Акциз есебі мен есептілігi



бет2/5
Дата13.10.2023
өлшемі5.76 Mb.
#480687
түріКодекс
1   2   3   4   5
акциз

Салық салу базасы
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын өткiзудi көтерме және бөлшектеп өткiзу кезінде акциздің есептелуі
  • Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы бензин (авиация бензинiн қоспағанда) мен дизель отынын өткiзу, аталған акцизделетiн тауарды қабылдап алып, оны одан әрi өткiзу үшiн пайдалануға мiндеттелетiн болса, осы сатып алу-сату шарты бойынша: 1) бензин (авиация бензинiн қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;
  • 2) бензин (авиация бензинiн қоспағанда) мен дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында сатып алуды не оның импортын жүзеге асырған тұлға акциз төлеушi болып табылады.

2.Бензин (авиация бензинiн қоспағанда) мен дизель отынын бөлшектеп өткiзу саласына Салық Кодексінің тармағында аталған жеткiзушiлер жүзеге асыратын мынадай :
  • бензин (авиация бензинiн қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаларға) және жеке кәсiпкерлерге өндiрiстiк қажеттiлiктерi үшiн өткiзу;
  • бензин (авиация бензинiн қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;
  • бұдан әрi өткiзу үшiн өндiрiлген немесе сатып алынған бензин (авиация бензинiн қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк қажеттiлiктерiне жұмсау операциялары жатады.

  • Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.

Бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) бөлшек саудада өткiзген кезде көлемнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,730
М = —————————, (1)
1000
мұнда М – өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) тоннадағы көлемi;
V – өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) литрдегi көлемi;
0,730 – бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) барлық түрлерi үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткiзген кезде көлемiнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,769
М = ————————— , (2)
1000
мұнда М – өткiзiлген дизель отынының тоннадағы көлемi;
V – өткiзiлген дизель отынының литрдегi көлемi;
0,769 – дизель отыны үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет