Акт нөмірі: 1118 Акт түрі: Жарлық Қабылданған уақыты: 07. 12. 2010 Деректер базасы жаңарған уақыты: 16. 11. 2011 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»


Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім



бет6/6
Дата01.06.2016
өлшемі492.5 Kb.
#106587
1   2   3   4   5   6

4.Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім

Қазіргі уақытта жоғары білім беру саясаты республика экономикасының барлық салаларының мамандарының бәсекеге қабілетті және жан-жақты мамандарды кәсіби даярлау талаптарын қамтамасыз ету қажеттігін, жоғарғы мектептің зияткерлік шамасын және тәжірибеге бағытталған іс-шараларын күшейту, оны ғылым мен өндіріспен сабақтастыру, халықаралық білім беру қалыбына (стандартына)сәйкес болуы қажеттілігі анықтап отыр.

2010 жылдың 15 қазан айының жағдайына қарай республикамызда 148 жоғары оқу орнының (9 ұлттық, 1 халықаралық, және «Назарбаев Университеті» АҚ, 32 мемлекеттік, 13 азаматтықемес, 92 жекеменшік оқу орындары, , соның ішінде 16 акционерленген) мекемелері жұмыс істеп жатыр.

2009-210 оқу жылдары 3НК статистикалық есебі келісімімен жоғарғы оқу орындарының жалпы контингенті (құрамы) 610, 2 мың адам болды. Әлемде, орта есеппен 10мың халыққа 232 студенттен келеді. Қазақстанда осы көрсеткіш 422,5 адамды құрайды.

Жоғары оқу орындарында профессорлық-оқытушылық есеп 39,2 мың адамды құрайды, оның ішінде 41 % ғылыми дәрежелері бар.

Қазақстанның Жоғарғы мектебі біртұтас білім беру кеңістігіне енетін және әлемдік білім беру деңгейі жетістігіне жетуге ұмтылуда. Алға қойылған мақсатқа жету механизмі - Қазақстан Республикасы 2010жылы енген Болон үрдісінің параметрлерін орындау.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары Болон декларациясының негізгі принциптерін жүзеге асырып келеді. Барлық азаматтық жоғарғы оқу орындарында оқу несиелік технология аясында жүргізілуде, республикамыздың 37 жоғарғы оқу орындарында қосдипломдық білім беру үрдісі, 42-сі қашықтан оқыту технологиясымен (дистнциялық) жүзеге асуда.

Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО-ның халықаралық білім беру стандартының классификациясына сай келіп отыр.

Мамандарды даярлаудың үшдеңгейлі үлгісіне (бакалавр – магистр – доктор PhD) өту үрдісі жүзеге асырылып келеді. Жоғары білім берудің сапалық кепілдігі мен қамсыздандыру жүйесі құрылды.


2009 жылы жоғарғы оқу орны мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің бакалавриат – магистратура – докторантуралық білім беру бағдарламаларын жалғастырушылығын қамтамасыз ететін мамандықтарын жіктестіру бекітілді.

Жоғарғы оқу орындарының Академиялық деңгейге еуі оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің бірден-бір көрсеткіші екенін білдіреді. Міне , сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назабаев 2010жылдың 10 қаңтарындағы өз жолдауында жоғарғы оқу орындары әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының санатына енуді көздейтінін атап өтті.

2009 жылы жоғарғы оқу орындарының Times Higher Education - QS World University Ranking (Ұлыбритания) халықаралық рейтингісі бойынша Қазақстанның 5 жоғарғы оқу орны, 2010 жылы бір жоғарғы оқу орны қатысқан болатын.

Болон шарттарының бірі есептік бірлікті жүйеге енгізу болып табылады. Несиелік технологиямен оқытуды жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстар оған европалық несиелік бірлік жүйесін үйлестіру мақсатында жалғасын тауып келеді. Мұнда отандық білім берудің дәстүрлі ерекшеліктері сақталуын есепке алып отырады. Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігі диплом Қосымшасына жалпыевропалық жүйемен салыстыру жұмысы жасалды.

Осы жүйе студенттің бір оқу орнынан екіншіісіне ауысқан уақытында білім дәрежесін өлшеу мен салыстыру нысандық критерииді қамтамасыз етуде аса қажет. Осыған байланысты ECTS типі бойынша ( есептік баллдардың европалық қайта есептеу жүйесі) есептік баллдар жүйесін жасау үшін жұмыс тобы құрылды.

Астана қаласында әлемдік деңгейдегі мәртебелі отандық инженер- техниктер мен ғылыми кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін «Назарбаев Университеті» жоғарғы оқу орны жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта университет бағдарламасы «Назарбаев интеллектуалдық мектептері» орта білім беру бағдарламаларымен жалғастығын табуын қамтамасыз ететін болады.

Экономикадағы болып жатқан өзгерістерді тез арада сезіне білушілігін дамыту мақсатында мемлекеттік жалпыбілімберу стандарттары құрылымы оқу бағдарламасының мазмұнын анықтауда жоғарғы оқу орындарының академиялық еркіндігі, таңдау бойынша компонент кеңейтілді – бакалавриатта 40 % тан 50 % дейін, магистратураға 50 % ден 60 % дейін және докторантура 70 80 % дейін.
Жоғарғы оқу орнының мекемелерінде білім беру , ғылым және өндірісті жалғастырып жатқан әр алуан профильдік ғылыми орталықтар, жатқан жаңа технопарктер, құру бойынша білім берудің инновациялық инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

2007 жылы республикалық бюджеттің есебінен АҚШ-тың 16,67 млн. Долларына (2 млн. теңге) инженерлік профильдегі 10 университеттік зертханалар құрылды. 208 жылы республикалық бюджеттің есебінен АҚШ-тың 8,33 млн. Долларына (1 млн. Теңге) инженерлік профильде тағы 5 зертхана құрылды. Аталмыш зертханалардың ғылыми ресурстарын ғылыми орталықтардың, зерттеу институттарының ғалымдары және университет мұғалімдері пайдалана алатын болады.

Заманауи әлемде елдің әлеуметтік-экономикалық жетілдіру субъектілері болып табылатын жағдайлары мен қызметтері, құрылымдары өзгеріп жатыр. Университет білім беру жүйесінің ғана емес, тұтастай алғанда қоғамның да локомотиві болуы керек. Осыған орай 2008 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарын басқарудың әріптестік органдарының жұмысын кеңейту мен басқаруға жұмыс берушілерді тарту, қамқорлық кеңесті құру жолымен корпоративті менеджмент үрдісі енгізілуде.

Қамқорлық кеңестері 65 жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеп жатыр. Университетті корпоративті басқаруды енгізуде Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған үлкен жұмысы болып табылады және әкімшілік реформасы шарттарына сәйкес болып табылады. Аталмыш еңбек жоғарғы оқу орындарында демократияландыру жүйесіне игі әсерін беруде.

Институттық аккредитацияның ұлттық қалыптары (стандарттары) мен белгілері (критерилері) бекітілді. 2008-2009 жылдары 5 ұлттық жоғарғы оқу орны - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (кейін – Әл Фараби атындағы КазНУ), К. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (кейін – Абай атындағы КазНПУ), Л. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университет (Л.Гумилев атындағы ЕНУ) және Қазақ ұлттық аграрлы университеті (кейін КазНАУ) ASIIN және ACQUIN (Германия), ABET (АҚШ) атты шетел аккредитациялық агенствосымен білім берудің бағдарламасының халықаралық мамандандырылған аккредитациясынан өту келісіміне келді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекет қорынан 60млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.

2010жылы Әл Фараби атындағы ҚазНУжәне Қ. Сәтпаев атындағы ҚазНТУ 21 білім беру бағдарламасы бойынша өз қаражаттары есебінен халықаралық аккредитациядан өтті. Абай атындағы ҚазНПУ, Л. Гумилев атындағы ЕНУ және КазНАУ халықаралық аккредитациядан өтуді жалғастырып жатыр. Сонымен бірге, 2009 жылы 4 білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан-Британдық техникалық Университет халықаралық аккредитациядан өз еркімен өтті.

2009 жылы МОН (кейін НАЦ) Ұлттық аккредитациялық орталығының Аккредитациялық кеңесімен 9 қазақстан университетін 5 жыл мерзіміне ұлттық институттық акредитациясы туралы жағымды шешім шығарды. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында ұлттық институционалдық аккредитациядан 13 қазақстан жоғарғы оқу орындары өтті.

(ҚазТЕСТ) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің деңгейін бағалау жүйесі жетілдірілу жұмыстары жүргізілуде. Тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің халықаралық жүйенің талаптарына сәйкес тест тапсырмалары мен өлшеу материалдарының нормалық негізін құрастыру жұмыстары жасалды. Қазақ тілін оқытуды жүйелендірудегі және тілді меңгеруді бағалаудағы мемлекеттік стандарт бекітілді.

Нормативтік құжаттармен және мемлекеттік стандарттармен сәйкес сөйлеу қызмет түрлер бойынша тестілік тапсырмалардың базасы құрастырған. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен тестілеу технологиясын жүргізу жұмыстары жасалды. 2008 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақ» халықаралық стипендиясына ұсынылғандарға тест жүргізілуде.


II. Экономиканың жеделдетілген диверсификациясын ғылыми түрде қамтамасыз ету.

Ел оқымыстыларының қызметі республикалық мақсатты және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар, фундаменталды зерттеу бағдарламаларына және Қазақстандағы инновациялық қызметтің дамуына бағытталып отыр.

Ғылымның дамуы 6 басым бағыттарға шоғырландырылған: нанотехнологиялар және жаңа материалдар; биотехнологиялар; көмірсутекті және таулы-металлургиялық секторлар және онымен байланысты сервистік салаларға арналған технологиялар; ядролық технологиялар және жаңартылатын энергетиканың технологиялары; ақпараттық және ғарыштық технологиялар; ұлттық ой тұрақты даму негізі ретінде.

Елде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын 421 ұйым жұмыс жасайды, олардың ішінен 141 – мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттары. Ғылыми зерттеулер және әзірлемелермен 16,3 мың адам айналысады(2006 ж. – 19,56 мың.; 2007 ж. – 17,77 мың.), оның ішінде зерттеуші-мамандар – 10,8 мың.адам (2006 ж. – 12,4 мың.; 2007 ж. – 11,5 мың.).;


2007-2010 жж. Ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру көлемі 16,9 млн.теңгеден 20,0 млрд.теңгеге немесе 15,5% пайызға дейін ұлғайды.

Қазақстан ғылымының мемлекеттік қаржыландыруының деңгейі соңғы 3 жылда 0,22% пайызды құрап отыр. АҚШ долларына қайта есептей келе ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық әзірлемелер (әрі қарай- НИОКР) Қазақстандағы тұрғындарға шамамен жылына 15 долларды құрайды (салыстыру үшін, Ресейде – шамамен 70; АҚШ – 892, Швецияда – 875, Финляндияда – 726 доллар).

Ғылыми инфрақұрылымды дамыту мақсатында ғылымның басым бағыттары бойынша ұжымдық қолданыстағы 5 ұлттық зертхана жасалған және жабдықталған. Жетекші жоғарғы оқу орындары жанында инженерлік бағыттағы 15 зертхана ашық және қызмет жасайды. 6 инновациялық-білім беру консорциумдары жасалған, оның ішінде екеуі халықаралық.

Ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау үшін шаралар қолданылып жатыр. Құстардың жоғары копатогенді тұмауына отандық вакцинаны шығару реттелген (2008-2009 жылдары 7,7 млн.доза шығарылған). Налажен выпуск отечественной вакцины против высокопатогенного гриппа птиц (в 2008 – 2009 годах произведено по 7,7 млн. доз). A/H1N1 тұмауына инактивирленген вакцинаны (екпе) дайындау технологиясы әзірленді. Қарағандылық фармацевтикалық кешенде түпнұсқалы фитопрепараттардың 20 млн. орам шығарылымы қамтамасыз етіледі. Жаңа 110 жұмыс орындары ашылған.

«Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде гуманитарлық бағыттағы 6 ғылыми-зерттеу ұйымдарымен 70 тен астам ғылыми жобалары орындалған. Нәтижесінде ұлттық және дүниежүзілік ғылыми ойдың басылымдары, әдебиеттер әзірленген, 230 дан астам кітап шығарылған.

2009 жылы шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан 120 қазақстандық оқымысты, оның ішінде жас оқымыстылар өтті. Ағылшын тілінің курстарында ғылыми ұйым базасында оқыту жүйесімен 203 адаммен қамтылған.

Интеллектуалды меншік Институтының деректеріне сәйкес 2010 жылы шығаруға 1 168 күзет құжаттары берілген, оның ішінде 168 патент, 21 патент алдындағы құжат, 821 инновациялық патент берілген.

2008 жылы іске асырылған ғылыми-техникалық бағдарламалардың нәтижесінде отандық және шетелдік басылымдарда 9 045 ғылыми баптар шығарылған. 1 097 әдістеме, тәжірибелік құралдар, оқу құралдары, бағдарламалар, электрондық оқулықтар және т.б. әзірленген. Басылымдық белсенділіктің анағұрлым үлкен деңгейі 1 қызметкерге фундаментальді зерттеулер бағдарламалары бойынша 0,8 деп белгіленіп отыр.

Соңғы жылдар ағымында жалпы санына халықаралық журналдарда қазақстандық оқымыстылар басылымдардың ара қатынасы өзгеріссіз қалып отыр, шамамен 6% пайызды құрайды. Қазақстандық оқымыстылардың шетелдік үлесі жалпы әлемдік ағында 0,017% пайызға тең. Халықаралық агенттіктердің деректері бойынша Қазақстан, 5 жыл ішінде 1000-10000 басылымы бар 46 елдің ішінен алынған топқа жатқызылған.

Қазақстандағы ғылыми-техникалық дамудың макроэкономикалық талдауы, соңғы жылдары ВВПға жаңа ғылыми өнімнің үлесі 1,1% пайыздан аспайды, ғылыми өнімді өндіру бойынша кәсіпорын белсенділігі – 2,3%.

Жақын және алыс шет елдерімен Қазақстан оқымыстыларымен қызметтестік дамып келеді: Ресей, Беларусия, АҚШ, Қытай, Үндістан, Германия және басқалары. «2007-2009 жылдарға ғылым аясында Халықаралық қызметтестік» ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде 92 бірлескен жобалар орындалған.

Ғылыми-техникалық салада нормативті және құқықтық база жетілдірілуде. Министлік Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» және «Ғылым сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары әзірленген және енгізілген.

«Ғылым» туралы заң жобасында ғылыммен қаржыландыру және басқару жүйесін жетілдіру бойынша нормалар; ғылыми жобалардың халықаралық сараптамасын енгізумен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама Ұлттық орталығының ұлттық ғылыми кеңес сұрақтары қарастырылып жатыр; қаржыландырудың жаңа түрлерінің механизмдері, университеттік ғылымды, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерциялауды ілгерілету.


III. Жастардың мемлекеттік кепілдіктері мен әлеуметтік құқықтарын іске асыру.

Қазіргі кезде Қазақстандағы жастар саны 4,35 млн. адамды немесе халықтың барлығынан 29% пайызды құрайды, бұл кездегі ауыл жастарының үлесі 2,15 млн.адам немесе жастардың жалпы санынан 49% пайызды құрайды. Жастар саны бойынша ең үлкен аймақ болып саналады: Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облысы және Алматы қаласы.

2005 жылмен салыстырғанда жастар ұйымының саны ұлғайып, 2009 жылы 743 құрады. Олардың қызметтеріне қатысатын жастардың үлесі жалпы санынан 25% пайызды құрайды.

Астана, Алмата қалаларының облыстарында республикалық әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік мәні бар тақырыптың қалыптасуы үшін зерттеулер, сауалнамалар және фокус-топтар жүргізу жолымен жас көшбасшы мен жастардан ұсыныстар жинау жүргізіледі.

Жергілікті бюджеттен жастар бастамышылығын қолдауға кеткен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 2009 жылы 263 млн. теңгені құрады, бұл кезде 2008 жылы – 146 млн.теңгені, 2007 жылы – 110 млн. теңгені құраған болатын. 2009 жылғы жастар саясатын іске асыру бойынша күтілген нәтижелерге қол жеткізілді.

Өткен жылдармен салыстырғанда іске асырылған жобалардың санының өскендігі байқалып отыр. 2007 жылы әлеуметтік мәні бар іске асырылған жобалар 31, 2008 жылы – 22, 2009 жылы – 26, 2010 жылы – 32 құрады. Жастарға арналған ресурстық орталықтардың саны ұлғайды. 2007 жылы олардың саны 8, 2008 жылы – 12, 2009 жылы – 17 құрады.



 

 

Блог



















© Karim Massimov 2011

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет