көре көре алмаған сен де өзіңді ұялмастан бақытты
деп санайсың – ау қызыл гүл». Шешек атқан ал қызыл гүл саспай былай жауап
берді : «Терек
ақылың қысқа, бойың ұзын... Бойым қысқа болғанымен, адам
маған бақыт берген. Жүз жыл өмір сүрсең – дағы тастан басқа нені көрдің, тау
артында нелер барын сен білмейсің, сезбейсің де тәкаппар боп өскен терек... ».
Терек оны тыңдап алып, былайша сөз қозғайды:
- «Қызыл гүл
сенің мақтауыңа себеп те жоқ, желеу де жоқ. Сорлы гүлім
менімен теңесуге саған күш қайда ? Мен өскелі жүз жыл болды... Ал сен
сорлы гүл болсаң, бір күндіксің, бір – ақ күндік өмірің бар...». Күн сәулесін
жұтып жатып, қызыл гүл қысқа ғана жауап береді:
- «Ұзын терек жүз
жыл өмір жасап нені білдің, нені көрдің ? Халыққа
жеміс бердің бе?әуелі жұпар иісіңді шаштың ба ?».
Достарыңызбен бөлісу: