19
теориясына, қазіргі тіл біліміндегі тіл мен қоғам қатынасына және т.б. күрделі
әрі бүгінгі таңда өзекті болып табылатын мәселелерге тоқталған.
Ғалым
осылайша тіл білімінің парадигмаларын зерттей келе, оның мынадай түрлерін
ажыратып көрсетеді:
1. Дәстүрлі формалды парадигма – (ерте кезден ХІХ ғ.д.) тілдік
бірліктердің бір ізге түсуі.
2. Семасиологиялық (психологиялық) парадигма – (ХІХ ғ.е.ж.) мәдениет
байланысты қатып қалған тілдік бірліктердің бір ізге түсуі.
3. Ономасиологиялық (экстенсионалдық) парадигма – (ХХ ғ.б.ж. және бұл
кез ХХ ғ. 70-80 жж.) тілдік таңбалардың мазмұнының номинативті аспектісінің
бір ізге түсуі, яғни олардың шындықпен қарым-қатынасы.
4. Құрылымдық парадигма – тілдің құрылымының бір ізге түсуі, яғни
әртүрлі формадағы бірліктердің арасындағы парадигмалық
және синтагмалық
қатынас (фонемалар, лексемалар, граммемалар, сөйлемдер арасындағы
қатынас).
5. Постқұрылымдық (антропологиялық) парадигма – (ХХ ғ. 70 жж.
бастап
қазірге дейін) тілдік жүйедегі мәтіннің (когнитивтік, мәдени, коммуникативтік)
бір ізге түсуі.
6. Әмбебаптық
парадигма (холистикалық парадигма) – тиімділік
қағидаттарының бір ізге түсуі [7, 29 б.].
ХІХ ғасырда антропоөзектік парадигманы зерттеу нысаны еткен В. фон
Гумбольдт, Э. Бенвенист, Ф. де Соссюр, И.А. Бодуэн де Куртенэ, Г. Штейнталь,
Э. Сепир, Б. Уорф, Л. Вайсбергер және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ұлт тілі
мен мәдениетінің тарихы, әр
халықтың танымдық ерекшелігі, тілге адамның
қандай да бір қатыстылығы, тілді зерттеудегі адам мүмкіндігі мен тілдің берер
мүмкіндігі сияқты мәселелерге ерекше назар аударылған. Бір сөзбен айтқанда,
антрополингвистика теориясын зерттеу жұмысының өзегіне айналдырған неміс
ғалымы
Достарыңызбен бөлісу: