Қайта өрлеу мәдениеті Орындаған: Сариева. А



бет6/7
Дата04.05.2024
өлшемі1.79 Mb.
#500487
1   2   3   4   5   6   7
кайта орлеу.альбина

Осы орайда өнер тарихындағы ұлылардың бірі — Рафаэль Санти (1483—1520 жылдары) нағыз кемелді шағында — 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына мөңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның атақты туындысы — «Сикст мадоннасы» Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, «Сикст мадоннасы» еуропалықтарға да сондай қасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған шығармалары «Афины мектебі», «Конестабиле құдай — ана», «Парнас» және басқаларында гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап адамның әлі де ашыла қоймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады.

  • Осы орайда өнер тарихындағы ұлылардың бірі — Рафаэль Санти (1483—1520 жылдары) нағыз кемелді шағында — 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына мөңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның атақты туындысы — «Сикст мадоннасы» Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, «Сикст мадоннасы» еуропалықтарға да сондай қасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған шығармалары «Афины мектебі», «Конестабиле құдай — ана», «Парнас» және басқаларында гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап адамның әлі де ашыла қоймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады.

Сикст капелласы үшін жасалған шпалерлер топтамасы (1515 — 16), Римдегі Фарнезе вилласындағы еңбектері Р-дің озық туындыларының бірінен саналады. Юлий ІІ (1511 ж. ш., Флоренциядағы Уффици галереясы), Донна велата (1513 ж. ш., Палатина галереясы), Б.Кастильоне (1515 — 16, Лувр) портреттері мен мадонналарында (“Альба мадонна”, 1510 — 11 ж. ш., Вашингтондағы Ұлттық галерея; “ди Фолиньо мадонна”, 1511 — 12 ж. ш., Ватикан пинакотекасы; “Секстин мадоннасы”, 1515 — 19, Дрезден сурет галереясы) кейіпкерлердің басты мінез ерекшеліктері мен табиғи пәк сезімдерін шынайы шеберлікпен суреттеді.
Афин мектебі

Италияның даңқын асырған ұлы суретшілердің бірі — Джотто ди Бондоне (1276—1337 жылдары) болды. «Иуда ишараты» — талантты суретшінің ең әйгілі шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар — Христос пен Иуда. Христос бейнесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың белгілерін байқайтын болсақ, ал екінші бір кейіпкер Иуданың бойынан бір көргенде-ақ озбырлық пен сатқындық қасиеттерін жазбай танисыз. Екі жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің жүзінен де, қимылынан да айқын көрінеді, ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға келмейтін күрес — шығарманың негізгі идеясы.

  • Италияның даңқын асырған ұлы суретшілердің бірі — Джотто ди Бондоне (1276—1337 жылдары) болды. «Иуда ишараты» — талантты суретшінің ең әйгілі шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар — Христос пен Иуда. Христос бейнесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың белгілерін байқайтын болсақ, ал екінші бір кейіпкер Иуданың бойынан бір көргенде-ақ озбырлық пен сатқындық қасиеттерін жазбай танисыз. Екі жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің жүзінен де, қимылынан да айқын көрінеді, ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға келмейтін күрес — шығарманың негізгі идеясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет