Акробатика қайдан шыққан?


Акробатикамен кімдер айналысуға болмайды?



бет3/3
Дата15.02.2024
өлшемі22.77 Kb.
#491931
1   2   3
Акробатика

Акробатикамен кімдер айналысуға болмайды?
Жаттығуға бармас бұрын балаңы дәрігерге апарып, ол толық тексерістен соң, денсаулығы жөнінде қорытынды шығарып береді. Жалпы:
– Алыстан нашар көретіндерге;
– Қимыл-тірек аппаратының жұмысы нашарларға;
– Жүрек пен буындардың ауруы барларға;
– Эпилепсия;
– Жүйке жүйесінің бұзылысы;
– Тыныс демікпесі бар балаларға акробатикамен айналысудың қажеті жоқ.
Жаттығуды қашан бастау керек?
Көптеген акробатика үйірмелерінде балаларды төрт жастан бастап қабылдайды. Сол сияқты ата-аналар спорт залында қалып, баласының алғашқы жаттығуларымен танысуына болады. Мұндай жаста бүлдіршіндер табиғат берген икемділігін жоғалта қоймағандықтап, оларға жаттығу оңайға соқпақ. Бастысы, бапкерлер балаға көп жүктеме салып, оны зорықтырып жібермеуі керек. Квалификациясы жоғары жаттықтырушылар әр баламен жеке жұмыс жасап, дәл келетін жаттығулар бере алады.
Десе де, психологтар мен педиатрлар бұл спортпен айналысуға баланы 6-7 жастан берген дұрыс деп есептейді. Бұл уақытта баланың ағзасы бекіп, сырттан келер физикалық жүктемеге толық дайын болмақ.
Бапкерлер қазіргі балалардың гиперактивті екенін айтады. «Көзіңді ала бере, олар бірін-бірі қуып, спорт залдың ана бұрышынан мына бұрышына жүгіріп жүреді. Акробатиканы оңай спорт дегендер қателеседі. Алғашқы кезеңдегі еңбек ата-анаға тікелей байланысты. Олар балаларын жаттығуға үзбей әкеп тұрса, көп өтпей, жақсы жетістіктер келе бастайды», – дейді жаттықтырушы М.Абаев, «– Жарақаттан соң, қайта келетін балалар жоғары нәтиже көрсетіп жатады».
Акробатика секциясын қалай таңдаған дұрыс?
Акробатикаға балаңы бермес бұрын, жақсы спорт мектебін таңдау керек. Іздеу барысында алдымен, жаттықтырушылар құрамы мен спортшылардың табысына мән беру керек. Баланың жетістігі бапкерге тікелей байланысты болғандықтан, балаңы тіл табыса алатын білікті маман тапқан жөн.
Акробатика жаттықтырушысы спортшының физикалық дамуының әр түрлі әдіс-тәсілдерін білуі қажет. Көп мектептер алғашқы жаттығуды тегін өткізуге шақырады. Ол сабақтар кезінде сіз бапкердің баламен жұмысын бақылап, өзіне берілген тапсырманы қаншалықты орындап жүргенін көретін боласыз. Кез келген жаттығу денені қыздырудан басталып, әрмен қарай белгілі жаттығулармен жалғасады. Сол сияқты спорттық меткепті таңдау кезінде жаттығу кестесі әр балаға жеке-жеке құрылғандығына мән беру қажет.
Әрине, спорттық ұйым техникалық қауіпсіздікке жауап бере алуы керек. Жаттығу мен хореографиялық залдар, медбөлімшесі, шешіну бөлмесі мен жуыну бөлмелері барына көз жеткізу керек. Ал мемлекеттік мектептерге түсу үшін арнайы тестілеуден өтеді, себебі, оған қабылдануға ниетті балалар жеткілікті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет