Аккузова айнур абдыжалиловна


Бақан бойы көтеріліп қалған күнге



Pdf көрінісі
бет65/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85
дулат исабеков

Бақан бойы көтеріліп қалған күнге көзін сығырайта қарап, есінеп қояды 
(«Гауһар тас»).
Жұпыны екі шаңырақтың кішігірім тойы бозторғай шырылдағанша 
созылды («Тіршілік»).
Сол түні торғай шырылдағанша дермене тасылды («Дермене»).  
Бұл тіркестер қазір абстрактілі сипатқа ие болғанымен, бір кездері халық 
үшін нақты уақытты білдірген. Автор танымындағы «уақыт» концептісінің» 
тілдік көрінісі осы ментальді бірліктер арқылы танылады. 
Көркем шығарманың құрамындағы ерекше әсерлілік, мазмұндық сипаты 
бар кейбір сөйлемдер оқырманға ой салып, оның санасында жатталып қалып 
жатады. Мәселен, Д. Исабеков әр шығармасында кейіпкер тіліне өмірлік мәні 
бар сөздерді салу арқылы, өзінің ақыл-ойын, таным-түсінігін, дүниеге 
көзқарасын танытады. Ғылымда мұндай сөздер авторлық афоризмдер, кейде 
сентенция құбылысы деп те аталып жүр. Сентенция – ғибратты ой-пікір, нақыл 
сөздер. Мысалы: «Екі жарым-ақ бет! Кешкі сегізден таңғы төртке дейін 
бітіргені осы. Бір де бір сөзі өшірілмеген екі жарым беттік диалогсыз текст. 
Жалпы ол өшіріп жазғанды ұнатпайтын. Өзгелердің талай рет көшіремін, 
өңдеймін, сызамын дегендеріне түсінбейтін, оған қарсы болатын да. «Таза 
өнер бір сәтте екі тумауы керек, 

дейтін ол» («Қарғын»). Шындығына 
келгенде, бұл кейіпкердің емес, жазушының өз ойы. Жазушының ойынша шын 
таланттың шабытынан туған дүние өңдеп, қайта жазуды қажет етпейтін болуы 
керек. Оның ұлылығы да сонда. Аз сөзбен көп мағына беру – Д. Исабеков 
қаламына тән басты сипат. Осы сипатты танытуда авторлық афоризмдердің 
атқарар рөлі зор. Сонымен қатар мұндай сөз оралымдары автордың ішкі 
болмысын, көзқарасын, яғни «менін» табуда үлкен мәнге ие. «Бәлкім сол 
шалдың сөзінде көп мән жатқан болар. Тереңге ұмтыламыз деп саязда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет