Академиялық стиль және оның басқа стильден айырмашылығы



бет2/5
Дата22.02.2024
өлшемі232.58 Kb.
#492909
түріРеферат
1   2   3   4   5
Факультет филология. Умбет Н С 1 курс . Академиялық стиль

Академиялық жазылым – бұл әлемдік білім беру салаларында және ғылыми
ортада кең таралған ақпараттық үдерістерді, академиялық қарым қатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға
бағытталған құзыреттердің дәстүрлі түрі. «Академиялық жазылым» термині
әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке дайындық
дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен
байланысты кез келген кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір
құжаттарды жазуға қажетті дайындығын анықтау үшін кең қолданылады.

«Академиялық жазылым» мақсаты – аналитикалық мәтін әрекеттеріне байланысты студенттердің тілдік және прагматикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру, тілдің экспрессивтік бірліктерін талдай білу және қарым-қатынас мақсаты мен шарттарына байланысты қажетті бірлікті сауатты таңдай білу.


Міндеттері – академиялық жанр ерекшеліктерімен таныстыру (түйіндеме, реферат, аналитикалық шолу, сонымен қатар ғылыми зерттеулер); мәтіндерді аналитикалық өңдеудің негізгі мақсаттарын анықтау; кәсіби тақырыптағы мәтіндерді талдауға үйрету, академиялық адалдық жауапкершілігін арттыру.

Академиялық жазылым және оның басқа стиль түрлерінен айырмашылығы


Академиялық жазылым – студенттердің белгілі бір мамандық бойынша оқуға міндетті немесе таңдаулы пәндері бойынша ғылыми әдебиеттерді оқып,оған талдау жасауы және жазбаша түрде өз пікірін білдіруі.
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Осы орайда қарым-қатынасқа түсуі үшін өз мақсаты мен міндетіне қарай байланыс құралының стилін таңдайды. Қазіргі қазақ әдеби тілінің мынадай стильдік тармақтары бар:
1)Ауызекі сөйлеу стилі – функционалды стильдің бір түрі. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында, оның барлық сала-сында (тұрмыста, өндірісте, таныс ортада, т. б.) ауызша қолда-нылатын сөйлеу үлгісі, бұл – әдеби тілдің қарама-қарсысында танылатын құбылыс, өзіндік нормасы мен тілдік-стильдік бел-гілері бар. Негізгі қолданылу формасы – диалог, монолог.
Ауызекі сөйлеу стилінің тағы бір ерекшелігі – әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа-райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивтілік, эмоционалдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі сөйлеуде байқалады.
Ауызекі сөйлеу стилінде лингвистикалық факторлармен қоса, бейвербалды факторлардың (паралингвистикалық) да қатар пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табы-лады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қимыл-қозғалыстары, дауыс ырғағының (интонацияның) құбылуы т.б.), бұл – фонетикалық ерекше-ліктері, сөздерге әр түрлі екпін түрлерін түсіру арқылы да ойға түрлі экспрессивтік реңк, бояу беріп айтылуы да жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет