Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет17/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
дулат исабеков

эгоцентрлік сөздер деп көрсеткен.
Тіл мен ұлттың (адамның) сабақтастығына қатысты кеңестік 
этнолингистиканың негізін қалаушылардың біріН.И. Толстой. Ғалым ХХ 
ғасырдың 
50-жылдарында 
болгар 
говорларын 
зерттеп, 
диалектілік, 
этнографиялық экспедицияға шығып, материал жинайтын этнолингвистикалық 
ғылыми мектеп ашқан. Н.И. Толстой «Язык и народная культура. Очерки по 
славянской мифологии и этнолингвистике» [16] атты 1995 жылы жарыққа 
шыққан еңбегінде тіл мен этносты ортақ аспектіде қарастырып, 
этнолингвистикаға екі түрлі анықтама береді. Бірінші анықтама бойынша 
этнолингистика тіл білімінің бір бағыты ретінде қарастырылады. Ол бағытта тіл 
мен діл, тіл мен мәдениет, тіл мен халықтық шығармашылық байланысып, бір 
аяда зерттеледі. Ал кең мағынада этнолингистика кешенді пән болып табылады. 
Соның негізінде сол елдің мәдениеті, психологиясы, мифологиясы жоспарлы 
түрде қарастырылады.
Ғылымның түрлі салаларымен (әлеуметтану, этнография, антропология, 
психология, мәдениеттану, педагогика, тарих, саясаттану, дінтану, заң ғылымы 
т.б.) және тіл білімінің жекелеген салаларымен (когнитивті лингвистика


24 
гендерлік лингвистика, психолингвистика, т.б.) тығыз байланыста дамып келе 
жатқан әлеуметтік лингвистика саласын, салыстырмалы-тарихи тіл білімін, 
әлеуметтік лингвистиканы зерттеуші орыс лингвисі – В.А. Аврорин. 1975 жылы 
оның әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелеріне қатысты «Проблемы 
изучения функциональной стороны языка: к вопросу о предмете 
социолингвистики» [17] атты еңбегі жарық көрді. Ғалымның пікірінше, 
әлеуметтік 
лингвистиканың 
маңызды 
ұғымдарының 
бірі 
тілдің 
коммуникативтік қызметін сипаттайтын аясы – тілдік жағдаят. Бұл саланың 
ғылым ретінде танылуы үшін А. Сеше, Ш. Бали, А. Мартине, С.Д. Карцевский, 
Р. Редаль, Р. Розенкорнц, Т. Фрингс, Р. Горссе, Е.Д. Поливанов, Р.Д. Шор, 
В.М. Жирмунский, Б.А. Ларин сынды ғалымдар ерең еңбек жасады. Соның 
негізінде бүгінгі таңда бұл сала да антропоөзектік парадигманың өзіндік 
зерттеу нысаны бар, қоғамдық әрі тілдік сұранысқа ие әлеуметтанымдық салаға 
айналып отыр. 
«Тіл мен мәдениет» сабақтастығын антропоөзектік парадигмада танушы 
В.Н.Телия – лингвомәдениеттанымдық бағыттағы алғашқы зерттеушілердің 
бірі. Ол – «Русская фразеология: Семантический, прагматический и 
лингвокультурологический аспекты» [18] атты монографияның авторы. Бұл 
монографияда ғалым фразеологиялық сөз тіркестерін лингвомәдениттанымдық, 
семантикалық, паргматикалық аспектіде қарастырып, лингвомәдениттаным 
ілімінің ғылымда тереңдей түсуіне ықпал жасады. Соның негізінде қазіргі таңда 
өзекті мәселе болып табылатын антрополингвистикалық елтаным мәселелеріне 
қатысты «Отан» мәдени тұжырымдамасындағы сана архетиптерінің 
рефлекстері, «Мәдениет контекстінде тілдің фразеологиялық құрамын 
зерттеудің бірінші кезектегі міндеттері мен әдіснамалық мәселелері», «Тілдің 
коммуникативтік қызметі және мәдени-тілдік құзыреттілік мәселесі», «Отан 
атауындағы туған жер мәдениеті тұрақтамасындағы концепт түзетін 
флуктуация», «Тілдің Сцилла лингвокреативтілік техникасы мен Харибда 
техникасы арасындағы лингвомәдениеттану объектісі (лингвомәдениеттанудың 
жеке эпистемологиясы мәселесіне)», «Лингвомәдениеттану – бірнеше сөз 
құрылымдарының жаңғыртылу феноменінің жаңа шынайылығына деген кілті» 
атты ғылыми мақалалары антропоөзектік парадигманың маңызды бөлігін 
құрайтын лигвомәдениеттану саласының ғылыми-әдістемелік базасын 
жетілдіріп дамытуға маңызды үлес қосты.
Лингвомәдениеттаным бағытының теориясы мен әдісін зерттеу нысанына 
айналдырған 
ғалымдардың 
бірі 
– 
В.В. Воробьев. 
Ғалымның 
«Лингвокультурологическая парадигма личности», «Лингвокультурология: 
теория 
и 
практика», 
«Языковая 
личность. 
Лингвокультурология. 
Лингводидактика. Лексикография», «Лингвокультурология», «Русский язык в 
диалоге культур» [19], т.б. еңбектері соның дәлелі. В.В. Воробьевтің пікірінше, 
барлығының басында адами құндылықтар тұратын лингвомәдениеттаным 
мәдениет пен тілдің өзара әрекеттестігі мен өзара байланысын зерттейтін 
синтездеудің кешенді ғылыми пәні болып табылады. 
Тіл мен мәдениетті ортақ аспектіде қарастырудың ғылыми-әдістемелік 
негізін жүйелеп, лингвомәдениеттануды пән ретінде қалыптастырушы ғалым – 


25 
В.А. Маслова. Ол тіл – мәдениет – адам – этнос жүйесі бойынша осы төрт 
ұғымның аражігін ажыратып, антропоөзектік парадигманың негізгі белгілерінің 
бірі – адамды ерекшелеп көрсетті. Ғалым өзінің «Лингвокультурология» атты 
оқу құралында тілдегі антропоөзектілік мәселесіне, оның ішінде тіл мен 
мәдениет қатынасына, лингвомәдениеттаным бағытының негізгі теориясы мен 
тарихына тоқталған. В.А. Маслованың пікірінше, антропоөзектік парадигма 
бойынша адам бірінші орынға шығады, ал тіл – адамның әртүрлі қырын 
танытушы құрылым: «адам интеллекті, адамның өзі сияқты, тіл мен тіл 
қабілеттерінен тыс сөйлеуге және қабылдауға қабілетсіз. Егер тіл барлық ойлау 
процесіне енбесе, егер ол жаңа менталдық кеңістік жасай алмаса, онда адам 
тікелей бақылаудың шеңберінен шықпас еді. Адам жасаған мәтін адам ойының 
қозғалысын бейнелейді, ықтимал әлемдер құрады, ой динамикасын және оны 
тіл құралдарының көмегімен көрсету тәсілдерін бейнелейді» [12] деген ғалым 
тұжырымынан тілді дамытатын да, қолданатын да адам екенін түсінуге болады. 
А. Вежбицкая «Язык. Культура. Познание» [20] атты еңбегінде мәдениет 
психологиясының концептуалдық негіздеріне прагмалингвистикалық тұрғыдан 
тоқталған. А. Вежбицкая аталған еңбекте ағылшынның self және person 
бірліктеріне назар аударады. Ғалымның пікірінше, бір қарағанда екеуі де бір 
мағына беретіндей болса да, мағыналық реңкі әртүрлі болғандықтан person 
(адам) мәтіннің ішіндегі тұлғаны табуға мүмкіндік бере алмайды. Мәтін 
ішіндегі «менді» тауып, оны суреттеу арқылы автордың ойын, сол елдің тыныс-
тіршілігін, психологиясын түсінуге болады. Осымен байланысты В.А. Маслова 
өзіндік 
«меннің» 
әртүрлі 
сипатта 
болатынын 
айта 
келіп, 
оның 
интеллектуалдық, эмоциялы, сөйлеуші, ойлаушы сияқты қырларын көрсеткен. 
Сондықтан «меннің» бұндай қырлары мәтінде түрлі бағытта танылып, 
субьектінің әлем туралы көзқарасын көрсететін әлеуметтік, психологиялық 
реңктегі коммуникативтік қызметте жұмсалуы мүмкін.
Д. Слобин мен Дж. Гриннің «Психолингвистика» [21] деген еңбегі, аты 
айтып тұрғандай, антропоөзекті парадигманың маңызды бағыттарының бірі 
психолингвистикаға арналған. Тілге жасалған психологиялық зерттеулер 
оқырманға психолингвистикаға кіріспе түрінде ұсынылған. Сонымен қатар 
еңбекке Лондон университетінің оқытушысы Дж. Гриннің психологиялық 
эксперименттері енгізілген.
Л.С. Выготскийдің психологиялық концепциясын негізге ала отырып, 
сөйлеу коммуникациясына нейропсихологиялық талдау жұмыстарын жасаған 
А.Р. Лурия тіл саласын зерттеуде тілдік құрылымдарды, адами көзқарастарды, 
үлкен-кіші мәтіндерді зерттеу жеткіліксіз деп есептейді. Мәселенің бәрі 
адамның санасында, миында құрылымдалады. Сондықтан дәстүрлі грамматика, 
психолингвистика, когнитивті лингвистика т.б. салалар анықтай алмаған 
бірліктерді көруге нейролингвистика саласы мүмкіндік береді, адам 
санасындағы көптеген терең құрылымдардағы мәселелерді ашып, ғылымға 
жаңа дем береді. Бұл бағыттың болашағын айқындап, дамытатын 
антропоөзектік үрдісіне сәйкес тілді нейролингвистикалық аспектіде қарастыру 
мәселелері ғалымның «Основные проблемы нейролингвистики» [22] еңбегінде 
көрсетілген.


26 
Тіл білімінің тарихында Прага лингвистикалық мектебінің пайда болуымен 
тілді жұмсалымдық қасиеті тұрғысынан қарастыру бағыты, яғни тіл білімінде 
бұрын болмаған ерекше жұмсалымдық бағыт қалыптаса бастады. Прага 
үйірмесін 1926 жылы ағылшын тілін және жалпы тіл білімін зерттеуші 
фонология және синтаксис салаларының белгілі маманы Вильем Матезиус 
құрды. Үйірмеге көптеген елдердің атақты тілші мамандары мүше болды. Чех 
тіл мамандары: Богумил Трика, Богуслав Гавранек, Йозеф Вахек, Владимир 
Скаличка, Людовит Новак, Карел Горалек, Павел Трост, Ян Мукаржевский 
және т.б. Орыс лингвистері Николай Сергеевич Трубецкой, Роман Осипович 
Якобсон және Сергей Осипович Карцевский. Ол үйірменің жұмысына шетел 
тілшілері де қатысты: Л. Блумфилд (АҚШ), К. Бюлер (Австрия), Л. Ельмслев 
(Дания), А.Ф. де Гроот (Голландия), Г. Улашин (Польша), Д. Джоунз (Англия), 
А. Мартине (Франция) және т.б. Әсіресе орыс тілшілері: Е.Д. Поливанов, 
Г.О. Винокур, Б.В. Томашевский, Н.Н. Дурнов және т.б. үйірме жұмысына 
барынша атсалысты. Прагалықтар тілдегі кез келген құбылысты жұмсалымдық 
тұрғысынан қарастырды. Олардың айтуынша, тілдің дыбыстық, грамматикалық 
құрылымының және сөздік құрамының өзгеруі тек қана олардың жұмсалымдық 
қасиетінен келіп шығады.
Сонымен, қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жаңа бағыттар мен 
парадигмалардың ғылымда кеңінен қолданылуына негіз болған В. фон 
Гумбольдттің адам мен тіл қатынасын ажыратуға, тілдегі адам бейнесін әртүрлі 
аспектіде зерттеуге мүмкіндік берген концепциясының одан ары жалғасуы, 
антропоцентрлік бағыт арқылы әр ұлттың тарихын, мәдениеті мен танымын, 
ділін зерттеуге негіз болуы, сайып келгенде, қазіргі таңда бұл бағыттың тіл 
білімі үшін жаңа белес болғанын көрсетеді.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдауда басты назар аударылатын жайт – 
көркем шығармадағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге 
қатысын анықтау. Бұл орайда Д.Исабеков шығармаларында пайдаланылған 
тілдік элементтердің мағына-мазмұнын, эстетикалық қызметін ашып айқындау 
жалпы ұлттық тілдің табиғатын тануға өзіндік септігін тигізетіні даусыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет