СЛАЙД
(Жылнама)
1833 жылы қара тас табылды.
1856 ж кен өндіріле бастады
1931 ж 20 наурызда Қарағанды «жұмысшы поселкесі» д.а.
1934 ж 10 ақпанда Қарағандыға қала мәртебесі беріледі
1936 ж облыс орталығы атанды
1945 ж Теміртау
1954 ж Саран
1961 ж Абай
1961 ж Шахтинск
1984 ж Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды
Айнур
Бастау алған қуатты қайнарынан
Құтқала бұл жел ескен айдарынан.
Қарағанды – шуақты, нұрлы қала
Мекен еткен кілең бір дәулетті жан
Хор «Атамекен»
1-оқушы: Дарқан далам – сенсің менің қуатым,
Ата – бабам сақтаған жезқанатым.
Салт – дәстүр, тіліміз бен дініміз,
Бола бермек мәңгі менің жалауым!
Сенен артық қасиет жоқ жер тегі,
Сен ұрпақтың күліп атар ертеңі.
Тағдырыңды тапсыр маған туған жер,
Көркейтуге міндеттімін мен сені!
2- оқушы:
Болдым ғашық туған дала мен саған,
Алыс жүрсем арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем мен төрінде рахаттың,
Өз Отаным - өзім туған босағам!
Сүйікті Қарағандым, туған өлкем,
Мен сені өмір бойы сүйіп өтем,
Сен менің туғанымсың, сәулеттімсің,
Дәулетті қазағымның қаласысың!
3-оқушы:
Тербеген Арқаның самалы,
Сәулетті, дәулетті қаланы,
Еңбек пен ерліктің мекені,
Кеншілер шаһары – Қарағанды!
Мирас: Нағыз қазақ қазақ емес, нағаз қазақ домбыра дей отырып алдарыңызда Сембай Лекер күй шертеді қабыл алыңыздарКүй: «Жастар»
4- оқушы
Қарағандым, атыңнан айналайын
Сен дегенде жүрегім соғар шіркін,
Бүгін де келіп қалған сонау жылдан
Құтты болсын мерейің, туған күнің!
5-оқушы
Осы жерден қырандар түлеп ұшқан
Ерлер туған бұл жерде жұрек жұтқан
Батыр Нүркен, қаһарман Тоқтарды да
Жерлесім деп риясыз мақтан тұтқам
Экранға назар аударыңыздар.
(Қарағанды туралы ән орындалады, бейнетаспа көрсетіледі)
Мұғалім:
Жарайсыңдар балалар! Өздерің отандарынды қалай сүйетіндерінді дәлелдеп бердіңдер. Осылай еліміз, жеріміз гүлдеп, жайнай берсін!
Қарағанды қаласының 83 жылдық мерейтойы мерекесімен құттықтаймын!
Айбике
Аппақ Байжанов ( 1824-1887 жылдар аралығында өмір сүрген.), Аппақ Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. Нұра өзенінің оңтүстігінен 25 км жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Аппақ жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. (қойдың дауысы)
Достарыңызбен бөлісу: |