Аккузова айнур абдыжалиловна


КӨРКЕМДІК ЖҮЙЕНІҢ КОММУНИКАТИВТІК СИПАТЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет49/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
дулат исабеков

3 КӨРКЕМДІК ЖҮЙЕНІҢ КОММУНИКАТИВТІК СИПАТЫНЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
3.1 Жазушының көркем әлемін құрудағы автор – кейіпкер – оқырман 
үштағанының коммуникативтік қызметі
Атаның қанымен, ананың сүтімен дарыған ұлттық мәдениетімізді, ұлттық 
тәрбиемен қалыптасқан болмыс-бітімімізді, жылдар бойы жаңқалап, оқып-түйіп 
дамытқан танымымызды, өмірлік тәжірибемен жүйеленген аялық білімімізді 
тек тілдік білім арқылы көркем туындының тақырыбы мен идеясын ашуда 
қолдана аламыз. Сайып келгенде, ұлттық сана, ұлттық таным, ұлттық 
мәдениет деп отырғандарымыздың барлығы білімге бағынады. Себебі білім 
арқылы ғана бұл ұғымдар жандана түседі. Автордың тілдік білімі негізінде 
көркем мәтін көркем болады, ал ұлттық таным мен мәдениет арқылы терең 
мазмұнды болады. Ал оларды көркем шығармада айшықтап бейнелейтін – 
тілдің көптеген көркемдеуіш құралдары. «Тілдің көркемдеуіш құралдары 
көбіне көркем әдебиет стилінде қолданылады. Тілдегі көркемдеуіш құралдар 
қатарына теңеу мен эпитет, айшықтау және құбылтудың түрлері кіреді. 
Солардың ішінде актив қолданысқа ие болғаны – теңеу мен эпитет. 
Айшықтаудың түрлері шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ-
жауап, дауыс ырғағы болса, ал ауыстыру, кейіптеу, пернелеу, алмастыру, 
синекдоха, гипербола, литота, ирония, сарказм, перифраздар құбылту қатарына 
жатады» [123, 95 б.]. Жазушының шығармаларында ең көп қолданылатын 
көркемдеуіш құралдары – теңеу мен эпитет. 
1-кесте 

Д. Исабеков шығармаларында қолданылатын көркемдеуіш құралдары 
үлгілері 
ТЕҢЕУ 
ЭПИТЕТ 
жабайы адамдарша 
ақ шыным 
бәрін бес саусағындай білу 
ақ ниет
алақандай ауыл
дәмді әңгіме 
кеңірдегі кетпендей 
қоңыр үн 
жылан сорып жатқан құрбақадай және т.б. ақ көңіл және т.б. 
Д. Исабеков шығармаларында теңеу мен эпитеттің ерекше талғаммен, 
қазақи таныммен таралған түрлерін көруге болады. Теңеу мен эпитет көркем 
шығармада стилистикалық қызмет атқарады. Жазушы бір жағынан бұл 
амалдарды үнемдеу тәсілі арқылы өз ойын жеткізсе, екінші жағынан астарлап 
сөйлеу арқылы өзіндік тапқырлығы мен сөздік қорының молдығын оқырманға 
танытады. Сонымен қатар айшықтау амалының шендестіру, қайталау, 
параллелизм сынды түрлерін жазушы шығармаларынан көруге болады.
Д. Исабеков айшықтаудың бұл түрлерін (шендестіру, қайталау, 
параллелизм) қолданып, ішкі сезімін жеткізуде тіркескен сөздеріне екпін түсіру 
немесе қарама-қарсы қою арқылы оқырманның назарын баурап алу мақсатында 


91 
жұмсаған. Жазушы сезімін жеткізуде осындай шешімге бармаса, сөздерінің 
ешқандай экспрессиясы болмасы анық.
2-кесте 

Д.Исабеков шығармаларында қолданылатын айшықтау амалдары 
үлгілері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет