Қайта құру кезінде


Екі елдегі қоғамдық бірлестіктердің қызметін тоқтатудағы ерекшеліктер



бет2/2
Дата15.11.2022
өлшемі23.11 Kb.
#464940
1   2
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТАЛДАУ (1)

Екі елдегі қоғамдық бірлестіктердің қызметін тоқтатудағы ерекшеліктер.
Ресей Федерациясының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңының 26-бабы бойынша Қоғамдық бірлестікті таратуға немесе оның қызметіне тыйым салуға мыналар негіз болып табылады:

  • қоғамдық бірлестіктің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуы;

  • қоғамдық бірлестіктің Ресей Федерациясының Конституциясын, федералдық конституциялық заңдарды, федералдық заңдарды немесе басқа да нормативтік құқықтық актілерді бірнеше рет немесе өрескел бұзуы немесе қоғамдық бірлестіктің өзінің жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті жүйелі түрде жүзеге асыруы;

  • мемлекеттік тіркеудің федералды органы немесе оның аумақтық органы белгілеген мерзімде қоғамдық бірлестіктің қызметін тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жоймау.

Халықаралық немесе бүкілресейлік қоғамдық бірлестікті тарату туралы сотқа өтінішті Ресей Федерациясының Бас Прокуроры немесе федералды мемлекеттік тіркеу органы енгізеді. Аймақаралық, аймақтық немесе жергілікті қоғамдық бірлестікті тарату туралы сотқа өтінішті Ресей Федерациясының тиісті субъектісінің прокуроры "Ресей Федерациясының прокуратурасы туралы" Федералдық заңда немесе федералды мемлекеттік тіркеудің тиісті аумақтық органында көзделген тәртіппен енгізеді. Ал  Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктің қызметін тоқтату прокуратура, ішкі істер органдарының ұсынулары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері немесе азаматтардың арыздары бойынша жүргізіледі. Демек,Ресейде өтінішті тек прокурор ғана бере алады. Ал,Қазақстанда бұндай құқыққа прокурор мен қоса ішкі істер органдары,жергілікті атқарушы органдар және азаматтар ие.

Екі елдегі ЖШС қызметін тоқтатудағы ерекшеліктер.
Екі елдің заңында да ең алдымен, заңнамаға немесе құрылтай құжаттарына сәйкес уәкілеттік берілген белгіленген рәсімге сәйкес тарату туралы шешім қабылдайды. Бұл шешімде тарату комиссиясының тағайындалуы мен құрамы, тарату тәртібі мен мерзімдерін анықтау туралы мәселелер де қаралады.
Ресейде шаруашылық серіктестікті таратуды бастамас бұрын, шаруашылық серіктестік бұл факт туралы және алдағы жұмыстан босату туралы өз қызметкерлеріне және жұмыспен қамту органдарына процесс басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын хабарлауы керек.(Ресей Федерациясының Еңбек кодексінің 178-бабы). Ал, Қазақстанда қызметкерлерді алдағы жұмыстан босату туралы кемінде бір ай бұрын хабардар ету керек (ҚР ЕК 52-бабы). Адамдық құқықтардың сақталуы мен адамгершілік тұрғысынан Ресейдің заңы тиімді секілді. Жұмыскерлерге жұмыстан босату туралы ерте хабарлау – олардың басқа жұмыс іздеуіне тиімді болары сөзсіз.
Ресейде шаруашылық серіктестікті тарату туралы салық инспекциясына нотариалды куәландырылған Р15016 нысаны бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хабарлау қажет. Қазақстанда заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бұл туралы өзінің орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлайды (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 37-бабының 1-тармағы). Бұл тұрғыда екі ел заңнамасында айырмашылық жоқ.
Қазақстанда тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату туралы, сондай-ақ оның кредиторларының шағымдарды мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспа басылымдарында жариялайды. Шағымдарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған сәттен бастап 2 айдан кем болмауы тиіс (Азаматтық кодекстің 50-бабының 3-тармағы). Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 63-бабының 1-тармағына сәйкес тарату комиссиясы БАҚ-та заңды тұлғаны тарату туралы хабарлама жариялауы керек. Хабарламада кредиторлардың талаптарды жариялау тәртібі мен мерзімі көрсетіледі, ол жарияланған сәттен бастап екі айдан кем болмауы тиіс. Бұл тұрғыда да екі елдің заңы Қосөзеннің ағысындай.

Қазақстанда Кредиторлар талап қою үшін 2 ай мерзім өткеннен кейін (алдыңғы тармақты қараңыз) тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген талаптардың тізбесі, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын аралық тарату балансын жасайды (Азаматтық кодекстің 50-бабының 4-тармағы).Аралық тарату балансын заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган бекітеді.


Рсейде аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін комиссия кредиторлармен есеп айырысуды бастайды. Талаптар Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 64-бабында белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады:

  • таратылған ЖШС өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап беретін азаматтардың талаптары, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талаптар;

  • еңбек шарты бойынша және авторлық сыйақыларды төлеу бойынша қабылданған қызметкерлердің жалақысы мен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу бойынша есеп айырысулар;

  • бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар;

  • басқа несие берушілермен есеп айырысу.

Егер таратылатын шаруашылық серіктестіктің ақшалай қаражаты барлық қарыздарды өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда заңды тұлғаның мүлкі ашық сауда-саттықта сатылуы керек.Қазақстан заңнамасында да бұл мәселе дәл осылай қарастырылған. Заңдағы өзімізге тән ерекше нормаларымыздың болмауы, айна қатесіз ұқсастықтың басты себебі – Қазақстанның әлі күнге дейін дербес,тәуелсіз заң жүйесінің жоқтығы,тиісінше,заң институтының орнықпағаны секілді.

Ресейде ЖШС-тің таратылғанын растайтын жалғыз құжат N р50007 нысаны бойынша заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінің жазба парағы болып табылады. Қазақстанда Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу туралы бұйрық беру болып табылады ("заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6-тармағы.) Бұл бұйрық ХҚКО-да беріледі.



ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы, Қазақстан мен Ресейдің заңдарында ауыз толтырып айтар айырмашылықтар жоқ,көбіне ұқсастықтар байқалады. Бұның басты себебі – қос елдің екі жүз жылдан астам уақытқа созылған,біте қайнасқан тағдыры болса керек-ті. Айырмашылықтар болған күннің өзінде Ресейдің пайдасына шешіліп жатқан-ды. Ресейдің заңынан кәдемізге жарататын,үйренетін жерлеріміз көп. Қазақстанға қарағанда Ресей заңнамаларында азаматтық құқықтық қатынастардың өрісі кең,арыны алшақ. Бұның негізгі себебі –Ресейде азаматтық құқықтағы теориялық ұғымдардың тәжірибеде көп қолданылуы. Соған байланысты ғалымдардың еңбектерінің де көп болуы. Мысалы, «қаржы құралдары» деген тақырыптың өзіне орыс ғалымдарының жазған еңбектерінің саны өлшеусіз. Ал, қазақ ғалымдары бұл тақырыпты көтерген де емес. Әлі күнге дейін шетел ғалымдарының еңбектеріне тәуелділігіміз осыдан. Айта кеткенім жөн,Ресейдің заңының өзінің қайнар көздері бар, ол – батыстық демократтық, дамыған елдердің нормалары. Сондықтан, батыс ғалымдарының еңбектерін көптеп аудару – болашаққа салынған үлкен инвестиция. Қазіргі біздің қоғамдағы азаматтық құқықта болып жатқан өзекті мәселелердің шешімі батыс ғалымдарының еңбектерінде жазылған. Оны оқу және тәжірибеде қолдану – азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудегі негізгі құрал.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет