сатып алу құқығы
1. Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған осы бағалы қағаздарды сату ниетi бар қоғам осы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап он күн iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өздерiнде бар акциялар санына барабар бағалы қағаздарды тең жағдайларда орналастыру (өткiзу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу) бағасы бойынша оларды сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) туралы хабарланған күннен бастап отыз күн iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беруге құқылы.
Бұл орайда қоғамның жай акцияларын иеленетiн акционердiң жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленушi акционердiң қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алу құқығы бар.
2. Қоғам акционерлерiнiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
17-бап.
Ескерту. 17-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру
1. Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бiр немесе бiрнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы.
Қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде акцияларын орналастыру туралы шешiмдi, қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның директорлар кеңесi қабылдайды.
Акцияларды орналастыру ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукционда сату арқылы жүзеге асырылады.
1-1. Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды сатып алуға өтiнiш беру үшiн берiлген отыз күннiң iшiнде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды иелiктен айырған кезде, егер акцияның бұрынғы иесi мұндай өтiнiш бермеген жағдайда осы құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды жаңа иесiне ауысады.
2. Жазылу арқылы қоғам орналастыратын акциялар, акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес сатып алатын акционерлердi қоспағанда, осы орналастыру шегiнде акцияларды сатып алатын барлық тұлғалар үшiн бiрдей сату бағасы бойынша сатылуға тиiс.
Акционерлер акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес орналастыру туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген бiрыңғай орналастыру бағасы бойынша сатып алады.
3. Акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшiн белгiлеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкiн неғұрлым төменгi бағасы болып табылады.
4. Қоғамның жарияланған акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi органы орналастырылатын акциялардың санын ұлғайту және (немесе) орналастыру бағасын төмендету туралы шешiм қабылдаған жағдайда, бұл орналастыру осы Заңның 16-бабы 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146, 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
19-бап. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесi
1. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi қоғамның тiркеушiсi ғана жүзеге асыра алады, ол қоғамның және оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болмауға тиiс.
2. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу, сондай-ақ ол бойынша уәкiлеттi органға ақпарат беру тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленедi.
3. Қоғам өз акциялары шығарылымын мемлекеттiк тiркеу мақсатында уәкiлеттi органға құжаттар табыс етiлгенге дейiн қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызмет көрсету туралы қоғамның тiркеушiсiмен шарт жасасуға мiндеттi.
4. Орналастырылатын акция толық төленгенге дейiн қоғамның осы акцияны қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiндегi (нақтылы ұстаушыны есепке алу жүйесiндегi) оны сатып алушының жеке шотына есептеу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары
туралы есеп беру
1. Қоғам уәкiлеттi органға қоғамның жарияланған акцияларын толық орналастырғанға дейiн не оларды толық орналастырғаннан кейiн әрбiр алты айдың (есептi жарты жылдық аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде) қорытындылары бойынша өз акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп беруге мiндеттi.
2. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептiң мазмұнын және оны табыс ету тәртiбiн, сондай-ақ осы есептi қарау және бекiту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеу
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге ақша, мүлiктiк құқықтар (соның iшiнде зияткерлiк меншiк объектiлерiне құқықтар) және өзге де мүлiк енгiзiлуi мүмкiн.
Ақшадан басқа, өзге де мүлiкпен төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген лицензия негiзiнде әрекет ететiн бағалаушы белгiлейтiн баға бойынша жүзеге асырылады.
2. Егер қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлiктi пайдалану құқығы енгiзiлсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлiктi пайдалануға төленетiн ақының мөлшерi негiзге алына отырып, қоғамның оны пайдаланған бүкiл мерзiмiне жүргiзiледi. Аталған мерзiм бiткенге дейiн қоғам акционерлерi жалпы жиналысының келiсiмiнсiз мұндай мүлiктi алып қоюға тыйым салынады.
3. Қоғамға өзiнiң жарияланған акцияларын бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастырған кезде оларды өзi сатып алуына жол берiлмейдi.
22-бап. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер
1. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердi қоспағанда, қоғамның акциялары бойынша дивидендтер акционерлердiң жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретiн акцияларының жай көпшiлiгiмен дивидендтер төлеу туралы шешiм қабылданған жағдайда ақшалай немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленедi.P09008S
Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берiлмейдi.
Қоғамның акциялары бойынша оның бағалы қағаздарымен дивидендтер төлеуге акционердiң жазбаша келiсiмi болған кезде осындай төлем қоғамның жарияланған акцияларымен және ол шығарған облигациялармен жүзеге асырылатын жағдайда ғана жол берiледi.
Дивидендтердi алуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмi дивидендтер төлеу басталатын күннiң алдындағы күнi жасалуға тиiс.
Төленбеген дивидендтерi бар акцияларды иелiктен алу, егер акцияларды иелiктен алу туралы шартта өзгеше көзделмесе, акцияның жаңа иесiнiң оларды алу құқығымен жүзеге асырылады.
2. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеудiң кезеңдiлiгi қоғамның жарғысымен және (немесе) акцияларды шығару проспектiсiмен белгiленедi.
3. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу төлем агентi арқылы жүргiзiлуi мүмкiн. Төлем агентiнiң қызметiне ақы қоғам есебiнен төленедi.V032632
4. Орналастырылмаған немесе қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi және төленбейдi.
5. Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша:
1) өз капиталының терiс мөлшерi болған жағдайда немесе егер қоғамның өз капиталының мөлшерi оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесiнде терiс болса;
2) егер қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сәйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесiнде пайда болса;
3) (алып тасталды)
6. Акционер қоғам берешегiнiң жиналып қалу мерзiмiне қарамастан, алынбаған дивидендтердi төлеудi талап етуге құқылы.
Дивидендтер оларды төлеу үшiн белгiленген мерзiмде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердiң негiзгi сомасы және ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып есептелетiн өсiмпұл төленедi.
7. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтердi есептемейдi және төлемейдi.
Ескерту. 22-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
23-бап. Жай акциялар бойынша дивидендтер
1. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген болса, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiмен ғана жүзеге асырылады.
Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешiмдi акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.
Қоғамның акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешiм қабылдап, оны қабылдаған күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялауға құқылы.
2. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бұл шешiм бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиiс. Бұл ретте жария компаниялар осы шешiмдi өздерiнiң корпоративтiк веб-сайтында да жариялауға тиiс.
3. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешiмде мынадай мәлiметтер:
1) қоғамның атауы, орналасқан жерi, банк және өзге де реквизиттерi;
2) дивидендтер төленетiн кезең
3) бiр жай акцияға шаққандағы дивидендтiң мөлшерi;
4) дивидендтер төлеудiң басталатын датасы;
5) дивидендтер төлеудiң тәртiбi мен нысаны болуға тиiс.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер
1. Осы Заңның 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешiмiн талап етпейдi.P09008S
Артықшылықты бiр акцияға дивидендтер төлеу кезеңдiлiгi және дивидендтiң мөлшерi қоғамның жарғысымен белгiленедi. Артықшылықты акциялар бойынша есептелетiн дивидендтердiң мөлшерi жай акциялар бойынша осы кезең үшiн есептелетiн дивидендтердiң мөлшерiнен аз болмауы керек.
Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер толық төленгенге дейiн оның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейдi.
2. Артықшылықты акция бойынша дивидендтiң кепiлдiктi мөлшерi оның мәнi тұрақты және жалпы қолжетiмдi болған жағдайда қайсыбiр көрсеткiшке қатысты белгiленген түрiнде де, индекстеу арқылы да белгiленуi мүмкiн.
3. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзiмiнiң басталуы алдындағы бес жұмыс күнi iшiнде қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында осы Заңның 23-бабы 3-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген мәлiметтердi көрсете отырып, дивидендтер төлеу, сондай-ақ қоғамның бiр артықшылықты акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерi туралы ақпарат жариялауға мiндеттi.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
25-бап. Қоғамның акцияларымен мәмiлелер жасасу
1. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретiн акцияларының отыз және одан да көп процентiн дербес немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесе отырып сатып алғысы келетiн тұлға бұл туралы қоғамға және уәкiлеттi органға ол белгiлеген тәртiппен хабарлама жiберуге мiндеттi. Хабарламада сатып алынатын акциялардың саны, болжамды сатып алу бағасы туралы мәлiметтер және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
2. Акционерлердiң қоғам акцияларын сатуына қоғамның кедергi жасауға құқығы жоқ. Қоғамның акцияларын сатқысы келетiн тұлғаға қоғамның оларды қоғамның өзiнiң немесе үшiншi тұлғалардың ұсынылған бағадан жоғары баға бойынша сатып алуы туралы ұсыныс жасауға құқығы бар. Сатып алу туралы ұсыныста акциялардың саны, бағасы және акцияларды үшiншi тұлғалар сатып алған жағдайда сатып алушылардың реквизиттерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
3. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретiн акцияларының отыз және одан да көп процентiн дербес немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесе отырып сатып алған тұлға сатып алған күннен бастап отыз күн iшiнде қалған акционерлерге қоғамның оларға тиесiлi акцияларын сатуға ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жария компанияның акционерлерiне ұсыныс корпоративтiк веб-сайтта жариялануға тиiс. Акционер өзiне тиесiлi акцияларды сату туралы ұсыныс жарияланған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде оларды сату туралы ұсынысты қабылдауға құқылы.
Акционерлерге оларға тиесiлi акцияларды сату туралы ұсыныста аттарын (атауларын), тұрғылықты жерiн (орналасқан жерiн), оларға тиесiлi акциялардың санын қоса алғанда, қоғамның дауыс беретiн акцияларының отыз және одан да көп процентiн сатып алған тұлға және оның аффилиирленген тұлғалары туралы және осы Заңның 69-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, акцияларды сатып алудың ұсынылып отырған бағасы туралы деректер болуға тиiс.
Акционердiң өзiне тиесiлi акцияларды сату туралы жазбаша келiсiмiн алған жағдайда сатып алу туралы ұсынысты жариялаған тұлға акцияларды отыз күн iшiнде төлеуге мiндеттi.
Акцияларды сатып алудың осы тармақта аталған тәртiбi сақталмаған жағдайда қоғамның дауыс беретiн акцияларының отыз және одан да көп процентiн иеленушi тұлға (тұлғалар) өзiмен (өздерiмен) аффилиирленбеген тұлғаларға қоғамның дауыс беретiн акцияларының жиырма тоғыз процентiнен асатын акцияларының оған (оларға) тиесiлi бiр бөлiгiн иелiктен шығаруға мiндеттi.P09008S
4. Қоғамның өзiне тиесiлi акцияларды сату туралы ұсынысқа жауап ретiнде өтiнiш берген акционерi осы ұсынысты жариялаған тұлғаның акцияларды сатып алудан бас тартуына сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Ескерту. 25-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
26-бап. Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы
бойынша сатып алу
1. Орналастырылған акцияларды сатып алу қоғамның бастамасы бойынша акционердiң келiсiмiмен, қоғамның акцияны сатып алуы кезiнде оның құнын айқындаудың осы Заңда белгiленген тәртiпке сәйкес, оларды кейiннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңдарына және қоғамның жарғысына қайшы келмейтiн өзге де мақсаттарда жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Егер осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында өзгеше белгiленбесе, қоғамның бастамасы бойынша орналастырылған акцияларын қоғамның сатып алуы директорлар кеңесiнiң шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
3. Қоғамның:
1) акционерлердiң бiрiншi жалпы жиналысын өткiзгенге дейiн;
2) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп бекiтiлгенге дейiн;
3) егер акцияларды сатып алу нәтижесiнде қоғамның өз капиталының мөлшерi осы Заңда белгiленген ең төменгi жарғылық капиталдың мөлшерiнен аз болса;
4) егер акцияларды сатып алу кезiнде қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi не дәрменсiздiгi белгiлерiне сәйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда оның барлық талап етiлетiн немесе сатып алу болжанатын акцияларды сатып алу нәтижесiнде пайда болса;
5) егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы оны тарату туралы шешiм қабылдаса, өзiнiң орналастырылған акцияларын сатып алуға құқығы жоқ.
4. Егер қоғамның бастамасы бойынша оның сатып алынатын орналастырылған акцияларының саны акцияларды сатып алу-сату мәмiлесi (мәмiлелерi) жасалғанға дейiнгi олардың жалпы санынан бiр процент асатын болса, ол өз акционерлерiне осындай сатып алу туралы хабарлауға мiндеттi.
Қоғамның өзi орналастырған акцияларын сатып алуы туралы хабарламасында өзi сатып алатын акциялардың түрлерi, саны, бағасы, мерзiмi туралы және оларды сатып алу талаптары туралы мәлiметтер болуға тиiс және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиiс.
5. Қоғамның өз акционерлерi сатып алуға өтiнiш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуға жариялаған акциялардың санынан асып түскен жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесiлi акциялардың санына барабар сатып алынады.
Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
27-бап. Қоғамның орналастырған акцияларды акционердiң
талап етуi бойынша сатып алуы
1. Қоғам орналастырылған акцияларды сатып алуды:
1) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған (егер акционер қоғамды қайта ұйымдастыру туралы мәселе қаралған акционерлердiң жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);
1-1) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғам акцияларының делистингi туралы шешiм қабылдаған (егер акционер акционерлердiң жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешiмдi қабылдауға қарсы дауыс берсе);
1-2) сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингi туралы шешiм қабылдаған;
2) осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған iрi мәмiле жасау туралы шешiммен және (немесе) жасалуында қоғамның мүддесi бар мәмiле жасау туралы шешiммен келiспеген;
3) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамның жарғысына осы акционерге тиесiлi акциялар бойынша құқықтарды шектейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылдаған (егер акционер осындай шешiм қабылданған акционерлердiң жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешiмнiң қабылдануына қарсы дауыс берсе) жағдайларда өзiне қойылуы мүмкiн қоғам акционерiнiң талап етуi бойынша жүргiзуге тиiс.
1-1. Орналастырылған акцияларды акционердiң талап етуi бойынша қоғамның сатып алуы қоғамның акцияларды сатып алуы кезiнде олардың құнын айқындаудың осы Заңда белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады.
2. Акционер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шешiм қабылданған күннен бастап немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингi туралы шешiм қабылдаған күннен бастап отыз күн iшiнде қоғамға жазбаша өтiнiш жiберу арқылы өзiне тиесiлi акцияларды сатып алу туралы қоғамға талап қоюға құқылы.
Аталған өтiнiш алынған күннен бастап отыз күн iшiнде қоғам акционерден акцияларды сатып алуға мiндеттi.
3. Қоғамның өз акционерлерi сатып алуға өтiнiш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуы мүмкiн акциялардың санынан артық болған жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесiлi акциялардың санына барабар сатып алынады.
Ескерту. 27-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08 N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
28-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып
алуы бойынша шектеулер
1. Қоғам сатып алатын орналастырылған акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығыстары:
1) орналастырылған акцияларды акционердiң талап етуi бойынша сатып алған кезде - акционерлердiң жалпы жиналысында осы Заңның 27-бабының 1-тармағында аталған шешiмдердiң бiрi қабылданған күнгi жағдай бойынша;
2) орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешiм қабылданған күнгi жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерiнiң он процентiнен аспауға тиiс.
2. Қоғам сатып алған акциялар оның акционерлерi жалпы жиналысының кворумын анықтаған кезде есепке алынбайды және онда дауыс беруге қатыспайды.
29-бап.
Ескерту. 29-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
30-бап. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары
1. Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға оның жарғысында мұндай шығару мүмкiндiгi көзделген жағдайда ғана құқылы.
Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ.
2. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегiнде жол берiледi.
3. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау талаптары мен тәртiбi айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектiсiнде көрсетiледi.
Ескерту. 30-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепiлге салу
1. Қоғамның бағалы қағаздарын кепiлге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерiмен шектеуге немесе алып тастауға болмайды.
Егер кепiл талаптарында өзгеше көзделмесе, акционердiң дауыс беруге және өзi кепiлге салған акция бойынша дивидендтер алуға құқығы болады.
2. Қоғам өзi орналастырған бағалы қағаздарды:
1) кепiлге берiлетiн бағалы қағаздар толық төленген;
2) қоғамның сатып алған акцияларын қоспағанда, қоғамға кепiлге берiлетiн және оның кепiлiнде жатқан акциялардың жалпы саны қоғамның орналастырылған акцияларының жиырма бес процентiнен аспаған;
3) егер қоғам жарғысында өзгеше белгiленбесе, кепiл туралы шартты директорлар кеңесi мақұлдаған жағдайда ғана кепiлге қабылдай алады.
3. Егер кепiл талаптарында өзгеше белгiленбесе, қоғам орналастырған және оның кепiлiнде жатқан акциялар бойынша дауыс беру құқығы акционерге тиесiлi болады. Қоғам өзiнде кепiлде жатқан акцияларымен дауыс беруге құқылы емес.
4. Қоғамның бағалы қағаздарының кепiлiн тiркеу тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес белгiленедi.
Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның
Достарыңызбен бөлісу: |