Академиялық стиль және оның басқа стильден айырмашылығы


Академиялық жазылым және ғылыми стиль



бет4/5
Дата22.02.2024
өлшемі232.58 Kb.
#492909
түріРеферат
1   2   3   4   5
Факультет филология. Умбет Н С 1 курс . Академиялық стиль

Академиялық жазылым және ғылыми стиль
Академиялық жазылым – студенттердің белгілі бір мамандық бойынша оқуға міндетті не таңдаулы пәндері аясында ғылыми әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл студенттерді өз бетінше зерттеу жұмысын жүргізуге, жобалық жұмыстар жазуға машықтандырады.
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Осы орайда қарым-қатынасқа түсуші өз мақсаты мен міндетіне қарай байланыс құралының стилін таңдайды. Тіл білімінде стильдің бес түрі (ауызекі, публицистикалық, әдеби, ғылыми, ресми іс-қағаздар) бар. Олардың ішінде ғылыми стиль академиялық жазылымға тән стиль болып есептеледі. Ғылыми еңбектердің барлығы ғылыми стильмен жазылады. Ғылыми стильге қойылатын басты талап– логикалық тұрғыдан жүйелі жазылуы. Сонымен қатар ғылыми стильдің де бірнеше түрі болады, олар:

  1. Таза ғылыми стиль;

  2. Ғылыми-оқулық стилі;

  3. Ғылыми-көпшілік стиль.

Академиялық жұмыстың тілі көпшілікке, мәселен, белгілі бір ғылыми сала жөнінде терең білмейтін қарапайым оқырманға түсінікті болуы керек. Яғни студенттің эссесі экономикалық бағытта жазылғанымен, оны арнайы экономикалық білімі жоқ оқырман еркін түсіне алуы қажет. Сонымен, академиялық жазылым ғылыми-көпшілік стилінде жазылады. Ал таза ғылыми стиль немесе ғылыми-оқулық стилі нақты бір ғылым саласына бағытталып, тек қана осы саланың маманына ғана түсінікті тілде жазылуы мүмкін.
Академиялық жазылымның мақсаты – ғылыми стильде жазылым әрекетіне дағдаландыру.Демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын жазуға үйретеді. Ғылыми жазылымды, яғни ғылыми стильді меңгеру үшін академиялық жазылымды меңгеру қажет. Сонымен ғылыми стиль, біріншіден, жазба стилінің бір түрі, екіншіден, логикалық оймен жазылуы тиіс, үшіншіден, онда терминдер қолданылады.
Ғылыми стильдің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар –нақтылық, объективтілік және қисындылық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет