ХОЛЕРИК (CHOLE- САРЫ ӨТ) - Холерик- аса қозғалғыш, ұшқалақ. Карым-қатынаста күйгелек, бiр беткей, iс әрекетке пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тәнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына жетуге тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай жалғастыруға сенiмi болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi түсiп, ешнәрсеге көңiл бөлмей қояды. Дене қимылдары тез және жiгерлi, қызба келедi. Бiр сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам.
САНГВИНИК (SANGIUS-ҚАН) -
- Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, әр түрлi, көпқырлы жұмысты тез атқарады. Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне тез бейiмделедi.
ФЛЕГМАТИК (PHLEGMA-ШЫРЫН) - Флегматик- барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiр қалыпты, табанды, төзiмдi. Флегматик-салмақты адам, ол күшiн босқа жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзедi. Ол бөспелiктi сүймейдi. Адамдармен қарым-қатынаста бiр сарынды. Баяулық пен селқостық оның осал жағы. Ұзақ уақыт жұмыс iстеуге төзiмдi. Олар жұмыста ұсақ-түйекке көңiл аудармайды.
МЕЛАНХОЛИК (MELASCHOLE-ҚАРА ӨТ) - Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi жақсы көредi. Ұсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-қатынасқа түсiп, алған iсiн нәтижелi орындап, табандылық көрсетедi.
ТЕМПЕРАМЕНТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ АДАМ ҚАСИЕТІНІҢ КӨРІНУІ
Достарыңызбен бөлісу: |