Акцияларын шығару проспекті «Костанайские минералы» АҚ



бет3/4
Дата22.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#2098
1   2   3   4

АҚ акцияларын иемденген АҚ қызметкерлерінің жалпы саны және орналастырылған акциялардың жалпы санынан олардың жиынтық үлесі пайызбен:

«Костанайские минералы» АҚ 70000 акциясын иемденген артықшылықты акциялары бар жеке тұлғалардың жалпы саны 8316 адамды құрайды.


15. Акционерлік Қоғамның құрылтайшылары мен акционерлері

Он және одан да артық пайыз акцияларды иемденген акционерлердің толық және қысқаша атауы


Орналасқан орны


Үлесі, %

«Aton international Limited» компаниясы


19. Them. Dervi str., City House, 1066 Nicosia, Cyprus



95,39 %

16. Он және одан да артық пайыз акцияларды орналастырып, Акционерлік Қоғамға ірі акционер болған ұйымдар туралы мәліметтер




Заңды тұлғаның толық атауы

Бірінші басшы

сының


аты-жөні

Орналасқан орыны (толық пошталық

мекен-жайы)



Қызмет түрі

Осы ұйымдардың жарлық капиталында орналасты

рылған акциялардың жалпы санына (үлесі) акциялардың пайыздық қатынасы (жарғылық капиталдағы үлесі)


«Бас-Құдық» жауапкер

шілігі

шектеулі



серіктестігі

Отаубаева

Жанат

Мырзабай


қызы

Алматы қаласы

Бостандық ауданы
Көктем-1 шағын ауданы, 30а үйі, 3 офис


- халыққа қызмет көрсету;

- сауда және сауда-делдалдық қызмет;

- коммерциялық қызмет;

- делдалдық қызмет;

- халыққа, кәсіпорындарға, ұйымдарға әр түрлі сервистік және тұрмыстық қызмет;

- көтерме, бөлшек, комиссиялық сауданы ұйымдастыру;

- құрылыс материалдары мен конструкцияларды өндіру және өткізу;

- құрылыс-жөндеу, жинау, қалпына келтіру, қосу-реттеу жұмыстарын жүзеге асыру;

- жеке адамдарға, ұйымдарға көлікпен қызмет көрсету, оның ішінде халықаралық (ауа, теміржол, теңіз, жердегі көлік);

- мұнай, газ, мұнай өнімдері мен ЖЖМ сатып алу, өңдеу және сату, автозаправка бекеттерін ұйымдастыру;

- алкоголь және алкоголь емес сусындарды өндіру, сатып алу және сату;

- сыртқы экономикалық қызмет;

- баспа, жарнама өнімдерін, электронды аппараттар, автомобиль, станок және басқа техниканы өндіру, сатып алу, сақтау және сату;

- қызметтің барлық түрін көрсету, оның ішінде; ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық, іздестіру, аударма, өкілдік, есептеу, анықтама-ақпараттық, маклерлік басқару, комиссиялық, безендіру, ұйымдастырушылық;

- сондай-ақ ҚР Заңдары тыйым салмаған қызметтің басқа да түрлерін.


100 %



17. Қоғам қатынасатын өндірістік, банкілік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, ассоциациялар, консорциумдар туралы ақпарат:
«Костанайские минералы» АҚ Халықаралық хризотилдік Ассоциацияның толық құқықтық мүшесі, оның мақсаттары:

  • бір және сондай мақсатқа хризотилді және басқа талшықтарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;

  • осы талшықтарға байланысты денсаулық проблемаларынан толық хабардар болуды қамтамасыз ету;

  • өндірістік және қоршаған ортаға байланысты медициналық, ғылыми және техникалық мәселелер бойынша ассоциация мүшелері арасында тез ақпараттық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету;

  • өндірістік көз қарас тұрғысынан қоғамға таныстыру және хризотилді ауыстырушыларды өндірушілерден ретсіз айыптауларына қарсы қолдау;

«Костанайские минералы» қоғамы «Орта Азия мен Қазақстан асбест өнеркәсіпшілері Ассоциациясына» кіреді және оның құрылтайшысы болып табылады.

Құру мақсаты: асбест-цемент өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімдерін ұйымдастыру және өткізу рыноктарын қорғау, кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесімен алмасу жөніндегі ынтымақтасуды дамыту, жаңа технологияларды енгізу және асбестке қарсы насихат жұмыстарына тосқауыл қоюға қатысу.

Орналасқан орыны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 105

18. Қоғамның басқа қосылма тұлғалары туралы мәліметтер:

Лауазымды тұлғаның аты-жөні

Лауазымды тұлғамен жақын туыс болып келетін жеке тұлғалар (ата-анасы, жұбайы, ағасы/інісі, әпкесі/ қарындасы, сіңлісі, ұлы, қызы)

Лауазымды тұлғамен жекжаттық туыс болып келетін жеке тұлғалар (жұбайының ағасы/інісі, әпкесі/ қарындасы, сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы)

Лауазымды тұлғаның туысқандары бақылайтын заңды тұлға

Лауазымды тұлғаның туысқандары бақылайтын заңды тұлғаның лауазымды тұлғасының аты-жөні

Жусупов


Канат Куатжанович

Жұбайы - Жусупова


Сауле

Жанабековна;

Анасы- Жусупова Гульзада

қызы - Жусупова Айгуль

Канатовна,

ұлы - Жусупов Алибек

Канатович

Бауырлары- Жусупов Асылхан Куатжанович

Жусупов Нурмухан Куатжанович

Жусупов Сырым Куатжанович

Жусупов Аманкоз Куатжанович


 

 

 Жоқ

Утемисов

Мурат


Мусаевич

Жұбайы- Утемисова

Куралай


Миргазиевна,

ұлы - Мусаев

Серикжан

Муратович

Анасы- Серикова Амантай

Сериковна

әкесі- Утемисов Муса

Утемисович



 әкесі- Ахметов Миргазы

Анасы- Ахметова Маруся



 

 Жоқ

Алейников

Сергей


Афанасьевич

Жұбайы- Алейникова

Алла


Анатольевна

Анасы-Алейникова

Александра

Даниловна

қызы - Алейникова Екатерина

Сергеевна,

қызы - Алейникова Полина

Сергеевна



Анасы- Галкина

Лидия


Максимовна




Жоқ

Клочков Николай Михайлович

Жұбайы- Клочкова

Елена


Владимировна

Анасы-Клочкова

Вера

Григорьевна



қызы - Клочкова

Марина


Николаевна







Жоқ

Жолобова

Наталья


Петровна

Жұбайы- Жолобов

Николай


Михайлович

Анасы-Мешечкина

Екатерина Андреевна

қызы - Жолобова Екатерина Николаевна,

қызы - Жолобова Татьяна Николаевна








Жоқ

Гавриков

Альберт


Алексеевич

әкесі- Гавриков Алексей Кузьмич

Анасы-Гаврикова Альбина Васильевна

Жұбайы- Гаврикова Жанна Васильевна

ұлы - Гавриков Александр Альбертович

қызы -Гаврикова Полина Альбертовна


әкесі- Поляков Василий Иванович

Анасы-Полякова Татьяна Алексеевна







Жоқ

Саранчук Константин Иванович

әкесі-Саранчук Иван Васильевич

анасы-Саранчук Раиса Васильевна

жұбайы-Саранчук Виктория Вячеславовна

бауыры-Саранчук александр Иванович



әкесі-Насыров Вячеслав Носыбович

анасы-Насырова Раиса Михайловна









Отаубаева

Жанат


Мырзабаевна - «Бас-Құдық» ЖШС директоры

әкесі-Отаубаев Мырзабай

Отаубаевич

Анасы-Ташимова Кулан

Ташимовна















«Aton international Limited» компаниясынын бастығы

Мария Петридис


18-1. Қоғамның қосылма тұлғаларымен мәмілелері:

«Костанайские минералы» АҚ қосылма тұлғалармен мәміле жасаған жоқ.




3. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІН СИПАТТАУ
19. Акционерлік Қоғамның негізгі қызмет түрлерін қысқаша сипаттау, Акционерлік Қоғамның бәсекелес болған ұйымдары туралы мәліметтер.

Қызметінің негізгі түрі – Хризотил кенін – асбест өндіру және байыту.

Жітіқара хризотил – асбест кен көзінің геологиялық жағдайы оны әзірлеу және пайдалануды ашық әдіспен жүргізуге мүмкіндік береді. Кен көзін аршу екі темір жолы арқылы жүзеге асырылады.

Аршу және өндіру жұмыстары жарылғыш заттарды пайдаланып горизонталды жағдайда жүргізіледі. Жарғыш скважиналарды бұрғылау СБШ-250 МН станоктарымен жүзеге асырылады. Кенді қобсыту аптасына бір рет жарылғыштардың көмегімен іске асырылады.

Жарылғаш жұмыстарын жүргізу үшін өндірістік жарылғыш заттар (гранулотол, эмульсиялық ЖЗ) және кәсіпорынның өзінде дайындалатын (гранулит-Э) қолданылады

Гранулит-Э жарылғыш заты цехта А және В маркалы аммиак селитрасы – 85% және су-май эмульсиясы – 15 % негізінде дайындалады, сол үшін комбинатта 2000 жылғы ЖЗ дайындайтын тұрақты пункт пайдалануға берілген болатын.

Ірі кендерді екінші рет немесе механикалық әдіспен үгітеміз. Кен жұмыстары 14 горизонтта жүргізіледі, әрқайсының орташа биіктігі 15 метр. Карьердің ұзындығы кіретін траншейлерді есептегенде 4300 метр, ал ені ортасында – 1400 метр. Шығыс жағының + 155 м, + 185 м горизонттарында үш қойма орналасқан, олар өндірген кендегі асбестің құрамын реттеуге көмектеседі. Кен өндіру 9 горизонтта жүргізіледі. Карьердің тереңдігі 250 метр (жоба 640 метр).

Хризотил – асбест кенін байыту үшін өндеудің күрделі схемасы пайдаланады:



  • кенді байытуға дайындау

  • тікелей байыту технологиясы

  • дайын өнімді буып түю.

Кенді байытуға дайындау үшін кенді 3 рет үгіту арқылы оның мөлшерін 1,2 метрден 50 миллиметрге дейін кішірейту қажет. Технологиялық процесстерді жүргізу жағдайы бойынша байытылатын кеннің ылғалдылығы 2 % аспау керек, сондықтан олар сатылас кептіру пештерінде кептіріледі, пайдаланған жылу иесі тазартылғаннан кейін атмосфераға шығарылады. Кептірілген кен сыйымдылығы 100 мың тонна құрғақ кен қоймасына жіберіледі. Шығатын және өнделетін өнімдерді тасы конвейерлік көлікпен жүзеге асырылады.

Байыту схемасы сан алуан рет ұсақтауды қажет етеді, соның арқасында асбестік талшық ашылып және оны шығаруға дайындалады. Талшықты ажыратып алу өте күрделі процесс, онымен бірге өнімді үгіту, талшықты стратификациялау және оны сорып алу керек.

Қажетті сапаға жеткізу үшін талшықтың ұзындығы бойынша қалыптасқан концентраттар қайтадан тазартуға жіберіледі, онда талшықтар шаңнан, саздан тазартылып, сыныпталады. Талшықтарды толығырақ алу және байыту тереңдігін ұлғайту мақсатында шала өңделген өнімдермен қосымша жұмыстар жүргізіледі. Талшықтарды тасу пневмотранспорт жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

Асбест кенін байыту кезінде конустық ұсақтағыштар (ККД, КСД, КМД), сатылас балғалы ұсақтағыштар, шаңнан тазартатын және сыныптағыш жабдықтар, кептіргіш пештер, шаңнан тазартатын және шаңды сорғыш қуатты жүйелер, түрлі фильтрлер пайдаланылады. Негізінде кенді байытуға арналған құрал-жабдық арнаулы, тек асбест өнеркәсібінде қолданылады.

Дайын асбест 50 кг (40 кг) мөлшерде пресс-машиналармен тығыздалып, көлемі 200х400х800(600) мм брикетке айналады, сосын пропилен қапшықтарға салынады, ауызы тігіледі, европоддонға жинақталып, дайын өнімдер қоймасында сақталады. Тұтынушыларға жабық теміржол вагондары арқылы жеткізіледі.

Хризотил – асбест кендерін өңдеу нәтижесінде талшығының ұзындығына байланысты хризотилді асбестің 3-6 тобы алынады.

Шаң тазартқыш қондырғылардың ұстаған өнімдерінен 7-топ асбесті А-7-370 өндіріледі.

Комбинат шығарған өнімнің номенклатурасы негізінен 10 маркалы сортты асбесті құрайды:

А-3-60 А-5-65

А-3-50 А-5-50

А-4-30 А-6-45

А-4-20 А-6-40

А-4-10 А-6-30
Комбинат асбесті сапасы бойынша сыныптамалағанда Мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі кеңестің ресми қабылдаған ГОСТ 12871-93 «Хризотилді асбест» Мемлекетаралық стандартын басшылыққа алады. Жітіқара асбесі әлемдік рынокта бәсекеге қабылетті.

ТМД елдері аумағында «Костанайские минералы» АҚ негізгі бәсекелесі «Ураласбест» АҚ (Россия, Асбест қ.) болады.

«Костанайские минералы» АҚ 2004 жылдан Халықаралық сапа жүйесі ИСО 9001:2000 енгізілген.

20. Акционерлік Қоғамның негізгі қызметтерінің түрі бойынша сату (жұмыс, қызмет) табыстылығына әсер ететін позитивті және негативті факторлар.

Өнімді өткізуге негативті әсер ететін факторлар: теміржолмен тасудың жоғары тарифтері, валюта бағасының өзгеруі, рыноктың науқандық толуы және осының әсерінен өнімге сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ:

- әлемдік асбест өндірушілермен салыстырғанда әлем рыногында бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнім шығарған «Костанайские минералы» АҚ өнімінің бағасының қымбаттығы.

- «Костанайские минералы» АҚ жоғары маркалы өнім шығаруға тапсырысты орындауға ұзақ мерзім кетеді, сондықтан сұраныстың тез өзгеру жағдайында өнімді өткізуге бұл теріс әсер етеді.

- ЖЖМ, энергоресурстар және қажетті материалды-техникалық өнімдердің бағасының өсуінен өнімнің өзіндік құңының көтерілуі.

Алдағы уақытта алыс шетелде «Костанайские минералы» АҚ үшін өткізетін өніміміздің тұрақталуы күтілуде. Таиланд, Индия, Қытай сияқты елдер алатын өнімдерінің көлімі тұрақты сақталады. Орталық Азия елдерінде экономикалық дамуларына байланысты хризотилді пайдалану жоғарлайды деп күтілуде. Украина рыногына өнімді сату жоғары деңгейге көтеріліп, тұрақтады.


21. Акционерлік Қоғамның құрылғанынан бері немесе соңғы екі жылда сатылған өнімнің (орындалған жұмыс, қызмет) көлемі

Атауы

Өлшем бірлігі

2003 жыл

2004 жыл

2003 жыл салыстырғанда %


2003 жыл +/- ауытқуы


2005 жыл 1 шілде



Заттай көрінісі

Құны, мың теңге

Заттай көрінісі

Құны, мың теңге

Заттай көрінісі

Құны, мың теңге

Заттай көрінісі

Құны, мың теңге

Заттай көрінісі

Құны, мың теңге

Сатылған өнімнің көлемі (орындалған жұмыс, қызмет) оның ішінде

3781359





3546171





94





-235 188





1879520


3-6 топты асбест

тонна

201475

3474685

198851

3250947

99

94

131306

1851153

131 306

2 265 673



7 топты асбест

тонна

152567

77145

143458

65912

94

85

11048

7025

17 477

11949

қиырщықтас

м3

604

359

192

150

32

42


129

114

191

228

құм

тонна

325

224

1087

1054

334

471


999

1103

1 355

1 504

ПЩС

тонна

398044

211154

440713

194442

111

92













ЖМЗ өнімі


тонна

3,8

325

40,73

4754

1 072

1 463



18422

82,4

19188

Оттегі

м3

54180

5503

70018

6901

129

125

34356

2955

41 112

2855


Жылу энергиясы

т.Гкал

0,796

1268

0,94

1401

118

111

1,163

1703

1,163

1702

басқа өнімдер







10696




20608




193

0

9 913









22. Қоғамның өз өнімдерін (жұмыс, қызмет) сатуды ұйымдастыру жөнінде қызметі.

Кәсіпорынның коммерциялық қызметі кәсіпорын өндірген өнімдерді сатуды ұйымдастырады, яғни жасалған шарт және тапсырыстарға сәйкес тұтынушыларға мезгілінде әрі қажетті көлемінде жеткізеді.

Рынок және оның даму жағдайын кешенді зерделеу жолымен өндірген өнімді тұтынушылардың әлеуетті сұраушыларын анықтау жөнінде әжептәуір жұмыс жүргізілді. Кәсіпорын сататын өнімінің сапасын растайтын ИСО-9001 халықаралық стандарттар талабына сәйкес сертификат алды.

Кәсіпорында МСК ИСО-9001:2000 шегінде жүргізу анкета арқылы «Костанайские минералы» АҚ өніміне тұтынушылардың қанағаттану тәртібі нұсқаулығы» әзірленді және енгізілді.

Кәсіпорында өнімді сақтауды ұйымдастыру, буып-түю, сату және тасу жөнінде стандарттар әзірленіп, енгізілуде, сондай-ақ өткізу рыногын ұлғайту жөнінде тұтынушыларға өнімді жеткізу, өткізу, көліктік шығындарды азайту, сату операцияларын тездету, дайын өнімнің нормадан артық қалуын кеміту, жарнама және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Өнімнің жаңа маркаларын шығару жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстары істеліп, сондай-ақ тұтынушылар сұранысын қанағаттандыратын өнімдердің тиісті маркаларын шығару ұйымдастырылды.

Кәсіпорынның өз өнімін сатуды ұйымдастыру жөніндегі қызметіне әсер ететін, рынокты кешенді зерделеудің жалпы схемасының басты элементтері мыналар:

- өнімді зерделеу: өнімнің сипаттамасы, оның бәсекегі қабілеттелігі, оны пайдаланудың жаңа салалары, буып-түю сапасы, бәсекелестердің өнімін зерделеу, асбестің жаңа маркаларына сұраныс;

- нақты рыноктың сыйымдылығын зерделеу: рынок көлемінің сипаттамасы, оның сыйымдылығын кеңейту мүмкіндігі, қажетті кезеңде сыйымдылығының өзгеруі, осы рыноктағы жалпы көлемдегі асбесті негізгі өндірушілердің үлесі;

- асбесті өткізудің нысаны мен әдістерін зерделеу: өткізу көлемін анықтау немесе өткізу рыногын бөлу, өткізу жолдарының тиімділігі, өткізу мөлшері, бағаны және бағаға шегерімді анықтау, жарнаманы зерделеу, оны тарату және т.б.



Тұтынушылар және жалпы көлемнен олардың хизотилді тұтыну үлестері





Тұтынушы

Ел


2003 жыл

2004 жыл

2005 жылғы 1 шілде

Жеткізілім көлемі, тонна

Үлесі, %

Жеткізілім көлемі, тонна

Үлесі, %

Жеткізілім көлемі, тонна

Үлесі, %

UMGT

Үндістан

55962,35

27,79

49832,6

25,07







MGT

Үндістан







16291,2

8,2

37647,45

34,98

"Asters"

Украина







41715,5

20,9

32066,25

29,79

"Sofis"

Қырғызстан

15081,55

7,49

20400

10,26







"London"

Өзбекстан

7012,5

3,48













"Euro-Anglo"

Өзбекстан







16469,9

8,28

10040

9,33

Агромаш-Сервис

Өзбекстан







13769,55

6,93







Ивано-Франковскцемент

Украина

12984,75

6,45













Кряж

Украина

19230,25

9,55













Спайк

Украина

15255,75

7,58













МС энд СД Компани

Өзбекстан

10646,25

5,29

8160

4,1







Алири фирмасы

Қазақстан

6074

3,02

 

 

 

 

23. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар.

Бұл бөлімде «Костанайские минералы» АҚ шығаратын шикізатында (жұмыс, қызмет) импорттың үлесі және сататын өнімнің жалпы көлеміндегі Акционерлік Қоғамның экспортқа сататын өнімінің үлесі туралы мәліметтер берілген.

Материалды-техникалық ресурстарды шығарудың үлкен үлесін 2004 жылы Қазақстанның ішкі рыногы – 65 % алды. «Костанайские минералы» АҚ жалпы өнімінің 35 %-і материалды-техникалық ресурстардың импорты болды, оның ішінде 24% - Алыс шетел, 11% - Россия Федерациясы.


Акционерлік қоғамның сот процесстеріне қатысқаны туралы мәліметтер




2003 жыл

Қостанай облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Костанайские минералы» АҚ-ына

Қоршаған ортаға келтірген зиян үшін 2014900 теңге өндіріп алу туралы

Толық көлемде өндіріп алды

2 014 900 теңге


Орындалды





«Костанайские минералы» АҚ

«ТауИнвест

Холдинг» ЖШС-на


14 027 667 теңге берешекті өндіріп алу туралы

Талап қанағаттандырылды

14 027667 теңге


Орындалу үстінде






«Костанайские минералы» АҚ Қостанай облысы бойынша салық комитетіне

Жаңадан ашылған жағдайлар бойынша 50497640 теңге сомасын кеміту туралы

Сот барысында тараптар қосымша декларация табыс ету жөнінде келісті, осыған байланысты Салық комитеті соманы 4 280294 теңгеге кемітті

4280294 теңге


Орындалды





2004 жыл

А.Л. Черноусов

«Костанайские минералы» АҚ-ына

қайтадан жұмысқа алу және жұмысқа шықпаған уақытына ақы төлеу туралы



Талабы орындалмады









Т.Г. Турчина «Костанайские минералы» АҚ-ына


қайтадан жұмысқа алу туралы




Талабы орындалмады









К.Ш. Усманов «Костанайские минералы» АҚ-ына




қайтадан жұмысқа алу және жұмысқа шықпаған уақытына ақы төлеу туралы

Талабы толық қанағаттандырылды

52005 теңге



Орындалды




Соңғы жылы уәкілетті мемлекеттік органдар мен/немесе/ соттың Акционерлік

Қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына қолданған әкімшілік ықпалшаралар туралы мәліметтер

Күні

Ықпалшара қолданған орган

Соттың араласу себептері

Ықпалшараның түрі

Ықпалшараның мөлшері

Орындалу дәрежесі

2004 жыл

Жітіқара ауданы бойынша Салық комитеті

ҚР КоАП 5б. 209б. бойынша Салық кезеңінде есептелген аванстық төлемдер сомасынан нақты есептелген корпоративтік табыс салық сомасының асып кеткені үшін 25 % мөлшерінде



айыппұл


8629886 теңге



Орындалды






Қостанай облысы бойынша Салық комитеті

ҚР КоАП 209б. 1-т. бойынша бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдерді төмендеткені үшін


айыппұл

2204400 теңге

Орындалды




Егеменді тәуекелдіктер. Тәуекелдіктің бұл тобы елдегі пайда болуы мүмкін өзгерістерге байланысты, Қоғамның қаржы жағдайына, оның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне, Қоғамға өзінің стратегиясын жүзеге асыруға теріс әсер етуі мүмкін. Бұл тәуекелдіктерді қоғамның бақылауға алуға мүмкіндіктері шектеулі.
Саяси тәуекелдіктер. Теория түрінде елдегі саяси құрылыстың өзгеру тәуекелдігі бар, ол кәсіпорындарды мемлекет меншігіне айналдыру немесе инвестициялық климатты нашарлатуы мүмкін.

Қазақстанда инвестицияны көтермелеу және өзара қорғау туралы бірнеше үкімет аралық келісімдер жасалған, тиісті заңдар қабылданды. Республика саясатында жаңа инвестицияларды тарту, елдегі инвестициялық климатты жақсарту, сондай-ақ инвестицияны мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру басымды бағыттар болып табылады.



Макроэкономикалық тәуекелдіктер. Тәуекелдіктің бұл санаты Қазақстанда макроэкономикалық факторлардың өзгеру мүмкіндіктеріне байланысты, ол Қоғамның операциялық әрекетіне әсер етуі мүмкін. Қазақстандағы тұрақты экономикалық жағдайға қарамастан тұрақсыздықтың әсіресе өз елімізде, немесе Россия, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты көрші елдерде пайда болуы, Қоғамның қаржы жағдайына, оның өндірістік қызметіне теріс әсер етуі ықтимал.

Бірақ, бүгінгі таңда елдің экономикасының қолайсыз даму тәуекелдіктері экономикалық өркендеу қарқынының жоғары болуына байланысты шамалы деп есептеледі. Көп аналитиктердің айтуы бойынша өсу қарқыны орта мерзімде тұрақты болып қалады. Мәселен, ҚР Ұлттық банкісінің болжамы бойынша ВВП-ның өсуі 2005 жылы 7-75 % болады. Сондай-ақ ақша-несие саясатына сәйкес 2005 жылы жылдық орташа инфляция 4-6 % деңгейінде қалады деп күтілуде, яғни бұл қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін 6-6,5 %-ға дейін төмендетеді деген сөз.


Заңдық және реттеуші тәуекелдіктер. Елдегі құқықтық жүйе әлі қалыптасып болмағандықтан заңдардың және нормативтік базаның өзгеру мүмкіндігіне байланысты аз да болса тәуекелдіктер орын алған, әсіресе, кеден заңдары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша немесе түрлі заңдар мен ережелер қабылдануы мүмкін.

Қазақстандық салық заңнамасы жақында ғана қабылданған құжат, соның нәтижесінде түсіндіру, анықтау немесе кейбір ережелердің жоқтығы сияқты көптеген мәселелер әлі бар. Осыған қарамастан Қоғам салықтарын уақытында төлейді және салықтық міндеттемелері оның қаржылық есебіне әсер етеді деп есептейді, Көрсетілген мәселелерге қатысты кейбір мемлекеттік органдардың өз көз-қарастары болуы мүмкін. Бұл жәй Қоғамға теріс әсер етуі мүмкін.


Индустриялық теуекелдіктер. Тәуекелдіктің бұл санаты хризотилдік өнеркәсіптің қолайсыз дамуы нәтижесінде Қоғамның қаржы жағдайының нашарлауына байланысты. Қоғамның мүмкіндігі осы тәуекелдіктердің пайда болуын ескертуде шектеулі, бірақ ол оларды азайтуға барлық шараларды қолданады.
Хризотилдің бағасы. Қоғамның қаржы жағдайы және оның қызметінің нәтижесі хризотилдің бағасына тура байланысты, оның динамикасы соңғы уақытта минералды өндіру және пайдалану динамикасына өте ұқсас.

1993-1997 жылдары Россиялық хризотил өндірушілер өз өнімдерінің бағасын едәуір төмендетіп, хризотил рыногында баға үшін соғыс жүргізді. 2000 жылдан бастап хризотилдің бағасы тұрақты өсіп келеді, бірақ өткен жылдардағы деңгейіне жеткен жоқ.

Бүгінгі таңда ТМД және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері құрылыс салалары тарапынан сұранымның жоғарлағаны байқалады, әсіресе хризотилдің қысқа талшықты сорттарының бағасының өсуі мүмкін. Хризотилге деген сұранымға сәйкес оны өндірудің көлемі өскенменен бұл минералдың әлемдік бағасының өсу теңденциясы байқалады, яғни сапасы нәшар Қытай өндірушілерінің өнімінің орнын басқа әлемдік өндірушілердің өнімдері басады.
Сұраным және ұсыным. Хризотилді әлемдік өндіру тұрақты өсіп келеді, 2004 жылы бұл көрсеткіш 2100 мың метрикалық тонна болды, 2001 жылмен салыстырғанда 4,94 % өскені еді. Дүние жүзінде оны пайдалану да өсіп отыр. Мысалы, 2004 жылы дүние жүзі бойынша 1900 мың метрикалық тонна хризотил пайдаланды, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 8,11 % көп.

2004 жылы ТМД және Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінде, хризотилді пайдаланатын әлемдік рыноктың 64 % болатын, Қоғамның өнімін өткізетін негізгі рынокта пайдалану көлемі 1200 мың метрикалық тоннаға жетті. 2001-2004 жылдары Қоғам хризотилді сату көлемін 21,79 % көбейтті, ал 2005 жылы Қоғам сату көлемін 210 мың тоннаға дейін өсіру жоспарланды. Ал Қоғам өнімінің 90 % экспортқа шығаратын ұмытпау керек.



Тасу тәуекелдіктері. Қоғамның өнімі теміржол және теңіз арқылы тасылатынын ескерсек үшінші тарап бақылау жасайтын осы көліктік жолдарға жетуге үлкен қатер бар, оларды пайдалануда кемшіліктер және сондай-ақ көліктік тарифтердің өзгеруі мүмкін. Осы тәуекелдіктер теория түрінде Қоғамға елеулі әсер етуі мүмкін.

Қоғамның пікірі бойынша бұл тәуекелдіктер өте маңызды емес, себебі хризотилді сату жөніндегі барлық келісім-шарттар бойынша өнімді апаратын жерге сатып – алушылар өздері тасу керек. Сонымен тасу тәуекелдіктері хризотилді сатып алушылардың өздеріне жүктелген.


Корпорациялық тәуекелдіктер. Тәуекелдіктердің бұл санаты Қоғамның қаржы жағдайының нашарлау мүмкіндігіне байланысты, оның қызметінің нәтижесінде пайда болған факторлардың қолайсыз әсері, сондай-ақ онымен қосылма құрылымдардың қызметі зор роль атқарады. Қоғам бұл факторлардың пайда болуына тура әсер етуде өз мүмкіндігін шектемейді, тіпті өзінің қаржы жағдайына теріс қатерді азайту мақсатында барлық мүмкіншілігін іске қоса алады.
Технологиялық және операциялық тәуекелдіктер. Бұл тәуекелдіктер бәрінен бұрын хризотилді өндіру жөнінде Қоғамның қызметімен тығыз байланысты және өрт, апат, құрал-жабдықтардың істен шығуы, соның әсерінен өндірістік құрал-жабдыққа және басқа мүліктерге, қоршаған ортаға және қызметкерлерге елеулі зиян келтіруі мүмкін. Мұндай қатерлердің пайда болуы тиісті сақтандыру шаралары болмаған жағдайда Қоғамның қаржы жағдайына және қызметінің нәтижесіне теріс эффект көрсетуі мүмкін.

Бұл қатерлер негізгі құрал-жабдықтардың тозуының салдарынан өсе түсуі мүмкін, ол әрине өндіріске теріс әсер етеді. Бірақ Қоғам оларды болдырмау үшін қажетті шараларды істейді, мәселен, өндірістік қуатты өсіру үшін жыл сайын модернизация жасайды және жаңа құрал-жабдықтар сатып алады, сондай-ақ қосымша қуаттар, мысалы, кенді ұнтақтайтын машиналарды қосады.


Өтімпаздық тәуекелдігі. Бұл тәуекелдіктер өтеу мерзімі бойынша актив және пассив баптарының сәйкессізді нәтижесінде пайда болады, өз кезегінде өтімпаздық құлдырауға әкеп соқтыруы мүмкін.

Хризотилдің әлемдік рыногында төлемнің мерзімін едәуір ұзарту практикасы бар. Бірақ Қоғам бүгінгі күні төлемнің мерзімін қолынан келгенше қысқартуға күш салуда және бірте-бірте алдын-ала төлеуге көшпекші. Бұл қатерді азайту үшін Қоғам әлемдік рынокта хризотилді клиенттердің қаржы жағдайы мен төлей алатын мүмкіндігін жақсы білетін сауда агенттері арқылы сатады. Қоғам өзінің ақшалай қаражатқа деген қажеттілігін ескере отырып, міндеттемелерін орындау үшін оны ақшамен қамтамасыз етеді.


Қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелдігі. Көптеген пайдалы қазбаларды өндіру, соның ішінде хризотилді өндіру, оны байыту және пайдалану адамның денсаулығы және қоршаған ортаға зиян келтіретіндей қатер туғызады. Бұл қатер минералмен жұмыс істеудің ұзақтығына байланысты тура өсе түседі. Бірақ Қоғам техника қауіпсіздігін сақтауға көтеріңкі көңіл бөледі, сондықтан соңғы жылдары кәсіпорында ірі апаттар болған жоқ, адамдардың денсаулығына және экологияға зиян келтірген жоқпыз.
Әлеуметтік тәуекелдіктер. Көптеген кәсіпорындар сияқты Қоғам да еңбек ресурстарының саны мен сапасына тікелей тәуелді. Осының нәтижесінде Қоғамның қызметіне және қаржы жағдайына еңбекшілердің жұмыс орнының қолайсыздығы, еңбекақысының аздығы, әлеуметтік қолдаудың басқа түрлері әсер етуі мүмкін.

Қоғамның пікірі бойынша бұл қатер өте елеулі емес, себебі жұмыс орынында қолайлы жағдай туғызылған, еңбек ұжымына еңбекақы уақытында төленеді, 2005 жылға ұжымдық шарт жасалған. Мәселен, 2004 жылы Директорлар кеңесінің шешімімен қызметкерлердің еңбекақысы шамамен 10 % өсірілді, ал 2005 жылы ұжамдық шартқа сәйкес тағы да 20 % өсіру қарастырылған.

Оның үстіне Қоғам Жітіқара қаласының қала салушы кәсіпорыны болып табылады, яғни бұл тәуекелдіктің болу мүмкіндігін төмендете түседі. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар мен жүйелер енгізілген, бұл адамдардың денсаулығының қауыпсіздігін қамтамасыз етіп, еңбек ресурстарының жұмыс істеу қабілеттерін арттыра түседі, 2004 жылы әлеуметтік қажеттілікке 131,5 миллион теңге жұмсалды, салыстыру үшін бұл көрсеткіш 2002 жылы 78,7 миллион теңге болғанын айта кету керек.
Валюталық тәуекелдіктер. Бұл тәуекелдік валюта бағасының ауытқуы нәтижесінде пайда болады, себебі Қоғамның активтері мен міндеттемелері, сондай-ақ ақшалары бар. Қоғам экспотқа бағытталған компания болғандықтан, оның хризотилді сату жөніндегі келісім-шарттары АҚШ долларымен жасалған. Дебиторлық берешектің 80 % АҚШ долларымен есептесуге тиісті. Сондықтан теңгенің девальвациясы Қоғамның қаржы жағдайына және бәсекелестігіне жақсы жағдай туғызады. Бірақ АҚШ долларына қарағанда теңгенің көтерілуі 2003 жылдың басынан Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне теріс әсер етуде. Сонда да Қоғам теңгенің ревальвациясынан шегетін зиян болса да тәуекелдікті елеулі деп есептемейді.

Қоғам валюта бағасына байланысты өз позициясын ұстауға тырысады. Мысалы, 2003 жылы Қоғам қысқа валюталық позицияны қолдау жөнінде саясатты енгізді, яғни валюталық міндеттемелер валюталық активтерден әлде қайда артық болуға тиісті.


Қорлардың сарқылуы тәуекелдіктері. Бүгінгі таңда Қоғам үшін қорлардың сарқылуы тәуекелдігі елеулі емес. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жітіқара кен орнында хризотилдің қоры 667002 мың тонна. Жыл сайын 390 мың тонна хризотил өндірілетін болса, кеннің жобалық ысырабы 4,8 % және бос кендермен араласуы 1,5 % жағдайда Қоғамның кенмен қамтамасыз етілуі 95,5 жыл құрайды .
Бәсеке тәукелдіктері. Хризотил бір текті өнім болғандықтан бұл минералға деген ұсыным әлде қайда жоғары, сондықтан бұл қатер Қоғамға едәуір әсер етуі мүмкін. Бірақ Қоғам Қазақстан рыногында хризотилді жалғыз жеткізуші болғандықтан және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Украина елдеріне минералдың негізгі жеткізуші болғандықтан, Қоғамның пікірі бойынша, бұл тәуекелдіктер қатерлі емес. Мұның сыртында, айта кету керек, Россия рыногында, хризотилді пайдаланатын ірі мемлекетте, минералды шығаратын жалғыз ғана «Ураласбест» компаниясы және біздің Қоғаммен үлестес «Оренбурские минералы» бар. Рынокта Қоғаммен бәсекелес «Ураласбест» компаниясы жалғыз болғандықтан бәсеке тәуекелдіктері қауіпті емес.
4 ҚАРЖЫ ИНСТИТУТЫНА ЖАТПАЙТЫН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫ

24. Инвестициялар

«Костанайские минералы» АҚ «Бас-Құдық» ЖШС капиталында мөлшері 19890000 теңге ұзақ мерзімді инвестициялары бар, оның қаржы есебі «Костанайские минералы» АҚ қаржы есебімен толық қосылған.


25. Акционерлік Қоғамның дебиторлық берешектері.


Дебитордың атауы

Дебитордың орналасқан орны

Берешек сомасы, мың теңге

Отеу мерзімі

Өндіріп алуға болмайтын берешек сомасы

Pontex Developments LTD

Рига, Латвия Республикасы

66984

2005 жылғы қазан

жоқ

ТОО

"Бизнес-Регион"



Алматы, Қазақтан

86263

2005 жылғы тамыз

жоқ

Point Group Limited


Жамбыл, Қазақстан

42606

2005 жылғы тамыз

жоқ

«Техсоюз ЛТД» ЖШС

Астана, Қазақстан

28 048

2005 жылғы тамыз

жоқ

Басқа




252 178







Жиыны




476079








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет