ТҮЙІНІ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Астананың қалыптасу тарихына деген ғылыми қызығушылық Қазақстан тарихындағы қаланың саяси-әкімшілік маңыздылығымен түсіндіріледі. Қазақстан тарихындағы жалпы мәселелерді қарау үшін нақты қалалардың даму ерекшеліктерін ғылыми талдау қажет. Қарқынды дамып келе жатқан Астананың кешенді бағдарламасын жасаудың тәжірибелік мақсаты үшін қала мәдениетінің тарихын зерттеу мәселесі өзекті болып табылады.
Зерттеу мақсаты: күрделі әлеуметтік мәдени жүйе болып келетін Қазақстан Республикасының астанасы ретінде Ақмола, Целиноград, Астана қалаларының тарихи дамуының қазіргі әдіснамалық көзқарастар және кешенді зерттеу негізінде ғылыми тұжырымдамасын жасау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:
- әртүрлі тарихи кезеңдердегі оның қызметін сапалы өлшемдер өзгерісі тұрғысынан қаланың даму және қалыптасу тарихын қайта қарау мен қала тарихының хронологиялық кезеңдерін құрастыру;
- қазақстандық қоғамдағы қала рөлін және маңызын анықтау мақсаты мен Ақмола-Целиноград-Астананың маңызды даму өлшемдерін талдау;
- Ақмола-Целиноград-Астана дамуының сыртқы өлшемдерін қала құрылыс құрылымын, сәулеттік түрін және жақсы жабдықталуын зерттеу;
- жергілікті қалалық басқарудың құрылу және даму ерекшеліктерін талдау;
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет астанасын қайта көшіру мен қайта құруындағы үлесін дәлелдеп түсіндіру;
- Астана қаласының қазіргі Қазақстан тарихындағы тәуелсіз Қазақстанның саяси, мәдени және рухани орталығы ретінде орнын дәлелдеп түсіндіру.
Зерттеу нысаны: тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кездегі астанасының тарихы.
Зерттеу пәні ретінде Ақмола, Целиноград, Астана қалаларының тарихы және қала тарихының деректік негізі мен тарихнамасы, қаладағы әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық және мәдени үрдістер алынды.
Методологиялық және теориялық негізі. Диссертацияның методологиялық және теориялық негізі қаланы тұтас территориялық, әлеуметтік және мәдени құрылым ретінде зерттеуде теориялық методологиялық принциптер мен көзқарастардың жиынтығы: шынайылық, тұтастық, жүйелік, тарихилық принциптері болып табылады. Әлеуметтік гуманитарлық білімнің әртүрлі салаларында қолданылатын қала мәдениетін зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері: XIX ғасырдың 30-ы жж. –XXI ғғ. басы аралығындағы қаланың жаңа және қазіргі замандағы тарихи кезеңдерін қамтиды.
Зерттеудің аумақтық шекарасы: қала кеңістігінің құрылуы мен дамуы барысында өзгерген территорияны және өз әсерін таратқан кеңістік пен қалаға жататын территорияларды (уезд, аудан, округ) тікелей қамтиды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Қазақстанның жас астанасының тұтас тарихын жасауда өзекті мәселесін шешумен және қазақ мәдениетіндегі қаланың үлесімен анықталады.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы қойылған мәселенің өзектілігімен, деректік қорының зерттелу деңгейі, дәрежесімен, қаланы аймақтық және ұлттық мәдениет феномені ретінде кешенді зерттеу мәселесін қоюмен анықталды:
- гуманитарлық білімнің түрлі салалары тұрғысынан қала феноменінің отан және шетел әдебиетіндегі зерттелуі берілді;
- тұңғыш рет бұрын қолданыста болмаған Астана қаласының, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ресей Федерациясының Орынбор және Омбы облыстарының мұрағаттарындағы құжаттар ғылыми айналымға енгізілді;
- өркениеттік даму теориясы тұрғысынан және тарихи урбанистика негіздемелік принцип негізінде қаланың дамуы мен оның тарихын дәуірлеудің тұңғыш рет ғылыми тұжырымдамасы ұсынылды;
- қаланың сәулеттік ортасы мен жақсы жабдықталуының мәселелері тарихи тұрғыдан зерттелді;
- қалалық басқару органдарының эволюциясы зерттеліп, олардың қызметінің механизмдері мен тиімділігіне талдау берілді;
- ел орданы Астанаға көшірудің себептері мен түрлі негіздері талданды, тәуелсіз Қазақстанның жаңа нышаны Астананы жасауда мемлекет Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи орны көрсетілді;
- Астананың Қазақстан Республикасының қазіргі әкімшілік, саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретінде жаңа рөлі ашылып көрсетілді.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс атаулар мен қысқартулар тізімінен, кіріспеден, бес тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен және қосымшадан тұрады. «Мәселені ғылыми зерттеудің әдістері. Қала феноменінің әлеуметтік-философиялық түсініктемесі» атты бірінші тарауда тарихи қалатанудың мәселелері бойынша шетел және отандық әдебиеттің талдамасы беріледі. «Ақмоланың пайда болуы мен тағдыры» деген екінші тарауда Ақмоланың, Ақмола сыртқы округінің, ал 1860 ж. Бастап-Ақмола уезінің әкімшілік орталығы ретінде тарихы зерттеледі. «1917-ХХ ғасырдың 60 жж. басындағы Ақмола тарихы» деген үшінші тарауда қаланың нарықтық қатынастардан жоспарлы өндіріске өтпелі кезеңіндегі әлеуметтік мәдени дамуының ерекшеліктері қарастырылады. «ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы Целиноград» атты төртінші тарауда Целиноград қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, сәулеттік ортасы мен жақсы жабдықталу мәселелері қарастырылады. «Астана-Қазақстанның астанасы» атты бесінші тарауда қаланың мемлекеттің әкімшілік, саяси, мәдени, рухани орталығы ретінде даму тарихы қарастырылады.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
1. Қазақстандық тарих ғылымындағы қала дамуындағы өнеркәсіптің рөлі мен маңызын асыра көрсету және халық, ғылыми білім мен мәдени кешен сияқты факторларды толығымен бағаламау, қала құрылымдық үрдістердің жан-жақтылығын толық және шынайы деңгейде көрсете алмайды.
2. Ақмола, Целиноград, Астана тарихын өркениеттік даму тұрғысынан зерттеу бірнеше кезеңдерді көрсетуге мүмкіндік береді. 1832 мен 1863 жж. арасындағы бірінші кезеңде Ақмола құрылымы бір атаулы сыртқы округтың әкімшілік орталығы болды. XIX ғ. 60-ы жж. ортасынан екінші кезеңде қала – Ақмола облысының әкімшілік орталығына айналып, оның экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымы ілгері дамыды. XX ғ. 20-ы жж. мен 50-і жж. ортасына дейінгі Ақмоланың кеңестік дәуірінің үшінші кезеңі Ақмоланың Орталық Қазақстанның көлік орталығы ретінде маңыздылығының өсуімен сипатталады. ХХ ғ. 50-і жж . ортасынан 90-ы жж. басына дейінгі төртінші кезеңде Целиноградтың кейінгі социолизм дәуіріндегі дамуы қаланың әкімшілік басқару қызметінің кеңеюімен байланысты. Егемен Қазақстанның Ақмолаға астанасын көшіруі мен қала тарихының заңды нәтижесі болған дамудың жаңа кезеңіне кірді.
3. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қалақұрылымдық жоспарлардың жүзеге асырылуы қаланың орындайтын қызметтерінің маңыздылығымен байланысты болды.
4. Алғашқы кезде Ақмола-Акмолинск-Целиноград қаласының құрылысының тарихы империялық отаршылдық жоспарда жүзеге асырылды, содан кейін қала құрылысындағы ұлттық дәстүрлермен байланысы жоқ кеңестік саясаттық жобасы болды. Астананың кеңістіктегі құрылымы әлемдік мәдениетпен байланысты ұлттық кеңістіктегі басымдылықты бейнелейді.
5. Ұлттық тарихтың логикасына жазылған еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның астанасын мемлкеттің орталығына көшіру және астананы орталыққа айналдыру идеясы ұлттық жоба негізінде жүзеге асып, тоталитарлық тәртіптен нарықтық экономика жағдайындағы демократиялық мемлекетке өтудегі нақты тарихи жағдай болды.
6. Астананы жандандырудың тарихи рөлі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тиесілі еді. Қазақстанның қайта жанданудағы бейнесі ретіндегі жаңа Астананың философиясын мақсатты түрде Президент қалыптастырды.
7. Астананың тарихы Егеменді мемлекеттің қалыптасуындағы тұлғаның орнын айқындап береді. Қазақстан Республкасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың саясатындағы астананы көшіру халық пен мемлекеттің тарихи тағдырын анықтаған терең ойластырылған және ұзақты көздейтін қадам болды және саяси жүйені демократияландырудың, экономикалық өсу мен дамудың кезеңі - Қазақстан тарихындағы жаңа парақтың бетін ашты.
Диссертациялық зерттеудің тақырыбы бойынша 44 ғылыми еңбек жарияланды, соның ішінде – 1 монография, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі саласындағы бақылау Комитеті ұсынған 11 мақала, 8 шетелдегі басылымдарда жарияланды.
Summary
Alpyspaeva Galiya Aytpaevna
"Akmola, Tselinograd, Astana: historical way of formation and development"
07.00.02 - Native history (the History of the Republic of Kazakhstan)
Dissertation for the Doctoral Degree in Historic Sciences
Topicality of the problem. Scientific interest to the history of the capital’s development caused by political and administrative significance of the city in the history of Kazakhstan. Scientific analysis of peculiarities of the concrete cities’ development is necessary for the development of general problems of the history of Kazakhstan. Studying the history of the capital of the Republic of Kazakhstan bears socially political significance. Astana became a symbol of rebirth and renewal of independent Kazakhstan. The problem of studying the history of city’s culture is urgent for dynamically developing Astana in practical aims of forming complex programs.
The aim of dissertation research: to create scientific concept of historical development of Akmola-Tselinograd-Astana city as the capital of the Republic of Kazakhstan being complex sociolcultural system on the base of modern methodological approaches and complex study of city’s history. Goal achievement is realized by settling the following tasks:
- recreation of the history of the city’s formation and development in the context of quality parameters of its functions’ changes, drawing up chronological stages of the city’s history;
- analysis of essential parameters of Akmola-Tselinograd-Astana city with the aim of defining the role and significance of the city in Kazakhstan society;
- studying the outer parameters of Akmola-Tselinograd-Astana development, city’s planning structure, architectural aspect and rehabilitation;
- analysis of tendencies and problems of formation and development of local city’s management;
- substantiation of the President of the Republic of Kazakhstan N.A. Nazarbayev’s contribution in research of the phenomena in moving and creation of the state’s capital;
- substantiation of the role of Astana city in modern history of Kazakhstan as political, cultural and spiritual center of independent Kazakhstan.
The object of dissertation research: the history of modern capital of independent Kazakhstan. The subject of research is the history of Akmola-Tselinograd-Astana city, source study base and historiography of the city’s history, social-economic, political, demographic and cultural processes in the city.
The methodological base of dissertation is the totality of theoretical and methodological principles and approaches in the research of city’s phenomena as integral territorial, social and cultural education: the principal of objectivity, integral, systematic and historicism. The methods of studying city’s culture were used applying in different branches of sociohumanitarian knowledge.
Chronological framework of research involves the period of new and the latest history of the city during the 30th of XIX and beginning of XXI century.
Geographical framework of research involves directly the city’s territory which has changed during construction and development of city’s education, its territories (uezds, districts, okrugs) as well as fields belonging to the city.
Practical relevance of dissertation consists of solving actual task – creating integral history of young capital of Kazakhstan and it is defined with the contribution into studying culture of Kazakh city.
Scientific novelty of dissertation is defined with the actuality of formulated problem, level and degree of readiness of source base, task arrangement of city’s complex research as the phenomena of regional and national culture:
-
research of city’s phenomena in native and foreign literature from the positions of different branches of humanitarian knowledge is presented;
-
not used before documents from the archives of Astana city, Akmola and Northern Kazakhstan regions, Orenburg and Omsk regions of Russian Federation are introduced for the first time in scientific turn;
-
scientific concept of city’s development, periodization of city’s history in the context of the theory of civilized development and on the base of fundamental principles of historic urbanism are offered for the first time;
-
outer and essential parameters of Akmola- Tselinograd-Astana development at all stages are characterized;
-
the problems of formation of architecture environment, rehabilitation of the city in historical aspect are studied;
-
the bodies’ evolution of local management is studied, the mechanisms and effectiveness of its functioning are analyzed;
-
the factors and different aspects of moving capital to Astana are analyzed, historical role of the President of the Republic of Kazakhstan N.A. Nazarbayev in successful realization of the national project in moving the capital and creating a new symbol of independent Kazakhstan – Astana is justified;
-
a new role of Astana city as a modern administrative , political, economic and cultural center of the Republic of Kazakhstan is discovered.
The structure and content of the work. The work consists of the list of titles and abbreviations, introduction, 5 sections, conclusion, reference and enclosure. Methodological basis of city’s study as integral sociolcultural education, sociophilosophic understanding of city’s phenomena in the works of foreign and native authors, principles and methods of scientific research are considered in the first section “Methodological approaches in city’s study”. The history of Akmola as an administrative center of Akmola outer okrug and from 1860s – Akmola uyezd is examined in the second section “Origin and fate of Akmola”. The peculiarities of sociolcultural city’s development at transitional stage from market relations to planned economy are considered in the third section “The history of Akmolinsk in 1917 beginning 1960s of XX century”. The problems of socioeconomic development, architecture environment and rehabilitation of Tselinograd city are analyzed in the forth section “Tselinograd in 1960-1990s of XX century”. The development of the city as an administrative, political, cultural and spiritual center of the country is studied in the first section “Astana – the capital of Kazakhstan”.
Positions presenting at defense:
1. Dominating in Kazakhstan historical science the tendency of overstatement role and significance of industry in the city’s development and underestimation of such factors as population, scientific education and cultural complex can’t show in full measure and objectively the whole multiple aspect of city’s planning processes.
2. Studying the history of Akmola-Tselinograd-Astana city in the context of the theory of civilized development allows defining some stages. Akmolinsk settlement was an administrative center of the similar external okrug at the first stage of formation from 1832 till 1863. The city is the administrative center of Akmola region, which promoted city’s development, its economic and social infrastructure at the second stage from the middle of 1960s of XIX century. The growth of the significance of Akmolinsk as transport junction in Central Kazakhstan was noted at the third stage from 1920s and till the middle of 1950s of XX century. The development of Tselinograd at the epoch of late socialism, broadening of administrative managerial function of the city was marked at the fourth stage from the middle of 1950s till the beginning of 1990s of XX century. The city entered to the qualitative new stage setting up logical outcome of all Multiplan history of the city with moving the capital of sovereign Kazakhstan in 1997 to Akmola.
3. The level of social economic development of the city, urbanism maturity of population and realization of the city’s planning was stipulated by the significance of the city’s carried out functions.
4. The history of Akmola-Akmolinsk-Tselinograd was the realization of first of all imperial, colonial by its essential plans then Soviet political projects not connected with national traditions in city’s planning. Spatial structure of Astana reflects the strategy of including national space into the world cultural context.
5. The idea of the President of the Republic of Kazakhstan about moving the capital of Kazakhstan in the center of the state and realization of the national project in redeployment of the capital into Astana was born in the concrete historical situation at the transition of the country from totalitarian regime to the democratic state with market economy and organically inserted into the logic of the national history.
6. The historical role of the capital’s creation belongs to the President of the Republic of Kazakhstan N.A. Nazarbayev. The philosophy of the new capital as image of renovated Kazakhstan purposively is developed by the President.
7. The latest history of Astana visually demonstrates the role of personality in formation of independent state. Movement of the capital into Astana was deeply thought out and farsighted step in the policy of the President of the Republic of Kazakhstan identified the historical fate of nation and state, opened a new page in the history of Kazakhstan – the epoch of successive economic growth and development and successive democratization of political system.
44 scientific works including 1 monograph, 11 articles in publications recommended by the Committee of control in the sphere of education and science of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan, 8 in foreign publications were issued by the topic of dissertation research.
Достарыңызбен бөлісу: |