Айкөзов сейдулла ибадуллаұлы айкөзов С. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар



бет2/5
Дата26.02.2016
өлшемі0.88 Mb.
#27255
түріДиссертация
1   2   3   4   5

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- Қазақстан Республикасындағы кедейшілік және жұмыссыздықпен күрестің тарихи мәселелеріне теориялық талдау жасауда аграрлық реформалау концепциясы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуға өзіндік ықпал тудыратын ерекшелікті ескеруді қажет етеді;

- ауыл шаруашылығының жоспарлы шаруашылықтан нарық қатынас жағдайдағы қайта құруды дамытудағы теориялық-әдістемелік мәселелері;

- агроөнеркәсіп саласындағы көп укладты экономиканың қажеттілігі, оның рөлі, теориялық және әлемдік тәжірибедегі шаруашылық механизмін жүргізудегі дамуына талдау;

- аграрлық реформаларды орындауда республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы жергілікті басшылықтар мен қоғамдық мекемелерді құрылымдық жетілдіру бағыттары;

- жергілікті және аймақтың өзін-өзі басқарудың елімізде қалыптасқан жүйесінің кешегісі және бүгінгісі сыни көзбен келгендегі жағдайларын ауыл шаруашылығын халықтық мүдде тұрғысынан дамытумен байланыстыра қарастыру;

- мемелекеттің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы жүргізген аграрлық саясатының әлеуметтік бағыттарында жергілікті мемлекеттік басқарумен жергілікті шаруашылықты басқару түсініктерінің аражігін ажырата көрсету үшін тиісті заңнамалық құжаттарға талдау жасап, оларды ұдайы жетілдіріп отыру керек екендігін дәлелдеу;

- ауыл шаруашылығын дамытуда жасалынған бағдарламаларда агроөнеркәсітік кешенді дамытуда мемлекеттік қолдаудың басым бағыттарын айқындау;

- селолық өндірістік және өндірістік емес ауылшаруашылық бірлестіктерінің тиімдірек модельдері ұсыну;

- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекеленген аудандарындағы ауылшаруашылығы өндірісінде коммерциялық емес ұйымдар құру, жерді бірлесіп өңдейтін қызмет етуші коммерциялық емес кооператив және кооперативтік негізде техниканы бірлесіп пайдалану мен мал дәрігерлік, несиелендіру жіне су пайдалануға арналған кооператив құрудың тиімділігін көрсететін ұсыныстар дайындалды.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында ғылыми зерттеудің әдістемелік негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, тарихи логикалық, жүйелік, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды. Зерттеудің теориялық негізін Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалаудың қалыптасуымен жүзеге асуына байланысты ғылыми еңбектері мен мақалалары және ондағы тұжырымдар, сонымен қатар, тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер және ұйымдық-құқықтық заң актілері құрайды.

Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындылары ғылыми монографияларда, Алматы, Семеи, Шымкент қалаларында өткен халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес 2 ғылыми монография, 30 мақала Қарғызстан, Өзбекстанда жарық көретін басылымдарда жарияланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге енген 5 түрлі басылымда 10 мақала 3 шетелдік басылымдарда, сондай-ақ 17 мақала әртүрлі республикалық басылымдар мен республикалық және халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинақтарында жарық көрді.

Диссертация ҚР БҒМ ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпарат бөлімі мен Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланып қорғауға ұсынылды (хаттама №3, 2009 жыл, 04 маусым).



Диссертацияның құрылымы. Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге байланысты диссератциялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 4 тарау және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі құрайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, методологиялық негіздері, хронологиялық ауқымы, практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетілген.

«Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалауды зерттеудің теориялық-методологиялық негіздемесі, тарихнамасы мен дерек көздері» деп аталатын бірінші тарауда тақырыптың теориялық-методологиялық мәселелері мен тарихнамасы қарастырылып, мәселенің дерек көздеріне талдау жасалды.

«Мәселенің теориялық-методолгиялық негіздемесі» атты бөлімде зерттеу жұмысына қатысты методологиялық ұстанымдар, тұжырымдар баяндалды.

Қазақстан Республикасының оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірімен өзге аймақтардың сондай-ақ, нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түскен бұрынғы посткеңестік елдердің «постиндустриалды үрдіспен» байланысты аграрлық секторды реформалау барысындағы алда тұрған түйіндерін зерттеуге түйінделген диссертациялық жұмыс мынадай бағыттарды топшалайды:

Біріншіден, жер өндірістің айрықша құралы болып табылады. Ол көлемі жағынан шектеулі және тұрақты, жерді жасау мүмкін емес. Жердің экологиялық, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлары аймақта, облыстарда, аудандармен әрбір жергілікті шаруашылықты орналастыруға, елді мекендерді жоспарлауға, жерді пайдалану сипатына тікелей әсер етеді. Экономикалық дағдарыс жағдайында, халықтың негізгі бөлігі кедейлене бастаған сәтте, ауыл шаруашылығына арналған жерді «жеке меншік» деп тану.

Екіншіден, әлемдік тәжірибе ауыл шаруашылығыңдағы кез-келген түбірлі экономикалық өзгерістер үшін өрісті, қажетті жағдайды жасап барып және ерікті түрде, төмендегілердің бастамасы бойынша, жүзеге асырылуы тиіс екендігін куаттайды.

Үшіншіден, қабылданған заңдар, кейде ешбір тиісті түсіндірусіз тоқтатылып өте жиі өзгертулер енгізіліп, заңдылық және нормативтік актілерде түрлі түсініктер келісілмей, қйыншылықтардың болуына жол берілді.

Төртіншіден, нарықтык экономикаға көшу жағдайыңдағы шаруашылық жүргізу мен меншік қатынасының көп қырлы нысандардың қатар жүруін қамтамасыз етуге тиіс. Меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлі нысанын (ірі, орта және шағын) қатар есептеу кажет, олардың аумақтары жалпылама бір мақсатты, бірыңғай нарықтың инфрақұрылымы екендіктерінен туындайды.

Бір элементтің ролін арттыру, немесе керісінше, төмендету, бүкіл ауылшаруашылық реформаларын жүргізу механизмінің бұрмалануына, экономикалық өсу қарқынының төмендеуіне, қоғам өмірінің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларының нашарлауына алып келеді.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздемесі, зерттеу барысында талдау және жинақтау, индукция мен дедукция, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру, статистикалық өңдеу, қисындылық сияқты жалпы ғылыми, философиялық, әлеуметтану (социология – А.С), экономикалық салыстырмалау және негізінен тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды. Методологиялық мәселлелердің дұрыс қойылуы ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды шынтуайттылық тұрғыдан терең зерттеуге жол ашады. Маркстік-лениндік методологияның ескіруіне байланысты бұл мәселе өзекті бола түседі. Әрине, маркстік-лениндік методологиядан бас тартып, жаңа методологияны қалыптастыру оңай міндет емес. Осыған орай методологиялық мәселелердің кешегісі мен бүгінгісі жайында өз пікірімізді білдіріп, оның өзекті тұтастарына тоқталуды мақсат еттік.

Методолияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшы ғалымдардың пікірлеріне де сүеніп қарастырдық. Оның себебі методологиялық зерттеулерде олар біршама белсенділік танытып, дәйекті ғылыми көзқарастар білдірді. Мәселен, В.В. Журавлев былай дейді: «...тарихи зерттеу методологиясы – бұл тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың қағидаларын реттеу. Методология бұл тұста ғалымның қарамағындағы малай немесе құлдық ұруды талап етеін патша емес. Яғни методологияны «не істесем де өзім білемін» деген қпғиданы ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі. Ол ғылымда жинақталған методологиялық қазынамен бірге өседі, ал соңғысы ғылымның күш қайратының арқасында молаяды [3]. Ғылымда методологияны «тарихи танымның теориясы ретінде айқындайтын интерпретатция да кездеседі [4]. Сондай-ақ, қазіргі кезеңде аграрлық мәселені зерттеуде тарихилық қағиданы (принцип – А.С) басшылыққа ала отырып, өткен дәуірдегі билік органдарының жерге байланысты ұстанымдарына назар аударылуы тиіс. Қағидалар дегеніміз – ғылымның негізгі, жетекші ұғымдары. Олар тарихтың шынтуайтылық заңдарын оқып-үйренуден туындайды, соның нәтижесі ретінде саналады және осы мағынада заңдылықтар іспеттес болады [5].

Жалпы аграрлық қатынастар қоғамдық өмірдің маңызды саласы ретінде өз бастауын басты элемент ретінде жер мәселесінің пайда болуынан қалыптасты. Аграрлық сөзінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, ол agrarius деген латын сөзінен шыққан, яғни жер иеленуге, жер пайдалануға қатысты дегенді білдірсе [6]. Жер мәселесі кез келген қоғамда әлеуметтік күрес объектісі болған. Аграрлық секторды реформалау мәселесін қарастыру барысы негізінен үш түрлі ұғыммен тығыз байланысты: аграрлық қатынас, аграрлық саясат, аграрлық мәселе. Жер иемдену мен жер пайдалану жағдайының өзгеруіне байланысты аграрлық қатынаста өзгеріп отырады [7]. Аграрлық қатынастардың мәнін мынадай негізгі элементтер айқындайды: Бірінші, жер, яғни адамзат тіршілігінің басты қайнар көздерінің бірі – жер; Екінші, жерді өңдеушілер мен өнім өндірушілер, яғни – шаруалар; Үшінші, агромәдениет, яғни жер өңдеудің тәсілдері мен техникасы; Төртінші, әлеуметтік мәселе – аграрлық өндірушілер мен қала тұрғындарының, ауыл мен селоның, өнеркәсіппен ауылшаруашылығының өзара қарым-қатынастары [8].

Аграрлық немесе шаруалар мәселесі кез-келген қоғамда орын алады. Аграрлық мәселеге жерге, ауыл шаруашылығына, шаруаларға қатысты мәселлелер жатады. Аграрлық мәселенің мағынасы қоғамның әлеуметтік – саяси сипатына және оның экономикалық даму заңдылықтарына байланысты өзгеріп отырады [7, 91-б]

Ал, аграрлық саясатқа келетін болсақ, аграрлық саясат – әлеуметтік топтардың, партиялардың, өкіметтердің, жер, шаруа, ауыл шаруашылығы жөніндегі саясаты [7, 95-б].

Сонымен аграрлық ұғымының мәнін ашатын негізгі мәселелерге тоқталдық. Аграрлық мәселе, қатынастар, саясат әрбір жеке қоғамда оның әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктеріне, саяси жағдайына байланысты өзіндік сипат алып, өзгеріп отырады. Жекелеген мемлекеттің ауыл шаруашылығының өркендеуі оның аграрлық саясатына, мәселесіне, қатынастарына байланысты болады.

Енді мәселенің методолгиялық негіздеріне келсек мәселелердің дұрыс қойылуы ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды шынтуайттылық тұрғыда терең зерттеуге жол ашады. Алайда жоспарлы экономика нарықтық экономикамен оп-оңай ауыстырылады деуге болмайды. Біріншіден, нарықтық экономика тек қажетті инфрақұрылымдар мен ұйымдар болғанда ғана жұмыс істейді, яғни нарықтық құрылымдар, пәрменді қаржы ұйымдарының болуы, зандармен қамтамасыз етілуі және икемді салық жүйесі болуы қажет. Мұндай элементтерді ендіру кезіндегі қателіктер реформаны жеңіліске ұшыратады.

Екіншіден, нарықтық экономиканы мемлекеттің араласуынсыз дамитын құрылым деп қарауға болмайды. Керісінше, кей жағдайда нарықтық күштерді реттеуге тура келеді. Экономикалық теорияда оны «әлеуметтік» нарықтық экономика деп атайды. Бұл шарттар қандай? Біріншіден, бәсекелестік саясаты. Реформаны адал бәсекелестікпен қамтамасыз ету. Монополизм мен түрлі шектеу шаралары пәрменді нарықтық экономикамен қатар жүрмейді. Сондықтан, Үкімет алғашқы өндеу және қайта өндеу секторларының тұрып қалуына жол бермеуі керек. Нарықтық тұрақсыздық. Аграрлық рынок мынадай себептерге байланысты тұрақсыз: ұсыныс ауа-райына немесе басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін, ал талап тез ауысады, өйткені адамдар өздеріне үйреншікті азықтық өнімдерден бірден бас тартпайды. Осы жерде мемлекет маңызды рөлін атқарады: егер егіннің шығымсыздығынан немесе басқа себептерге байланысты кей өнімдер базарда аз болса, онда қоймаларда, тоңазытқыштарда олардың жеткілікті қоры болуы тиіс. Бұл өнімдер көтеріңкі бағаға сатып алынып, кейін арзан бағаға сатылуы мүмкін, мұндай
жағдайда ортадағы айырманы мемлекет өз мойнына алады.Үшіншіден, әділетсіздік және қайта бөлу. Теория бойынша, егер бәсекелестік
барлық жерде табиғи тепе-тендікке жетсе, онда тіпті табыстарды әділетсіз
бөлу кезінде де, экономика тиімді болуы мүмкін.

«Аграрлық секторды зерттеуде шетелдік және отандық ғалымдардың тұжырымдамалары, тарихнама мен дерек көздері» деген бөлімде тақырыптың зерттелу деңгейі талданып көрсетіледі.

Қазақстанның ауыл шаруашылығының тарихына көптеген жұмыстарда үкіметтің жекелеген аграрлық саясатындағы мәселелер карастырылған. Мәселен, республиканың аграрлық саласындағы қайта құрулар мен колхоз құрылысының даму тарихына арналған Б.А. Төлепбаевтың, М.Т. Кенжебаевтың және Ж. Жумабеков пен К. Нүрпейіс, Г. Халидуллин, Р. Исатаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстары бар. Онда ауыл шаруашылық өндірісінің даму мәселелерін қамтыған. Зерттеу тақырыбының толық тарихнамасын игеру үшін, жалпы республикадағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайына көңіл аударғанды жөн көрдік.

Қазақстанның аграрлық дамуын талдауға жасалынған қадамдардың бірі –деп К.А. Берденова, С.И. Иманбердиеваның «Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана» деген бірлескен зерттеуін атап өтуге болады. Бұл еңбекте 60-80 жылдар аралығындағы Қазақстандағы ауыл шаруашылығындағы дамуы тарихта сыңайы қөзқараспен талдау жасалынған [9]. Бұл жұмыс жаңа тарихи принципі тұрғысында жазылып, 60-80 жылдардағы бүкіл Кеңес Одағындағы аграрлық салада етек алған тоқыраудың себептері айқындалған. Оның негізгі себептерін зерттеушілер ауыл шаруашылығы саласындағы социалистік меншіктің орын алуының аграрлық теория мен практиканың алшақтығы салдарлары ретінде түсіндіреді. Ауыл шаруашылығын басқарудағы әміршіл - әкімшіл әдіспен ұйымдастырылып, мемлекеттік ресми органдардын толық біржақты үстемдігіне негізделгенін, ол жағдайда аграрлық салада ешқандай да нарықтық механизм қажет еместігін айқындап берді. Әйтседе ғалымдардың зерттеуінде тотолитарлық жүйе кезеңіндегі аграрлық өндірістегі келеңсіз мәселелерге және олардың себептерін толық ашу әлі де жеткіліксіз деуге болады.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын, Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын басқаруда жүргізген саясатын арнайы зерттеп ортаға салған еңбек. Осы тақырыпты ғылыми түрде зерттеуге үлес қосқан тарихшылар С.Жолдасов [10], С.А. Байтілен, К. Рыспаев, Қ. Қ. Байсаринаның еңбектері үлкен қызығушылық тудырады. Зерттеуші С.А. Байтілен «Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты; ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990 жылдар)» деген тақырыпта жазылған докторлық диссертациясында Кеңес қоғамының аграрлық салада ғана емес, қоғамның барлық саласында дағдарыстық құбылыстар орын алғандығын атап көрсетеді [11]. Осыған байланысты, тарих ғылымдарының докторы, Қ.Қ. Байсаринаның «Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары (1946-1965 ж.ж) деген такырыпта жазылған докторлық зерттеу жұмысында соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылық өндірісін дамытудың басты бағыттары, оның қайшылықты тағдыры, өмірге енгізілу әдісі, түрі мен тәжірбиелері сол секілді аграрлық саясаттың ащы сабақтары, қиыншылыктары мен зардаптары зерттеліп сарапталған [12]. Кеңес өкіметі тұсындағы ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар, өндірісті ұйымдастыру мен ұйымдық шарауашылық мәселелері, соның ішінде колхоз құрылысының тарихы жөніндегі мәселеге объективті баға берген зерттеулер назардан тыс қалған жоқ. Осы тақырыптарға ғылыми түрде үлкен үлес қосып жүрген тарихшы ғалымдар: Т. Медеуов [13], О. Мұқатова [14], Б.Т. Берлібаев [15]. Аграрлық сектордағы меншік және шаруашылык нысандардың қалыптасып дамуы, олардың тиімділігін арттыру мәселесі сонау XX ғасырдың басынан-ақ Н.К. Кондратьев [16], А.В. Чаянов [17] және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде көп мән берілген. Кең көлемдегі материалдар арқылы мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын реформалау және нарықтық мәндегі жаңа шаруашылық құрылымдарын құру жолдары, олардың кызметін мемлекеттік реттеу тегеуріші көрсетіліп, аграрлық азық-түлік нарығы, агробизнестің маркетингтік сфера мәселелері талданған.

Дегенмен, республика өңіріндегі аймақтардың табиғи, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерІне байланысты аграрлық қатынастарды қалыптастыру, дамыту, олардың тиімділік мәселелері әлі де толық зерттелмеген. Ауыл шаруашылығына тікелей қатысты шешімін таппаған мәселелердің барын жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың негізіндегі жаңа ережесі – жерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып табылады. Сондықтан, жер кодексінің мәні, сол заң арқылы ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайының әсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстаның аумағындағы жер қатынастарының даму тарихы – бұл өте күрделі, әрі кызықты да тақырып.

Реформалау үрдісінде қалыптасқан жерде меншік пен шаруашылық жүргізу түрлерін талдау мен жер катынастарын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығы сөзсіз. Аталған мәселе бойынша іс жүзінде әлі де толығымен зерттелмеген деуге болады. Алайда, бұл тақырып көптеген ғалымдарды, саясаткерлердің ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дәлел ретінде, бірқатар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихтық мәліметтерді айтуға болады. Қазақстанда феодалдық жер қатынастарын дамуын көптеген қазақстандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдары сарапталынып ғылыми айналымға енгізілді.

Осы тұрғыда, тарихи зерттеулер мен әлемдік тәжірибе қоғамдық еңбек бөлінісі қоғамның өндіргіш күштері дамуының міндетті салдары ретінде, бір жағынан, өндірушілердің мамандануын объективті түрде білдірсе, екінші жағынан, олардың арасындағы кооперацияға түрткі болатынына дәлел келтіреді. Сөйтіп ол өндірістік қатынастарды одан әрі дамыту мен жетілдіру үшін қосымша мүмкіндіктерді аша түсті. Материалдық өндірістің барлық салаларына тән осы жалпы заңдылық әсіресе ауыл шаруашылығында айқын көрінеді, өйткені оның айрықша ерекшеліктеріне байланысты аталған үрдістер көбіне өзара байланыста және үндестікте дамиды.

Тарихта белгілі болғандай жеке, ұжымдық және қоғамдық мүдделерді біріктіре отырып және еңбектін тың өндіргіш күшін жасай отырып, кооперация өндірістің жедел әрі тиімді дамуын қамтамасыз еткендігі еді. Сондықтан агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі жаһандық қаржы дағдарысында ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің басым көпшілігінің зиянмен жұмыс істеуде, сондай-ақ оларды қажетті материалдық-техникалық және қаржы ресурстарының шектеулі жағдайында аграрлық экономиканың осы аса маңызды саласын тұрақтандыру өміршеңдігі мен тиімділігі ұзақ тарихи тәжірибемен нақтыланған ауылшаруашылық кооперациясын өркендету және дамыту жолымен жүрмек.. Тұтыну, ауылшаруашылық, несиелік және басқа кооперативтік бірлестіктердің шығуы олардың пайда болу табиғаты мен дүниедегі кооперативтік қозғалыстың экономикалық мәнін теориялық тұрғыдан түсіндіруді қажет етті. Кооперация теоретиктері ең алдымен кооперация феноменіне теориялық анықтама беріп, оның капиталистік құрылыс жүйесіндегі, сондай-ақ қоғамдық шаруашылықтың социалистік нысанындағы орнын белгілеуге тырысты.

Отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдамасын топшылай келе Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңда аграрлық салада жүргізілген реформа нәтижесін екі тұрғыда баға беруге болады: біріншіден, агроөнеркәсіптік өндірісте көпукладтылық қалыптасты, шаруашылық субъектілеріне толық дербестік беріліп, олардың өз қызметтерін жүзеге асыруына және өндірген өнімдерін бөлуіне мүмкіндік жасалынды, нарықтық қатынастардың дамуы бір орталықтан басқару жүйесін толықтай дерлік әлсіретті; екіншіден, асығыс жүргізілген институционалдық өзгерістер, экономикалық қатынастардағы салааралық диспаритеттің (теңсіздіктің) күшеюі, агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперативтердің дамуы үшін жағдай жасаудың орынына ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарды жекешелендіру, ауылдық тауар өндірушілердің басым бөлігінін ұсак, жеке өндіріске бағыт ұстауы нәтижесінде барынша тиімді ұйымдық құрылымдардың қалыптаспауы, қажетті инфрақұрылымды қалыптастырмастан нарықтық қатынастарға өту ауылдық тауар өндірушілердің негізгі бөлігін нарықтан ығыстыруға, өнімдерді бөлу функциясының делдалдарға өтуіне, өңдеуші және сауда ұйымдарының нарықтағы монополиялық жағдайының күшеюіне алып келді.

Біз қарастырып отырған аймақтардағы аграрлық секторды зертеуге қатысты мерзімді басылымдарда жарияланған дерек көзеді мәтін-деректер болып табылады. Олардың қатарынада жарияланған аграрлық салаға қатысты заң актілері, статистикалық агенттіктер мен облыстық ауыл шаруашылық департаменттерінің мағлұматтары т.б. Осыдан барып мәтін- деректерде зерттеу нысанына сай келетін дерек көздерін зерттеу тәсілдері мен талдау әдістерін қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл аграрлық секторды реформалауды тарихи зерттеулер мен деректанулық ғылыми методологиясының теориялық негіздерін, деректермен жұмыс істеу тәсілдерін ұштастыра отырып ортақ заңдылықтарын топшалау қажеттігі туындайды. Бұл барлық ғылымдарға ортақ құбылыстар мен ағымдардың мәнін және шынтуайттылық заңдылықтарын танып білу қажеттілігінен екендігі белгілі. Газеттер мен журналдарды талдаудың ерекшеліктері олардағы жазба деректердің күрделілігіменен өзіндік орнына қарай екіге бөлуге болады. Бірінші мерзімді басылымдардың әр алуан жазба деректердің түрлерімен. Мысалға, ауыл шаруашылық министірлігі мен облыс, аудан әкімдерінің жылдық есептері т.б. Екінші әлеуметтік мазмұны жағынан тегі бір деректер. Мысалға алсақ, Қазақстан Республикасының Статистикалық комитетімен облыстық статистикалық ақпараттық мағұлыматтары.

Зертеу тақырыбына байланысты дерек көзі ретінде қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастың даму барысы мен тәуелсіздіктің өткен жылдарында ауылшаруашылығының өзекті мәселелері мен тың ойларды түйіндеген мерзімдік басылымдар қатарына «Егемен Қазақстан», «Заң», «Казахстанская правда», «Предприниматель и права», «Нұр-Астана», «Оңтүстік Қазақстан», «Сыр бойы», «Кзылординские вести», «Ақ жол» «Знамия труда», «Жетісу» газеттерімен бірге «Международный сельскохозяйственный журнал», «Қаржы-қаражат», «Ақиқат», «Қазақ тарихы» журналдарында қоғамдық-саяси үдерістің мазмұнын айқындайтын құнды мәліметтер мәтін-дерек көздері ретінде пайдаланылды.

«Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстандағы мемлекеттік аграрлық саясат» деп аталатын екінші тарауда Ауылшаруашылығы – ел экономикасының негізгі буыны, ежелден бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуы негізінен ауыл шаруашылығына тікелей байланысты екендігі, ауыл шаруашылығында қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайы ғылыми тұрғыда терең зерттеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен байыпты тұжырымдар жасауды талап етіп отырғандығы айтылады. Мұның өзіне тән тарихи, демографиялық және экономикалық себептері де бар. Жалпы олар – аграрлық сектордың кеңестік экономиканың кембағалдығынан көрген зардабы, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде кездескен қиындықтардан көрген залалы.

Еліміздің тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін, қазақ халқының алдағы тұрған өзекті де күрделі мәселесінің бірі ауыл шаруашылығын дамыту болғандығы ақиқат. Оған негізгі себеп, ауыл шаруашылығында экономиканың өзгеде саласы сияқты нарықты қатынастарға негізделген басқару жүйесін қалыптастыруға деген қажеттілік туды, олай дейтініміз социалистік кезеңде болған құрылымдар енді нарық талаптарына жауап бере алмады.

Нарықтық экономикаға өту барысында ауыл шаруашылығы саласында меншіктің әр түрін қалыптастыру, тауар өндірушілерге еркіндік беру, кәсіпкерлікті дамыту бағытында күрделі мәселелердің тұрғаны белгілі. Сондықтан, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін нарықты экономикаға икемді өнім өндіруші жеке тұлғаларды қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Соның ішінде, шаруа (фермер) қожалықтары басқа шаруашылықтарға қарағанда еркін, шағын және сапалы өнім түрін шығаруға едәуір қолайлы болып келеді. Оны шетел тәжірибелерінен анық көруге болады.

Ауыл шаруашылығы АӨК өндірушілері қоғамның экономикалық өмірінің басқа субъектілерімен, әсіресе нарықтық қатынастағы әріптестерімен бірдей жағдайда емес еді. Олар бір-бірінен алыс жатқандықтан ақпарат жетіспеушілігін сезінеді. Олардың тағдыры көбінесе табиғат жағдайларына байланысты, сондықтан, саяси құрылымы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қарамастан, әр мемлекет ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге белсенді қолдау көрсетуі қажет болды.

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісі қалыптасқан тарихи шаруашылықты аймақ болатын. Себебі, Қазан төңкерісіне дейін қазақ ауылының 98,8 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысса [18] болса, 1992 жылы ауыл тұрғындары 43,3 пайызды құрады. Мұнымен қатар, біздің ойымызша, қазіргі кезең азық-түлік пен ауыл шаруашылық шикізатының бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз етуді, ауыл шаруашылығын үстіміздегі 3-5 жылдың ішінде-ақ тұрақты дамытуды, өткізілген өнім сапасын халықаралық стандарт деңгейіне жеткізуді, ол үшін өнім өткізу жүйесінің нарықтық инфрақұрылымын жергілікті жерлерде де құрып, оны ұлттық және аймақтық жүйелердің құрамды бөлігі ретінде қатар дамыту міндетін қойып отыр.

Тарихта қазақ елі аграрлық ел болып қалыптасты. Табиғи ресурстарының ерекшелігі мен климат жағдайларына байланысты жергілікті халық негізінен мал шаруашылығымен, қала берді егіншілік, қол өнері және сауда-саттықпен айналысты [19, 20]. Алайда, ел тұрғындарының басым көпшілігі мүлік теңсіздігінің әсерінен кедейшілік халде өмір сүрді, қарапайым халық екі жақты езгі көрді. Болыс басқарушылары, ауыл старшындары мен билер әралуан сылтаулармен еңбекшілерге материалды жағынан қатты қысым көрсетті. Ауылдық қоныстарда көптеген қайшылықтар орын тепті: мәселен, шұрайлы жерлерді малы көптердің күштеп басып алуы, т.б.

Мал шаруашылығы – қазақ ұлтының ата кәсібі, әрі, тұрмыс тіршіліктің көзі, малды ұстап бағуда жергілікті халық ғасырлар бойы кейінгі ұрпаққа мұра болып қалатын мол тәжірибе жинақтады. Мұнда әртүрлі аймақтардың табиғи-климат жағдайларының ерекшеліктері, олардан туындайтын экономикалық, әлеуметтік мәні бар қиыншылықтар қатаң ескерілді. Мәселен, шөп шығымы жұтаң, табиғи су көздері тапшы, далалы және жартылай қуаң далалы аймақтарда негізінен, қой, жылқы шаруашылықтары басым орын алды. Таулы жерлерде, тау бөктерінде орналасқан елді қоныстар малдың басқа түліктерін өсіруге машықтанды. Қыстаулар маңайында шаруашылықтар малдан басқа егіншілікпен және балық аулау кәсібімен айналысты [20, 21].

Мал өсіруге бейімделген шаруашылықтардың мына төмендегі өндірістік екі бағыты қалыптасты. Бірінші, табиғи емес су көздерін пайдаланатын көшпелі мал шаруашылығы, екінші, табиғи су қорларын пайдаланатын жартылай көшпелі шаруашылықтар.

Ел экономикасын басқарудың қалыптасқан әкімшіл-әміршіл тәртібінен ең әуелі ауыл шаруашылығы, оның ішінде, әсіресе, байырғы өріс мал шаруашылығы көп зардап шекті. Жоспарлау жұмыстарында, көп жағдайда ауыл шаруашылығының тек осы салаға тән ерекшеліктері, оның табиғи-климат, ауа райының құбылмалығымен тікелей байланыстығы, капитал құрылымының тым төмен дәрежесі, маусымдық т.б. толығымен ескерілмеді. Мәселен, сол жылдары қарастырылған қой шаруашылығын дамытудың келешегі туралы мәселені алып қарайық. 70-ші жылдардың аяғында қабылданған Бағдарламалар бойынша республикада қой санын 1985 ж. 41 млн., ал 1990 ж. 50 млн. басқа жеткізу жоспарланды. Бірақ кеңестік ысырапқорлық экономиканың үстемдік құрған заманында мұндай межеге жетудің мүмкін еместігі есепке алынбады. Республика агроөнеркәсібінің тауарлы өндірісінің бірі болып саналатын қой шаруашылығы негізгі аймақтарда экстенсивтік өндірістермен жүргізілді. Негізгі факторлар: саланың материалды-техникалық базасының, техника күштерінің, жабдықталған мал суаттары мен құдықтардың, т.б. тапшылығы, малшылар көпшілігінің мосқал жастары, өндірістік кадрлардың арасында ынталы да білікті жастардың бірен-сарандығы т.б. Бұдан басқа, маусымдық жайылымдардың жетіспеуі, оларды тиімді пайдаланудағы кемшіліктер (мәселен, 20 млн. гектарға жуық құнарлы қой өрісі әскери сынақтар мен «жабық аймақтар» шеңберінде қалып қойды), малшылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайындағы олқылықтар, т.б.

Ауыл шаруашылық бірлестіктерін әміршіл-әкімшіл әдіспен ұйымдастыру мемлекеттік ресми органдардың толық, біржақты үстемдігіне негізделді. Басқарма төрғаларының бұрын өндірісте істеген іс-тәжірбиесі ескерілмеді. Соның салдарынан, колхоз өндірісінің құлдырауы, мамандардың тұрақтамауына әкеліп соқты. Айталық, Республика көлемінде он бірінші бесжылдықта 284 колхоз ауыстырылса, 1986-87 жылдары бұл көрсеткіш 125-ке жетіп, 1987 жылдың өзінде 69 колхоз төрағасы ауыстырылды [22].

Колхоз құрылысының дағдарыстарының терең тамыры мемлекеттік әкімшіл-әміршіл жүйеде жатыр еді. Ал, жалпы республика бойынша он бірінші бесжылдықа Ақтөбе, Ақмола облыстарында 80 пайыз, Қостанай, Талдықорған, Жамбыл облыстарында 70-75 пайыз, Алматы, Орал, Шығыс Қазақстан облыстарында 50-60 пайызға дейін колхоз төрағалары ауысқан [23]. 1988 жылдың 1-қарашасындағы мәлімет бойынша колхоздардың иелігінде 140.648.30 мың гектар жер болса, оның 417.686 мың гектары шабындық, 816.423.5 мың гектары жайлымдық жерді иеленген [24].

Ауыл шаруашылығы экономикасының дамуы, ел тұрғындарын азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етуде суармалы егіншілік маңызды рөл атқарды. Республикамызда 70-жылдардың аяғында суармалы жердің көлемі 1760 мың гектарға жеткізілді, онда тиімді техникалық дақылдар, адам өміріне аса пайдалы көкөніс, бау-бақша және тағы да басқа өнімдер өндірілді. Бірақ осының бәріне қарамастан, халықтың азық-түлік жөніндегі талап-тілегін қанағаттандыру өткір проблемаға айналды. Тамақ өнімдерін, ауыл шаруашылығының тұтынуға дайын басқа да тауарларын (тіпті астыққа дейін) шет елдерден тасып әкелу дағдыға айнала бастады, олардың көлемі жылдан жылға өсіп отырды. Шетелдік бұйымдарды сатып алуға валюталық қаржы орасан зор көлемде жұмсалды.

Экономикалық мүдделер жүйесінде тек қана қоғамдық мүдде приоритетті саналып, тауарөндірушілердің экономикалық мүдделерінің роліне қысым жасалды. Шаруашылық жүргізудің ұжымдық формасы шаруалар тарапынан белсенді қолдау көре алмады. Ұжымшар тек бір нәрсені жасады: ауданы жағынан алып егістіктер себілді, адамға емес, техникаға кеңістік берілді. Ол техникалық жағынан басымдыққа ие болғанмен, мұның бәрі жеке адамның мүддесі ескерілмегендіктен кеш болатын [25].

Ауыл шаруашылығы салаларын интенсивтендірудің негізгі мақсаты қолда бар ресурстарды (егістік, мал басын, шабындық т.б.) техниканы, жаңа технологияны, ғылыми жетістіктерін тиімді пайдалану арқасында өндірісті жетілдіріп, арттыру. Оған жетудің жолы күрделі қаржыны барған сайын көп мөлшерде жұмсау.

Мемлекеттік жоспарлаудың басты формасы ретінде бес жылдық жоспар бекітілді, колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есеп ауқымын кеңейту қарастырылды, экономикалық ынталандыру жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар көрсетілді. Ауылшаруашылық өнімдерінің өнімділігін арттыру мақсатында Қазақстанда 43 ғылыми зерттеу орталықтары құрылып, «Астық», «Малшаруашылығы», т.б. ірі ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірленді [26]. Сонымен қатар, жылдан-жылға инвестиция көлемі өсіп отырды. 1966-1985 жылдар аралығында 650 млн. сом капитал салымы енгізілді, 9-11 бесжылдық жылдарында олардың мөлшері 115 пайызға өсті, ал ауыл шаруашылығының өнімділігі небәрі 25 пайызға ғана өсті. Инвестиция мөлшерінің осыншама өсуіне қарамастан салалардағы өнім көлемі кеміп қана қоймай, керісінше құлдырау тенденциясы орын алды. Егер 1966-1970 жылдары өнімнің орта жылдық деңгейі 1,1 пайыз деңгейінде белгіленген болса, 1970-71 жылдары олар 2,3 пайызға, 1976-80 жылдары 1,65 пайызға дейін түсіп, 1981-85 жылдары (сол жылы ауыл шаруашылығына 151 млрд . сом қаржы салынды) тек 0,95 пайызды құрады [27].

90- жылдардың бас кезінде жалға беру жүйесі енгізілгенімен шаруалар сол күйі жерге иелік ете алмады

Қолайсыз табиғат жағдайлары мен ауыл шаруашылық өнімдерін сату шарттарының күйзелісінен ауылшаруашылық өндіріс көлемі 1991-92 жылдары 7 пайызға оның ішінде бидай өндіру 26 пайызға қысқарды [28]. 1991 жылы әр гектарына небәрі 5,2 центнерден астық жиналды [29]. Жалпы ішкі өнім көлемі төмендейді. 1992 жылы әр гектарына 12,2 центнердің орнына 5,2 центнер астық, 113 центнердің орнына 99 центнер картоп, 154 центнердің орнына 118 центнер көкөніс, 239 центнердің орнына 160 центнер қант қызылшасы жиналды [30].

1991 жылы республиканың қаржы жағдайына тоқталсақ, шығыс-33,7 млрд. сомды құраса, кіріс-небәрі 16,4 млрд.сомға тең болды, яғни мемлекеттік шығын-17,3 млрд.сомды немесе 52 пайызды құрады [25,5-б]. Аграрлық сектордағы реформалар ауыл шаруашылығынан мемлекет пайдасына жоғарғы салықтар, баға диспаритеті, монополиялар құру арқылы табыстар мен пайданың алынуы есебінен жүзеге асырылды. Аграрлық сферада өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуы өндірісті қоғамдастыру деңгейін жоғарылатуға алып келген жоқ. Ал кәсіпорындардың шаруашылық дербестігінің шектеулілігі мен дамымаған тауар-ақша қатынастары тұсында ауыл шаруашылығы өндірісін шоғырландыру кооперация мен интеграцияның дамуы өндірістік ұжымдар мен әртүрлі өндіріс процесі арасындағы шаруашылық байланыстарды нығайта алмайды. Ауыл шаруашылығын индустрияландыру жаңа тиімді технологияға көшу мен техникалық құралдардың сапалы параметрлерін арттыруды көздемеген экстенсивті негізде жүргізілді. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын арттырып, өз кезегінде еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. 1991 жылдың 1-жартысында мал өнімдерін өндіру 670 мың тоннаны яғни 1990 жылдың 95 пайызын, сүт өндіру 1830 мың тонна, 1990 жылдың 95 пайызына тең болса, ет пен сүт өндіру 7-10 пайызға кеміді [31]. Бұдан жалпы колхоз, совхоздардың рентабельділік деңгейі төмендеп, әртүрлі үстемелер бекіту мен сатып алу бағасын арттыру қажеттілігін тудырды. Еңбек өнімділігінің артуына кедергі келтіретін факторлардың бірі жұмысшылардың өздерінің еңбек нәтижелеріне деген материалдық қызығушылығының жеткіліксіздігі еді.

Экономиканы кең ауқымды мемлекеттендіруге, тауар-ақша қатынастарын жеткілікті елемеуге, басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістерінің күшеюіне байланысты өсіп бара жатқан жағымсыз тенденцияны жеңу ауылдағы экономикалық қатынастарды түбірімен өзгерту жөніндегі шаралардың жүйесі ретінде аграрлық реформа қажет болды.

Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру барысында шаруашылық жүргізудің әралуан ұйымдастыру құқықтық формалары қалыптасты. Негізі мемлекеттік меншікті жекешелендіру және ұжымшар-кооперативтік меншікті реформалау болып табылатын аграрлық реформаның нәтижесінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында 1990 жылдардан бастап меншік пен шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларына сүйенетін көп укладты экономика қалыптасып, шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, шаруа (фермер) қожалықтары сияқты шаруашылық жүргізудің жаңа формалары, басқаша айтқанда аграрлық қатынастардың жаңа субьектілері өмірге енді. Осы тұрғыда 1990 жылы КСРО Мемлекеттік жоспарлау төрағасының орынбасары Б.М. Никитиннің мәлімдеуінше «...арнай жер телімдері бөлініп Литва КСР-да 1,5 мың, Қазақ КСР-да 264 шаруа қожалықтарының болғандығын мәлімдейді [32]. Шаруашылық жургізудің нарықтық типіне бағыттайтын алғашқы «Аренда туралы» (ақпан 1990 ж), «Шаруа қожалығы туралы» (мамыр 1990ж) [33], «Жер реформасы туралы» (маусым 1991 ж) [34], «Жер салығы туралы» (желтоқсан 1991ж) [35], «Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүлкін жекешелендірудің ерекшеліктері туралы» (ақпан 1992 ж) [36] заңдары, сондай-ақ Президенттің бірқатар жарлықтары мен Үкімет қаулылары колхоз-совхоздарды реформалаудың негізін қалады.

Ауыл шаруашылығының АӨК-нің басқа да салаларымен тығыз технологиялық және экономикалық тәуелділігі ескерілмей, бағаны ырықтандыру саясаты монополизмнің өршуін тудырып, тауар өндірушілер жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырды [37]. Нарықтық қатынастарға өтумен аграрлық секторда өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына елеулі ықпал ететін жер қатынастарының өзгеру процесі жүрді. Жердің тікелей тауар өндірушілерге берілуіне байланысты аграрлық саясат спецификасын анықтайтын жер рыногі, тауар-ақша қатынастарының баға және басқа да механизмдерін пайдалану, оның ішінде ренталық қатынастар, салық саясаты облысында жер қатынастарының жаңа сипаты туындайды.

1990 жылға дейін агроөнеркәсіп өндірісінің үлесіне барлық негізгі өндірістік қордың 40 пайызы тиесілі болса, саланың тауарлы өнімдері есебінен ұлттық табыс 30 пайыз, мемлекеттік бюджет кірісінің үштен бірі құраған. Сондай-ақ, бюджетке дебитерлік қарыз 1991 жылдың 1-қаңтарында республика бойынша 17,0 млн. сомға жетсе, жекелеген облыстарда мысалға, Жамбыл облысында 8,9 млн.сомды құрады [40]. Жеңіл өнеркәсіптің 50 пайыздан астамы, ал тамақ өнеркәсібінің қызметі түгелдей ауыл шаруашылығы шикізаттарының есебінен атқарылған болса, 2002 ж. агроөнеркәсіптің жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 8,0 пайызға, экономиканың барлық салаларындағы өндірістік қорлардағы орны 3,2 пайызға дейін қысқарды [41].

Экономикадағы мұндай және басқа да дағдарыс көріністері ел тұрғындарын тағамдық өнімдермен қамтамасыз ету, еңбеккерлердің хал-ахуалдары, тұрмыс-тіршілік деңгейіне кері әсерін тигізе бастады. 1990 ж. республикамызда астық 28,5 млн т., ет (сойыс салмағымен) 1.560 мың т., сүт 5.642 мың т. көлемінде өндірілсе [42], 2002 ж. бұл көлем екі және екіден аса азайды.

Қазіргі уақытта өңдеуші кәсіпорындардың монополизмі оның екі жақтылығына – өндірушінің және тұтынушының монополизміне байланысты тұрақты сипатқа ие болып отыр. Еліміздегі мемлекеттік меншікті мемлекет иелігіне алудың және жекешелендірудің басы мынадай нормативтік құкықтык актілер қабылдады: «1991 жылдың 22-маусымындағы «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» және 1991 жылғы 19 қыркүйектегі Қазақ ССР Президентінің Қаулысымен бекітілген, 1991-1992 жылдарға арналған (1-ші кезең) Қазақ ССР-інде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы [43]. Бағдарламаның «Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру» деп аталатын жетінші тарауы АПК кәсіпорындарының жекешелендіру ісіндегі алғашқы заңды құжаты болды. Бағдарламаны жүзеге асыруда бұрынғы қабылданған «Қазақ ССР-індегі меншік туралы» [44], «Шаруа шаруашылығы туралы» [45], «Кәсіпорындар туралы» [46], «Жалға алу туралы» [47], «Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» [48] заңдар, сондай-ақ 1991 жылғы 28 маусымдағы «Жер реформасы туралы» Қазақ ССР Заңы [49] қолданылды.

1991 жылғы 1 тамыздағы Қазақ ССР-інің Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің №101 қаулысымен мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік акционерлік қоғамдар етіп қайта құру туралы Ереже [50], Бірінші кезекте жекешелендірілуге тиісті объектілер тізбесі, 1991 -1992 жылдары жекешелендіруге жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі, жекешелендірілуге тиісті мемлекеттік мүлік құнын бағалау туралы уақытша Ереже, т.б. бекітілді. Сөйтіп, 1992 жылдың қаңтар айында «Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүліктерін жекешелендірудегі ерекшеліктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы [51] және Агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өндейтін және қызмет көрсететін мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүліктерін жекешелендіру жөніндегі кейінге қалдыруға болмайтын шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (1992 жыл, ақпан) [52] қабылданды, олар ауыл шаруашылығы объектілерін жекешелендірудің ерекшеліктерін де айқындады.

Алайда, жекешелендіру процесінің бірінші кезеңінде (1991 жыл -1993 жылдың басы) әдістемелік, ұйымдастырушылық жағынан өрескел кемшіліктерге жол берілді.

1993 жылы республикадағы жекешелендіру саясатына белгілі бір дәрежеде түзету енгізу 1993-1995 ж.ж. (II кезең) арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын (5 наурыз, 1993 ж.) [53], Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің осы Жарлықты жүзеге асыру жөніндегі 1993 жылғы 20 шілдедегі №633 Қаулысын, сондай-ақ «Агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдейтін және қызмет көрсететін, дайындайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүліктерін жекешелендіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығын (5 наурыз, 1993 ж.) [54], «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» (12 сәуір, 1993 ж.) және «Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мүліктерін жекешелендірудің ерекшеліктері туралы» (21 қазан, 1993 жыл.) [55] қолданыстағы заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау жолымен жүргізілді.

Бірақ, бәрібір де бұл директивалық құжаттар жеке меншіктің түрлі нысандарында мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру шараларын жандандыруға септігін тигізе алмады.

Жер үлесін бөлудегі мәселелердің шешімі заңдармен және заң аясындағы актілермен қалай қамтамасыз етілді және қандай қателіктер мен олқылықтар жіберілді.

«Жер реформасы туралы» (28 шілде, 1991 жыл) Қазақ ССР Заңы мына тұжырымдарға тиісті нақтылау жасап, айқын сипат енгізді: «Берілген жер учаскесінің мөлшері бір жұмыскерге есептелген, аталған шаруашылықта қалыптасқан орташа жер үлесіне қарай белгіленеді. Орташа жер үлесі Халық депутаттарының аудандық кеңесі бекіткен еңбек ұжымының шешімімен белгіленеді» [49, 3-б].

«Шаруашылық жұмыскерлерімен қатар жер учаскесін алуға шаруашылықпен еңбек қарым-қатынасын зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатқан ауылдық жерлердегі азаматтар, сондай-ақ, аталған шаруашылықтың әлеуметтік-мәдени және өндірістік салаларында қызмет көрсететін тұлғалар да құқылы» (14-бап, 2 т.). Осы уақыт аралығында бұл тармақтың екінші азат жолы екі рет өзгерді.

Бірінші рет бұл ереже жоғарыда аталып кеткен 1993 жылғы 20 шілдедегі №633 «1993-1995 жылдарға арналған Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» (II кезең) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Қаулысының №3 «Агроөнеркәсіп кешеннің кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру тәртібі» қосымшасы өзгерді.

Бұл қосымшада «Жер үлесін анықтау» былай жазылған: «Еңбек ұжымының шешімі бойынша орташа жер үлесін анықтау кезінде шаруашылықпен еңбек қарым-қатынасын зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатқан азаматтар, аталған шаруашылықтың әлеуметтік-мәдени және өндірістік салаларында қызмет көрсететін тұлғалар ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізген жағдайда, сол аумақта тұратын адамдар есепке алынуы мүмкін» [56]. 1995 жылдың 22-желтоқсанында «Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының қабылдануына байланысты, аталған ережеге тағы да өзгерістер енгізілді. 77-баптың 4-тармағы былай жазылды: «Колхоз немесе мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мүшесі болып табылмайтын азаматтарға фермерлік шаруа қожалықтарын жүргізу үшін арнайы жер қорынан жер учаскелері беріледі» [57]. Бұл заң, көп селолық аудандарда, негізінен жер үлестері белгіленіп болған кезде ал арнаулы жер қоры әлдеқашан бөлініп болған және бұрынғы совхоздар мен колхоздардан артылған ешнәрсе қалмаған кезде шықты. Тап осындай жағдай еңбектің негізгі объектісі - жер, тұрғындардың негізгі табысы-егіншілік болып келетін халық тығыз орналасқан аймақтарда түгелдей дерлік қамтыды.

Совхоздар мүлкінің бір бөлігін директорлар меншігіне беру туралы» [58] 1994 жылғы 9 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен «Азаматтардың жеке меншігіне мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын сату туралы» [59] 1994 жылғы 24-ақпандағы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы өз жер үлесін алғысы келгендердің тілегін күрделендіріп жіберді. Сырт қарағанда дұрыс болып көрінетін шынайы меншік иесін тәрбиелеу идеясы «қызыл директорлардың» қандай жолмен болмасын билікті жаулап алу жағдайын тағы да туындатты. Жарлықтың Қаулының ережелерін пайдаланған директор 10 пайыздың орнына 20 пайыз тегін жер алған жайттар бар, ал бұған көңілі толмағандары, болар-болмас бағаға тағы да 31 пайыз жер үлесін сатып алды. Ірі мүліктік пай мен жер үлесінің иесіне айналған олар, мүлік пен жердің тиімді де пайдалы үлесін қамтып, еңбек ұжымынан бөлектене бастады [60].

Егер жерді иелену мен пайдалану құқықтарын заңнамалық қамтамасыз ету туралы айтар болсақ, өз жер үлесін иелену құқығы алғаш рет 1993 жылғы 1- сәуірдегі «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» Заңда көрсетілгенімен Үкіметтің нормативтік актілері кешігіп және жүйесіз шықты. Оларда пайдалану, сондай-ақ жалға беру құқықтары, осы құқықтарды сыйға тарту, сату мәселелері толық қамтылмады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 10 маусымдағы «Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру кезінде жер үлесіне жеңілдік құқықтарының тәртібін бекіту туралы» Қаулысы [61]. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының өмірлік мұраға иелену құқықтарын, жер учаскелерін иелену немесе жалға беру құқықтарын сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы» Қаулысы - 1994 жылғы 10 маусым [62], яғни, жер қатынастарын реттейтін алғашқы нормативтік актілерді әзірлеу үшін бір жыл уақыт керек болды. Иммиграциялық жер қорын құру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 2 тамыздағы Қаулысымен [63], Арнаулы жер қорын құру және бөлу тәртібі 1996 жылғы 30 қазандағы Қаулысымен бекітілді - 2,5 жылдан кейін және «Жер туралы» Жарлық шыққан соң он айдан кейін жер үлесін белгілеу [64] тәртібі, сондай-ақ «Азаматтар мен занды тұлғаларға жер учаскелерін беру нормаларын бекіту туралы» (8 сәуір, 1996 жыл) [65], «Азаматтар мен занды тұлғаларға жер учаскесіне меншік құқығы, жерді тұрақты пайдалану құқығы актілерін беру туралы» (8 сәуір, 1996 жыл) [66], «Ипотекалық несиемен қамтамасыз етуде жер учаскелерін кепілге қою тәртібі мен жер пайдалану құқықтарын бекіту туралы» (6 маусым, 1996 ж) [67] және одан да көп мерзімге кешігіп шықты. Егер заң жобасы Парламентке заңнан туындаған актілерімен бірге келгенде бұндай жағдай болмас еді.

Қазақстан Республикасында заң шығару процесі үздіксіз және осы кездегі ауылшаруашылық серіктестіктері мен кооперациялардың қызметін реттейтін республиканың барлық негізгі заң актілері қабылданды. Біз өзіміз бүгінде осы заң актілеріндегі кемшіліктерді байқаудамыз және олар келесі кезеңнің жаңа заңдарымен түзеленуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет