Al-Farabi Kazakh National University мрнти


Білім беруді әлеуметтік жаңғыртуда кафедраның



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата09.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#498142
1   2   3   4   5   6
Қазақша статья

Білім беруді әлеуметтік жаңғыртуда кафедраның
интеллектуалды мүмкіншілігі
Мақалада білімді әлеуметтік жаңғыртуда кафедраның интеллектуалды әлеуетін пайдалану 
әдістері қарастырылады. Қазақстандық білім беру «5 институционалдық реформаларды жүзеге 
асыру үшін 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. 
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде барлық кафедралар бай дәстүрлерге, 
тәжірибеге және ғылыми беделге ие болып отыр. Ғылыми ізденіске оқытушылар ғана емес, 
сонымен қатар көпшілік студенттер, барлық магистранттар және докторанттар қамтылған. 
Сондықтан біз шын мәнінде қазіргі заманғы терминология тілімен зерттеу университеті болып 
табыламыз. Біз турбуленттілік, яғни тарихи уақыттың қарқынды жылдам өту жағдайында өмір 
сүріп жатырмыз, сондықтанда ғылымның жылдам дамуына, әр 3 жыл сайын өзгеріп отыруына 
әкеледі. Бұл жас мамандарға жаңа мамандықтарды игеруге дайын болу үшін, жаттанды 
білімге негізделген сөзжұмбақтан бас тартып, энциклопедиялық білім беруді қажет етеді. 
Осы мақсатта кафедра «білім», «түсіну», «құзыреттілік», «талдау-синтез», «бағалау», «сыни 
ойлау» бағдарламаларын жүзеге асырады. Осының арқасында бірыңғай, органикалық өзара 
байланысқан, үздіксіз білім беру жүйесі құрылды. Президенттің гуманитарлық білім беруді 
жаңғырту жөнінде тұжырымдамасының негізінде, әлеуметтанушының қазіргі заманғы үлгісі 
жасалды. Жаңа бағдарламаға көшу үдерісінде Қазақстанда әлеуметтанулық білім беруде – 
институционализация, академиялық білім, кәсіби білім және ғылымның дамуымен байланысты 
әртүрлі бір-бірімен байланысқан үрдістерді басынан өткеріп отыр. Академиялық және кәсіби 
білімнің қалыптасуы институционализация үрдісінің екі жағы ретінде түсіндіріледі.


Вестник. Серия психологии и социологии. №4 (63). 2017
36
Интеллектуальный потенциал кафедры в социальной модернизации образования
Заманауи әдіснаманы, сондай-ақ синергияны, үлгілеуді, жүйелік және салыстырмалы 
тарихи әдістерді қолданып, сауалнамаларды, сұхбаттарды, бақылауды және құжаттарды 
талдауды қолдана отырып, әлемдік әлеуметтану қоршаған әлемнің құпиясын ашуға тырысады. 
Әлеуметтанушылар топтық қысым және көшбасшылық, этносаралық қақтығыстардың, азаматтық 
соғыстар мен төңкерістердің пайда болуы заңдылықтарын, тобырдың қалыптасу механизмдері 
мен бұқаралық мінез-құлықты, сән алмасуы, тұрғындардың көші-қонын, ұсыныс пен сұраныстың 
ауытқуын, саяси режимдердің алмасуын, ғылымның интеграциялануы мен дифференциациялану 
қағидаларын анықтады. Қазіргі кезде кафедра өз қызметкерлерін күрделі мәселелерді зерттеуге 
және және дағдарыстан шығу жолдарын іздестіруге, ғаламдық мақсатқа жету мәселелері 
республиканың тәуелсіздігі, азаматтық қоғамды нығайту, демократиялық, әлеуметтік 
және құқықтық мемлекетті құру, әлеуметтік жаңғырту, жаңа технологиялық, құрылымдық, 
институционалдық негізде ұлттық нарықтың қалыптасуын қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуге 
бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет