Дене шынықтыру
Жетекшінің жоспары бойынша
|
Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Астана қаласы туралы әңгімелеу.
Міндеттері: -Сурет бойынша әңгіме құрастыру, айтып беру дағдыларын қалыптастыру.
-Балалардын сөздік қорын зат есімдерді, етістікпен байланыстыра
сөйлеуге дағдыландыру.
-Отанына, Астанаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнің ашу.
Орыс тілі
Жетекшінің жоспары бойынша
|
ҚМҰҚ
«Тікбұрыш»
Мақсаты: Геометриялық пішін «тікбұрышпен» таныстыру Геометриялық пішін «тікбұрышқа» тән сипаттық ерекшеліктері мен белгілері жайлы білімдерін жетілдіру
Геометриялық пішіндерді ажыратуға, дұрыс атауға, оларды өлшемі, түсі, және пішіні бойынша топтастыра алуға дағдыландыру
Батылдыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында дұрыс әрекет құндылығының мәнің ашу.
Жаратылыстану
Табиғат өзгерістері
Мақсаты: Табиғат маусымдық өзгерістер туралы білімдерін бекіту.
Міндеттері:
-Қыс мезгіліндегі табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
-Табиғат құбылыстарын, табиғаттағы және ауа райындағы маусымдық өзгерістерді ажыратуға, белгілеуге дағдыландыру.
- Табиғатқа, қиянат жасамау құндылығынын мәнін ашу. Тірі тіршілікке қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |