- Қайта өрлеу дәуірінің алғаш дамыған жері Италия елі болды. Ол дамыған, өркендеген мемлекет еді. Онда саяси, рухани-эстетикалық көзқарастар туып, адамдардың ой өрістерінің көмегімен әрекет жасауға болатынына көздері жете бастады. Сондықтан ғылымға деген, әлемнің тұңғиық сырларын ашуға деген құштарлықтары арта түсті. Бұл ғылым мен өнерге барынша ден қоюға жол ашты. XV—XVI ғасырларда өмір сүрген Италияның мәдениет қайраткерлері өз дәуіріндегі өнер өрісін өте жоғары бағалады
Алғашқы қайта өрлеу дәуірінің негізгі дамыған орталығы Флоренция болды, кейін XVI ғасырда Римге ауысты. Мұндағы түбірлі өзгеріс сәулет саласында болды. Сәулетшілер Италияда етек жайған романдық және готикалық стильдерден біржолата бас тартты. Қайта өрлеу дәуірінің ең белгілі ғимараты — Римдегі Әулие Петр кцмбезі. Бұл ғимарат жұз жылдан астам уақыт бойы тұрғызылды. Құрылыстың алғашқы жобасын жасаған сәулетшілер — Браманте мен Микеланджело есімдерін айтуға болады. Сәулетші Микеланджело биіктігі 132 метрлік зор кұмбезді салуды ойластырған. Қайта өрлеу ғимараттары түрлі бағаналармен көмкеріліп, аса күрделі жасалды. Ңайта өрлеу дәуірі өнерінің алғашқы суретшілерінің бірі — ұлы суретші Джотто (1267—1337) болды. Ол Римдегі антикалық өнермен жан-жақты танысты және сонда жүріп "Новичелла" атты мозаикалық шығармасын жазды. Джоттоның атағын шығарған еңбегі — "Иуда ишараты" жұмысы. - Алғашқы қайта өрлеу дәуірінің негізгі дамыған орталығы Флоренция болды, кейін XVI ғасырда Римге ауысты. Мұндағы түбірлі өзгеріс сәулет саласында болды. Сәулетшілер Италияда етек жайған романдық және готикалық стильдерден біржолата бас тартты. Қайта өрлеу дәуірінің ең белгілі ғимараты — Римдегі Әулие Петр кцмбезі. Бұл ғимарат жұз жылдан астам уақыт бойы тұрғызылды. Құрылыстың алғашқы жобасын жасаған сәулетшілер — Браманте мен Микеланджело есімдерін айтуға болады. Сәулетші Микеланджело биіктігі 132 метрлік зор кұмбезді салуды ойластырған. Қайта өрлеу ғимараттары түрлі бағаналармен көмкеріліп, аса күрделі жасалды. Ңайта өрлеу дәуірі өнерінің алғашқы суретшілерінің бірі — ұлы суретші Джотто (1267—1337) болды. Ол Римдегі антикалық өнермен жан-жақты танысты және сонда жүріп "Новичелла" атты мозаикалық шығармасын жазды. Джоттоның атағын шығарған еңбегі — "Иуда ишараты" жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |