Аккузова айнур абдыжалиловна


-ші тарау бойынша қорытынды



Pdf көрінісі
бет48/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85
дулат исабеков

2-ші тарау бойынша қорытынды
Тіл ғылымы адамдар арасындағы қарым-қатынас кезіндегі тілдік 
қатынастың сөйлеу үдерісін жан-жақты зерттейтін прагмалингвистика деген 
саланы бөліп шығарды. Бұл арадағы прагматика – гректің πράγμα («ілік 
септігі») және πράγματος («әрекет») деген сөздерінен құралған термин. 
Прагматикалық аспектіде барлығы санадағы оймен, мидағы астарланған кодпен 
байланысты. Ой көптеген ғылым саласына қатысты болса, ал, код – ұлтқа, тілге, 
ділге тікелей қатысты құрылымдалатын ұғым. Мәселен, тек қазақ халқына тән – 
өзінің тарихы, салт-дәстүрі, санасы, ділі, тілдік ерекшеліктері тілімізде 
сақталып, қазақтың болмысын танытады. Тіл арқылы адамның сөйлеу әдебін 
зерттеу арқылы ұлтының ділін, діни көзқарасын, салт-санасын, ұлттық 
мәдениетін аңғара аламыз. Сол себепті де, адресат тілі, адресат пен адресант 
арасындағы байланыс соңғы кездері тіл зерттеушілерін ерекше қызықтырып 
келеді. Осы кезге дейін дәстүрлі лингвистикада тілдің құрылымдық сипатын 
зерттеген ғалымдар қазіргі таңда сөзге жан беретін адам қызметі екенін түсініп, 
антропоөзектік сипаттағы зерттеулерге баса назар аударып жүр.
Көркем шығармалар тілін зерттеу бүгінгі күннің көптеген сұрақтарына 
жауап бере алады. Туындыдағы кейіпкер тілін, онда кездесетін көркемдеуіш 
құралдардың және ұлттық танымды көрсететін мақал-мәтелдердің қолданысы, 
салт-дәстүрді дәріптейтін атаулар мен ұғымдардың, өзге авторларда 
кездеспейтін окказионалды сөздердің жұмсалымы арқылы жазушы стилін 
анықтауға болады. Автор мен кейіпкер, автор мен оқырман арасындағы 
байланыс үзілмеуі – шарттылық. Үш тағанның ажырамас байланысы – сәтті 
жазылған көркем шығарма болады. Ал, кез келген шығарманың ең негізгі 
бөлшегі – автор. Көркем мәтіннің негізгі қазығы – автор, автор тұлғасы
Сондықтан автор – кейіпкер – оқырман үштағаны негізінде ғана көркем 
туынды адресатқа жетіп, антропоөзектік сипаттағы коммуникативтік қызмет 
атқарады. Ал көркем шығарманың көркемдігін арттырып, автордың асқан 
шеберлігін танытатын, ерекше стилін көрсететін – тілдің көркемдеуіш 


89 
құралдары. Тілдің көркемдеуіш құралдары көбіне көркем әдебиет стилінде 
қолданылады. Д. Исабековтің шығармаларымен таныса келе, автордың 
көркемдеуіш құралдарды ұтымды да, дөп қолдану арқылы шығарма тілін 
ерекше қызықты да, дара етуін көреміз. Қазіргі кезде көркем мәтінді зерделеуде 
автордың шеберлігі мен оқырманның қабылдауы арасындағы байланыс 
жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілуде. Автор өз туындысын оқырманға 
бағыттап жазады. Автордың ойы, тілегі жүйеленіп оқырманға жетемін дегенше 
бірнеше сатыдан өтеді. Демек, автор мен мәтін – ажырамас ұғымдар, себебі 
мәтін – автордың кемел идеясының нәтижесі. Автор – мәтін – оқырман 
арасындағы байланысты зерттеуде мәтіннің артында тұрған болмыстан, 
халықтық таным мен қазақи мәдениеттен тыс ешқандай нәтиже шығаруға
жаңалық ашуға болмайтыны байқалады. Яғни әрбір мәтіннің семантикалық 
кеңістігі – ұлттық дүниетанымның көрінісі.


90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет