Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Италияда, басқа да көптеген Батыс Еуропа елдерінде көркем өнердің барлық дерлік салаларында бұрын-сонды болып көрмеген гүлдену басталды.Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджело, Тициан, Джорджоне... Энгельстің сөзімен айтқанда, Қайта өрлеу дәуірі туғызған алып тұлғалар. Негізгі үш ұлы суретші белгілі болды. Осы дәуірдің ең үлкен жетістіктерінің барлығы ұлы суретшілердің жұмыстарынан айқын көрінеді. Ол суретшілер — Леонардо да Винчи (1452—1519), Микеланджело (1475—1564), Рафаэль, Санти (1483—1520). Сонымен қатар бұл суретшілер өз дәуірінің көркемөнерін биікке көтере білді. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Италияда, басқа да көптеген Батыс Еуропа елдерінде көркем өнердің барлық дерлік салаларында бұрын-сонды болып көрмеген гүлдену басталды.Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджело, Тициан, Джорджоне... Энгельстің сөзімен айтқанда, Қайта өрлеу дәуірі туғызған алып тұлғалар. Негізгі үш ұлы суретші белгілі болды. Осы дәуірдің ең үлкен жетістіктерінің барлығы ұлы суретшілердің жұмыстарынан айқын көрінеді. Ол суретшілер — Леонардо да Винчи (1452—1519), Микеланджело (1475—1564), Рафаэль, Санти (1483—1520). Сонымен қатар бұл суретшілер өз дәуірінің көркемөнерін биікке көтере білді.
Бейнелеу өнерінің алып тұлғалары
Леонардо да Винчи ғылымның барлық салаларымен айналысты. Алғаш рет адам денесінің жеке бөліктері, ішкі құрылысы туралы зерттеу жұимыстарын жүргізді. Бұл суретші барлық қызметті қатар алып жүрді, ол инженер де, сәулетші және суретші де болды. Оның Миландағы Әулие Мария делла Грацие шіркеуіндегі шығармалары ең тамаша еңбектер қатарында. Солардың бірі — “Құпия жиын” . Шығарма мазмұны Италияны жау шауып, халқы қиын-қыстау күндерді бастан өткізген кезден алынған. Сондықтан "Құпия жиын" замана талабына сай орындалған туынды болып табылады. Бұл шығармада суретші елді қорғау үшін бірлік пен ерлік керектігін меңзейді.
Леонардо да винчи. «Құпия жиын»
Леонардоның алғашқы ғажап шығармасы "Құпия жиын" болса, екіншісі бір ғаламат туындысы — "Мона Лиза" немесе "Джаконда" (қосымшадағы 2-сурет) бейнесі. Сұлу да нәзік жас келіншектің кұпиясы оның езу тартып, ұяң жымиып тұрғандығында. Оның жан дүниесінде ғаламат мейірбандық, тылсым сыр бар екендігі көрінеді. Леонардо да Винчи жұмыстары онша көп емес және біреу болса да бірегей шығармалар болуымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |